Текст
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 6 "А" сыныбында "Не? Қайда? Қашан? интеллектуалды ойыны өтті. Мақсаты: балалардың сыни ойлауын, алғырлығын қалыптастыру. Тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, егемендігі, дамуы туралы мәлімет беру, тәуелсіздікке 30 жылда қалай жеткендігі жолдарын баяндау. Оқушыларды өз тәуелсіз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, отаншылдыққа, елжандылыққа, Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Ұзақбай Г.Ж.