Астрахан ауданының білім бөлімінің басқармасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Білімді Ақмола» көрмесін ұйымдастырып, өткізді.
Көрменің мақсаты – мектепке дейінгі, орта, қосымша білім беру саласындағы жетістіктерді көрсету, қазіргі заманда білім берудің басымдығы мен мектеп мұғалімдерінің құзыреттілігін насихаттау.
«Ауданның тарихы, белесті бағындырған түлектер», «Мектепке дейінгі білім беру», «Мұғалімдер шығармашылығы», «Оқушылар жетістігі», «Спорттық жетістіктер», «Робототехника», «Шығармашылық жұмыстар», «Өнер» атты іс- шаралар түрлі павильондардан тұрды.
Көрмеге білім бөлімінің басшысы Гүлсім Таңтайқызы, педагогикалық еңбек ардагерлері, мектеп директорлары қатысты. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде көрменің тікелей трансляциясы ұйымдастырылып, мұндай мазмұнды әрі қызықты оқиғаны барлығы тамашалады.
Бұл көрмеде «Робототехника» павильонында « Первомай ауылының ЖОББМ» КММ оқушылар орындаған жұмыстары көрсетілді, жетекшісі информатика мұғалімі Л.Н.Мухамадиева. .