«Өзін-өзін тану: шығармашылық пен махаббаттың педагогикасы» онкүндік аясында "Первомай орта мектебі" ММ- де өзін- өзі тану пәні бойынша ашық сабақ
Сабақ : Өзін-өзі тану Орта мерзімді жоспар бөлімі: Адам бoлам дeсeңіз |
Мектеп: «Первомай орта мектебі» ММ |
|
Күні: 06.02.2020 |
Мұғалімнің есімі: Кыдырбаeва E. К |
|
Сынып 3«А» |
Қатысқандар саны :4 |
Қатыспағандар саны:0 |
Сабақ тақырыбы |
Жомарттық пен кеңпейілділік |
|
Сабақта негізделген оқу мақсаты |
Әрбір баланың табиғатына берілген жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындау |
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: жаңа білімнің тақырыбын анықтау, негізгі ойды табу. Көптеген оқушылар: дәйексөздің мағынасын түсініп, шығармашылыққа негізделген сұрақтар қою. Кейбір оқушылар: берілген тақырып бойынша ой қорыту жасау. |
||
Бағалау критерийлері |
|
||
Құндылықтарды дарыту |
Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу. Жеке және топта жұмыс жасай алу, ынтымақтастық. |
||
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану, қазақ тілі. |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; |
||
Алдыңғы білім |
Екінші тоқсанда өткен білімді еске түсіреді. |
||
Саралау |
|
||
Бағалау |
|
||
Сабақтың барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 3 минут
10 минут |
Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасып, сабағымыз қызықты әрі тиімді өту үшін «Өзін – өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталаймыз: Тәртіп, талап, тыныштық, тазалық, татулық.
Жаймен музыка әуені Тыныштық сәті: Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырып, денелеріңізді түзу ұстап, аяқ – қолдарыңызды айқастырмай, қолдарыңызды үстелге қойып, көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіздер: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істерді атқарады және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр шұғылана бастап, сіздің денеңізден шығып жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңыз бен таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей ренжіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, Олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: Барлық адамдарға, жан – жануарлар мен өсімдіктерге барлық тірі жанға таралсын.... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “ Мен Нұрмын... Нұр менің ішімде... ”. Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Жаймен көздеріңізді ашуға болады. Рахмет Сұрақтар: 1 Қандай сезімде болдыңыздар? 2 Өз нұрыңызды кімге бағыттадыңыз? Oқушылар жауабы Әңгiмелеу (Мұғалімнің сыйы). Жомарт пен сараң бейнеролигін көрсету Сұрақтар: - Неліктен хан уәзірлерін сынады? - Хан қандай шешімге келді? - Кейіпкелердің қайсысы жомарттық танытты? - Ханның орнында болсаңдар не істер едіңдер? - Ертегіден қандай құндылықты байқауға болады? Оқу мақсатын таныстыру Күтілетін нәтижені анықтау |
5«Т» ережесі: 1.Тәртіп 2.Талап 3.Тыныштық 4.Тазалық 5.Татулық Музыка әуені
|
|
Сабақтың ортасы
2 минут
5 минут
10 минут
3 минут
5 минут |
Пейілі кең адам – қолында барын аямай, кем – кетікке барын бөліп беретін адам – жомарт адам және «жомарттық пейілмен болады» . Дәйек сөз. Адамның қадірлісі - жомарт кісі Жүсіп Баласағұни Сұрақтар: - Дәйексөзді қалай түсінесіңдер? - Қандай адамды жомарт, кеңпейіл деп айтамыз? Неліктен? - Айналадағы адамдарға риясыз көмек көрсету деген не? - Иә, балалар жақсылық жасағанда, кем кетіктерге көмектесер болсаңдар, оны жария етпей құпия сақтаған дұрыс, және мен жомарттық жасадым, мен жақсылық істедім деп барлық жүрген жерінде айтып жүрудің қажеті жоқ. Естеріңде болсын: жаны жомарт, қолы ашық, кеңпейілді адам өз ортасында сыйласымды, жарасымда өмір сүреді. Жомарт болу үшін дүние – дәулеттің болуы шарт емес. Оқулықпен жұмыс «Жомарт» мәтінді түсініп оқу Сұрақтар: 1.Атымтай жомарттықты қалай түсіндірді? 2.Жомарттық жасаған адамды қалай сипаттар едіңдер? 2.Жомарт адамдардан қандай үлгі алуға болады? 3. Жомарт жасау үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек? 4. Өздерің жомарттық, кеңпейілділік танытқан кездерің болды ма? Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Сыныпты 2-топқа бөліп, әр топқа тапсырма беру. І топ. Жомарттық, кеңпейілдік сөздерін қатыстырып, өлең құрастыру. 1)...........................болмасын, (сараңдық) ............................ қолдасын. (әділдікті) .............................қарасақ, (жақсылықпен) .............................болашақ (нұрлы болар) ІІ топ. 2)...........................қиянат,(жақсылыққа) ...............................ұялат.(жасаған) ................................жүрейік,(кеңпейіл боп) ...............................білейік.(жомарттықты) Дәптермен жұмыс Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді жазыңдар. Қажетті сөздер:жомарттық, жақсы,кең, сыйлық, жолы ашық, жомарт, кеңпейілділік, жомарттық. .................................. бергенін айтпайды.(Жақсы) .................................. жолыңды ашады.(Жомарттық)
Сыйлықтың жақсысы шын көңілмен берген. Қолы ашықтың - ....... ............ .(Жолы ашық) ...... ..... ішінде кен жатады.(Жомарт адамның)
Топпен ән айту. «Бала тілегі» Әнін жазған: Ф. Жолдасова Сөзін жазған: С. Молдасанұлы Бал-балалық,балдырған шақ сан арман, Барлық бала армандауға жарлған Кел,достарым,әндетіңдер,билеңдер, 2рет Гүлденсін деп атмекен-қара орман.
Болашақтың иесіміз бәріміз, Туған жердің түрлендірер нәріміз. Алтын бесік-ұлан байтақ елімде, 2рет Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.
Қалықтаған көгершіні көгінде, Мүңаймасын ешбір бала елімде. Ата берген батаменен көркейсін, 2рет Ұлы Отаным,тілегім сол менің де. |
Белсенді оқу тапсырма лары.
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
|
|
Сабақтың Соңы
2 минут |
Қорытынды: «Ақкөңілділік, жайсаң мінезділік, дарқандық, мырзалық жомарттықты білдіреді. Адамның кеңпейілділігі риясыз жақсылықтар мен игі істерден көрінеді. Мырзалық, қолы ашықтық, дарқандық, кеңдік, молқолдылық жомарттықты білдіреді. Адамның жомарттығы бір адамның екінші адамға қайтарымсыз, міндет етпестен қызмет қылып, жақсылық жасауға кеңпейілділігінен, нақты ісінен көрінеді. Жомарт болу үшін дүние дәулеттің мол болуы шарт емес. Оны өздерің ертегіден көрдіңіздер. Соңғы тыныштық сәтi. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады. Мұғалім жай дауыспен: - Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Бүгінгі сабақ үшін сіздерге көп рахмет! Сау болыңыздар! |
Оқушылар дың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету. |
|
Үй тапсырмасы. 101 беттегі Ермек Өтетілеуұлының «Жомарт» әңгімесін оқып келу. Дәптердегі 50 бет. |
|||
Қосымша ақпарат |
|
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері Сынып оптық жұмысқа ыңғайлы түрде жабдықталады. Оқушыларға түрлі әрекеттермен жұмыс жасау ұсынылады. |
|
Рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім ? |
|
Қорытынды бағамдау |
|
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |