«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Первомайка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ"Общеобразовательная школа села Первомайка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кітап әлемінде

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 
 
Министерство образования и науки Республики Казахстан Национальная академия образования им.И. Алтынсарина 
 
 
 
 
 
 
БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ АЯСЫНДА  МЕКТЕП КІТАПХАНАЛАРЫ РЕСУРСТАРЫН ДАМЫТУ  
 
Әдістемелік ұсынымдар 
 
 
 
РАЗВИТИЕ РЕСУРСОВ ШКОЛЬНЫХ БИБЛИОТЕК В РАМКАХ ОБНОВЛЕНИЯ СОДЕРЖАНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ 
 
Методические рекомендации  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана 2016 

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2016 жылғы 17 наурыз № 3 хаттамасы)  
 
Рекомендовано к изданию Ученым советом Национальной академии образования им. И. Алтынсарина (протокол № 3 от 17 марта 2016 года)  
 
 
Білім мазмұнын жаңарту аясында мектеп кітапханалары ресурстарын дамыту бойынша. Әдістемелік ұсынымдар. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016. – 64 б. 
 
Развитие ресурсов школьных библиотек в рамках обновления содержания образования. Методические рекомендации. – Астана: НАО имени И. Алтынсарина, 2016. – 67 с. 
 
 
Әдістемелік ұсынымда мектеп кітапханалары ресурстарын дамыту мәселелері, оның еліміздің аймақтарындағы қызметі, жаңартылған білім мазмұны контекстінде оның мәселелері мен ахуалы қарастырылған. Заманауи инновациялық кітапханалық технологиялармен жұмыс талдауы, мектеп кітапханасының кадрлық және қордың қамтамасыз ету жағдайы беріліп, мектеп кітапханасы ресурстық базасын жетілдіру бойынша халықаралық алдыңғы қатарлы тәжірибелер негізінде ұсынымдар әзірленген.  Әдістемелік ұсыным білім басқармасы ұйымдарының қызметкерлері, білім беру ұйымдары басшылығы, мектеп мұғалімдері мен кітапханашылары, біліктілікті арттыру институттарының мұғалімдеріне арналған.  
 
В методических рекомендациях рассмотрены вопросы развития ресурсов школьных библиотек, их деятельности в регионах Республики Казахстан, состояние и проблемы в контексте обновления содержания образования. Дан анализ работы с современными инновационными библиотечными технологиями, состоянию кадрового и фондового обеспечения, разработаны рекомендации на основе международного передового опыта по развитию и совершенствованию ресурсной базы школьных библиотек. Методические рекомендации предназначены для представителей органов управления образованием, руководителей организаций образования, институтов повышения квалификации учителей, библиотекарям и учителям школ.  
 
 
© Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016 © Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2016 

Кіріспе 
 
Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясында«Жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» деп атап көрсеткен[1]. Қазіргі жағдайда мектеп өзінің білімі мен мәдениеті деңгейін үнемі көтеруге, өзіне әрі қоғамға пайда келтіруге және үнемі өзгермелі өмірде табысты болуға қабілетті, жоғары өнегелі, шығармашыл, сыни тұрғыда ойлайтын тұлғаны тәрбиелеу, оқыту және дамытуы керек[2].  Бүтіндей еліміздің даму стратегиясы және соған сәйкес білім беру жүйесін дамыту стратегиясының негізгі міндеті – білім сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету.  Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымның дамуы бағытының белгіленген басымдылығы шеңберінде білім беру мазмұнын жаңарту бойынша елеулі жұмыстар жүргізілуде. Жаңартудың негізгі мақсаты, ол – орта білімнің сапасын көтеру.  Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір рухани қазына ордасы – мектеп кітапханасының алар орны зор. Мектеп кітапханасы бүгінгі жаңартылған білім мазмұнының ресурстық орталығы. Өскелең ұрпақтың талаптарын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту тұрғысында мектеп кітапханасының қосар үлесі бар. Мектеп кітапханасының қызмет аясын кеңейту, қорын пайдалану, соның ішінде мектеп кітапханасы – оқушыға әдебиет таңдау, оқырмандық қызығушылығын кеңейту, мұғалімге кәсіби өсуге көмектесуші, оқуға, дүниені тануға қозғау салушы болып табылады.  Мектеп кітапханасы қазіргі таңдағы жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі. Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыруға, ақпаратқа қол жеткізуге, соның ішінде өзіне қажетті білімді іріктеп, таңдап алуға үйрету. Ол мектеп оқытушылары мен оқушыларына білімдік орта құру арқылы ақпараттар көзінің мүмкіндіктерін аша отырып, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.  Қазіргі ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беруде оқытудың озық технологияларын меңгеру қажеттілігі туып отыр. Мектеп кітапханасы білім алу және ақпараттарға негізделген, қазіргі қоғам өміріне ойдағыдай қатысу үшін ең маңызды болып табылатын, ақпараттарды алу және идеялармен танысуға мүмкіндік береді. Оқытуға байланысты қызмет көрсетіп, кітаптар мен материалдар, мектеп қоғамдастығының барлық мүшелеріне сыни тұрғыдан ойлауға, дағдылануға мүмкіндік береді және барлық тасымалдағыштар мен әртүрлі форматтағы ақпараттарды қолдануға тиімді болып табылады.  Ақпараттық кеңістікті кеңейту және әлемдік қоғамдастыққа ену, адами 

ресурстарды қалыптастырудағы білім берудің рөлін арттыру жағдайында мектеп кітапханасының жүйесін жаңа тәсілдерге бағдарлау маңызды. Мектептерді жаңа білім беру стандарттарына көшіру, инновациялық, ақпараттық технологияларды енгізу мектеп кітапханаларының білім беру кеңістігінде бірінші орында тұруына мүмкіндік бермей отыр. Әдістемелікұсынымдаманыңмақсаты – бүгінгі инновациялық процестер кезеңінде мектеп кітапханасына да заман талабына сай жаңаша келбет, жаңаша серпін қалыптастыру. Кітапханашылардың қоғамдық дәрежесін арттыру. Кітапхана ісін қалың оқырман арасына жарнамалау, оқырмандар санын көбейту, жаңартылған білім беру жағдайындамектеп кітапханаларына жаңаша тәсілдерді бағдарлау болып табылады.  Міндеті: • кітапхананы білім мен жаңа технология үндескен қазіргі заман талабына сай мәдени орталық ретінде қалыптастыру;  • білім беру мекемелерінің ақпараттық білім беру орталығы ретінде кітапхана ресурстарын пайдалануға мүмкіндік беру; • әлеуметтің оқу-тәрбие процесіндегі барлық қажеттіліктеріне жауап бере алатын білім-мәдени жұмыстарын жаңдандыру; • мектеп кітапханашыларының рөлін арттыру, білім алушыларды кітап оқуға, оны сүюге, қастерлеуге баулу. Аталғанәдістемелікұсынымдардықолдану мектеп кітапханасын жүргізуге байланысты мәселелерде кітапханашылар, басшылармен педагог қызметкерлердің зейіндерін шоғырландыруға мүмкіндік береді.  
 
 
 

1 Білім мазмұнын жаңарту контексіндегі мектеп кітапханалары қызметінің жағдайы мен мәселелері  
 
Мектеп кітапханасы – мектептің мәдени, білім беру және ақпараттық орталығы, балаларды оқуға тартудың бастапқы буыны. Сондықтан да мектеп кітапханаларының материалды-техникалық базасын нығайту, заманауи ақпараттық технологияларымен жабдықтау, қорларды жинақтау сапасы, мектеп кітапханашылардың біліктілігін көтеру т.б. мәселелер бүгінгі таңда әлі де өзекті болып отыр.Мектеп кітапханасы ақпаратттар мен жаңа сыни ойлардың ордасы. Қазіргі ақпарат пен білімнен құралған заманда баланың жетіліп, дамуына, қалыптасуына кітапхананың маңызы өте зор. Мектеп кітапханасы үздіксіз өзінөзі тануға,денсаулығына жауапты және белсенді қарауына үлесін қосып, қалыптасуына жәрдем жасайды. Кітапхананың басқа түрлеріне қарағанда мектеп кітапханасы тек қана оқырмандармен емес, білім алушылардың барлық контингентімен жүйелі және мақсатты түрде жұмыс жасайды, оның мектепте жыл бойы жұмыс жасай алуға мүмкіндігі бар. Балалармен жұмыс жасаудың басты бағыты – білім алушылардың тұлғалық әлеуметтенуі мен дамуы, руханиадамгершілік мәдениеті, ақпараттық ресурстардың барлық түрлері мен деңгейлерін пайдалануға үйрету, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, кітапхананы пайдалануға дағдыландыру.  Мектеп кітапханасы оқырман келіп кітап алатын жер ғана емес, ақпараттық, сарапшылық ресурстарын пайдалануға арналған инновациялық орталық. Мектеп кітапханасы ақпараттармен қамтамасыз ету, білім, сауаттылық сонымен қатар, әлеуметтік және мәдени даму, экономикалық салаларда кез келген ұзақ мерзімді стратегияда басты маңызға ие болады. Сондықтан Елбасының жылдағы дәстүрлі Жолдауында мәдениет саласы да ұмыт қалмайды, соның салдарынан кітапхана мәселелесі жыл санап біршама алға жылжып, кітапхана сөрелері жаңа кітаптарға көбейіп, мектеп кітапханасын жетілдіру бойынша халықаралық алдыңғы қатарлы тәжірибелер енгізіліп келеді. Электрондық ресурстарды ұйымдастыру және жинақтау (кітапханаларда интернет пен компьютерлер, дербес интерактивті тақталар (ДИТ), электрондық жеткізгіште ақпараттық ресурстарды өндеу және іздеу, бағалауға мүмкіндік жасау, ақпараттық-талдау қорларын қалыптастыру мақсатында электрондық каталог және картотека жасау).  Мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасын нығайту, заманауи ақпарат технологияларымен жабдықталуы, алыс-жақын шет мемлекеттерден анағұрлым артта қалып отырғанымызды көрсетеді. Оқырман сұранысына сай алуан түрлі әдебиеттердің болуы, озық кітапханаға арналған техникалармен жабдықталуы, кітапханалық ақпараттық жүйемен (мысалы КАБИС, ИРБИС, АБИС т.б.) қамтамасыз етілуі-сынды мәселелер толыққанды шешілмеген мектеп кітапханалары бар, бұл мектеп кітапханаларының көпшілігіне тән жағдай. Білім беру ұйымындағы кітапханалардың маңызды рөлі электронды оқулықтар, компьютерлер, ақпараттық технологиялар болып табылады. Онсыз оқушылардың оқуын заманауи үрдісте дамыту мүмкін емес. 

Мысалы, Оңтүстік Кореяда кітапхана жүйесі жақсы дамыған, техникалық жабдықталуы жоғары дәрежеде. 1200 балаға бір кітапханашы қызмет көрсетеді. Мектеп кітапханасында оқырманның кітапханамен жұмыс жасауына барлық жағдайлар жасалып, жақсы жабдықталған. Кітапхана білім беру ресурстары – оқулықтардан өзге танымдық, ғылыми-көпшілік, көркем әдебиеттер, электронды онлайн деректер базасымен қамтамасыз етілген. Оқырмандарға электронды қызмет көрсетіледі. Оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылады. Елімізде жалпы білім беретін мектептерде мектепалды даярлықпен қоса сыныптың санына байланысты мектеп кітапханасының штаттық бірліктер мөлшері[3] төменде көрсетілген (1-кесте). 
 
1-кесте – Орта білім беру ұйымдары кітапханаларының үлгілік штаттары 
 
Лауазым атаулары 
Мектепалды даярлықпен қоса сыныптың санына (сыныпкомплект) байланысты штаттық бірліктер мөлшері 6 дейін 6-10 11-13 14-16 17-20 21-29 30 жоғары 
Кітапхана меңгерушісі 
- - - 1 1 1 1 
Кітапханашы  - 0,5 0,5 - - - 1 
 
Мектеп кітапханасының елеулі білім беру рөлі оның орналасуы мен жабдықталуынан (жиһаздар мен құрал-жабдықтары) көрінуі тиіс. Жаңа және қолданыстағы мектеп ғимараттарын жобалау мен қайта құру барысында мектеп кітапханасын қолдану сипаты мен функциясы ескерілуі аса маңызды.  Мектеп кітапханасын жабдықтау белгісінде қандай да бір бірыңғай көрсеткіштердің мөлшерлік жиынтығы жоқ. Алайда, әрбір жаңа кітапхана барынша мектеп қажеттіліктеріне сәйкес болатындай қандай да бір негізде сметалық шығындарды жоспарлау мүмкін болатындай әлдебір формула қолданудың мағынасы жоқ. Жоспарлау процесінде келесідей сәттерді ескеру керек: –  орналасу орталығы, бірінші қабатта болғаны дұрыс; –  қолжетімділік, яғни барлық оқу зоналарына жақындық; –  шудың ықпалы: ең болмаса кітапхананың бір бөлігі сыртқы шулардан оқшау болуы керек; –  сәйкесінше жеткілікті жарықтандыру (күннің түсуі мен жасанды жарықтандыру); –  жайлы жұмыс жағдайын, сонымен қатар қордың сақталуын қамтамасыз ету үшін жыл бойы ғимаратта тиісті температураның сақталуы; –  жобалық шешім мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ерекше қажеттіліктерін ескеруі керек; –  көркем және басқа да әдебиеттер қорын жайғастыру, мұқаба немесе түптелген кітаптар, газеттер, журналдар мен басылмаған ресурстар, сақтау 

орындары, кітап оқу, компьютерлік жұмыс орындары, сонымен қатар көрме орындарына, жұмыс орындары мен тапсырыстарды беру үстелдеріне аумағы едәуір жеткілікті болатындай кең болуы;  –  жұмыстың әртүрін жүзеге асыруға және оқу бағдарламары мен технологияларына өзгерістер енгізу перспективасына мүмкіндік беретін икемділік.  Жаңа кітапхананы жобалау барысында оны мынадай зоналарға мақсатты түрде бөлуге болады: –  анықтама үстелі, каталог, онлайндық жұмыс орны, оқу және ғылыми жұмыс үстелі, анықтамалық материалдар мен негізгі коллекцияларды жайғастыратын жұмыс және зерттеу зоналары; –  үздіксіз білім мен кітапты қызығушылықпен оқу үшін, сауаттылықты дамытуға ықпал ететін кітаптар мен мерзімді басылымдарға арналған бейресми оқырман залы;  –  толық сынып, үлкен немесе шағын топтарға ұйымдастырылған сабақтар үшін орындықтарымен оқу зонасы, сонымен қатар көрсету экрандары және оқытудың техникалық құралдарына сәйкес оқу тақтасы; –  сынып, топтар, жеке адамдармен кездесетін және практикалық сабақтар өткізетін, сонымен қатар, мультимедиялық материалдар құрау үшін жабдықтары бар болатын жобалық және өндірістік зоналар; –  әкімшілік зона: абономенттік үстел, жұмыс орындары, мультимедиялық материалдарды өңдейтін және аудиовизуалды және басқа да жабдықтар мен материалдарды сақтауға арналған орындар. Мектеп кітапханасының мектепке қызмет ету барысындағы жұмыс сапасы, ондағы кеңістіктердің қалай ұйымдастырылғанын айтарлықтай дәрежеде айқындай алады. Эстетикалық оңтайлы ресімделу қонақжайлылық әсері мен кітапханада уақыт өткізу ықыласын тудырады.  Мектеп кітапханасының дұрыс жабдықталуы келесідей көрсеткіштермен сипатталады:  – қауіпсіздік, жақсы жарықтандыру; – кітапхана пайдаланушылары жұмыс түрлері мен категорияларына сәйкес аумақта берік, мәңгі, функционалды жиһаздарды қолдану; – кітапхана кеңістігін ұйымдастыру педагогтер мен оқушылардың нақты талаптарына барынша көп дәрежеде сәйкес келеді;  – кітапхана ғимаратын кітапхананың бағдарламасына, мектептің оқу жоспарына, сонымен қатар, жаңа аудио-бейне және ақпараттық технологиялар өзгерістеріне бейімдеуге болады; – кітапхана кеңістігін ұйымдастыруды дұрыс пайдалану, жабдықтар мен материалдар, техника, жиһаздарының қауіпсіздігі мен мазмұнын қамтамасыз етеді; – кітапхана жұмысы жақсы ұйымдасқан және түрлі ресурстарды жинауға тең, уақытылы қолжетімділікті беруге бағытталған;  – кітапхана пайдаланушыларға эстетикалық тартымды және оқу мен демалуға көмектеседі; онда көрсеткіш белгілер мен маңдайшалар нақты және 

көркем орындалған [4].  Қазіргі заманғы мектеп кітапханасы нормативті-құқықтық актілерді басшылыққа алуы қажет. Яғни кітапхана саласын алдағы уақытта жетілдіру үшін төмендегідей нормативті-құқықтық актілер әзірленетін болады: «Кітапхана және кітапхана ісі туралы» ҚР Заң жобасы, «Қазақстан Республикасындағы кітапхана қоры туралы ереже», «Кітапхана қорының сақталуын қамтамасыз ету жайлы ереже», «Аудандық, облыс деңгейлерінде мәдениетті ұйымдастырудың үлгілік штаттары туралы Ереже», мектеп кітапханасын жабдықтау және жарақтандырудың моделді стандарттары, кітапхана қызметінің моделді стандарты (Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапхана деректеріненhttp://nabrk.kz). Бұл бағытты әзірлеу кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетуді әлеуметтік кепілді қамтамасыз ету мақсатында аралас салалардың құқықтық ортамен өзара байланыстылығы мен заманауи талаптар есебінен кітапхананы дамыту кепілдіктері қажет. Білім беру ұйымдарын ұйымдастырудың елеулі құрамдас бөлігі ретінде жергілікті билік басты жауапкершілік атқарады, ол нақты заңнамалық актілерді қолдану керек.  
 
Халықаралық деңгейде қазіргі заманғы мектеп кітапханалары өз қызметінде төмендегідей нормативті-құқықтық актілермен басшылыққа алынады: 1.Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясы;  2. Бала құқығы туралы БҰҰ Конвенциясы (1989); 3. Мектеп кітапханасы үшін ИФЛА/ЮНЕСКО манифесті (2015); 4. Мектеп кітапханасы үшін ИФЛА/ЮНЕСКО нұсқаулығы (2015); 5. Интернет туралы ИФЛА манифесті (2014). Мектеп кітапханасы манифесі мектеп кітапханасын мектептің қосымша бөлімшесі ретінде емес, «кітапханалық-ақпараттық жүйесінің неғұрлым кең бөлігі ретінде» айқындайды [5]. Интернет және оның қажеттілігі туралы ИФЛА манифесінің өзекті Ережесі «қолданушыларға таңдалған ақпараттық деректер мен қызметтерді пайдалануда білікті көмек беру». 
 
Республикалық деңгейде:  1. «Білім туралы» ҚР Заңы (2015) (5-бап, 19-3 тармақшада Білім беру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді) [6]. 2. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы №205 Жарлығымен бекітілген). 3. Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысымен бекітілген).  

4. 2012-2016 жылдарға оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша Ұлттық іс-қимыл жоспары 2012 жылдың 25 маусымдағы №832 ҚР Үкіметінің Қаулысымен алынады [7].  5. «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендерінің, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы.  Ақпараттық-білім беру бөлімшелерінің айрықша түрлері ретінде нақты мектеп кітапханасына байланысты жұмыс ерекшелігін анықтайтын құжаттар:  1. 2016 жылғы 19қаңтардағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау бойынша қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің №44 бұйрығы. 2. 2000 жылы 27 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Білім жүйесі кітапханаларының бірыңғай үйлестіруші, ғылыми-әдістеме және ақпарат орталығы туралы»Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің №249 бұйрығы.  3. 2001 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының білім беру мекемелеріндегі кітапхана ісін жақсарту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің №522 бұйрығы. 4. «Білім беру ұйымдары кітапханаларының типтік және үлгі штаттары» басшылыққа алынады.  
 
Жергілікті деңгейде:  1. Жалпы білім беретін мектептердің Жарғысы және ішкі тәртіп ережесі.  2. Мектеп кітапханасы туралы ереже.  3. Кітапхана қызметкерінің қызметтік нұсқаулығы.  4. Мектеп кітапханасын пайдаланудың ережесі.  5. Оқу жылына арналған мектеп кітапханасының жұмыс жоспары.  6. Мектеп кітапханасындағы қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық.  7. Мектеп кітапханасындағы өрт қауіпсіздігі.  8. Кітапхананың сипаттамасы бойынша нұсқаулықпен жетекшілік етіледі. Білім беру ұйымдары мен мектеп кітапханасының қызметін реттейтін жоғарыда аталған құжаттарды қолдана білу жайлы ақпараттарсыз олар өздерінің тура тағайындауларын орындай алмайды. Мектеп кітапханасы қызметін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, оқырмандарға анықтамалықақпараттық қызмет көрсету проблемаларын шешу мәселелері қарастырылады. Мектеп кітапханасы өз қызметін ҚР Президентінің өкімдері мен жарлықтары, заңдарымен, ҚР Үкіметі және ҚР атқарушы орган субъектілерінің қаулылары, өкімдерімен, білім басқармасы органдарына тиісті шешімдермен, жалпы білім беру ұйымдарының жарғыларымен, кітапхана туралы ережелермен басшылыққа алынуы тиіс. Мектептер, мектеп кітапханалары да біртұтас мақсатты көздейді: жалпы мәдени тұлғаны, оның ұлттық және мәдени интеграциясын қалыптастыру, 
10 
әлеуметтік құзыреттілік пен өзін-өзі айқындау. Кітапханашы мен педагогтердің ортақ мүддесі білім алушылар тұлғасын қалыптастыру мүддесімен тоғысады.  Мектеп кітапханасы жан-жақты білікті көмек көрсету керек деген кезде әрине, бірінші кезекте басты жауапкершілік кітапханашының біліктілігіне, оның креативтілігіне артылатыны сөзсіз. Мектеп кітапханасы қызметінің ең бір өзекті мәселесі білікті мамандардың тапшылығы да болып табылады. Білім мен ғылым жылдам дамып, күнде бір жаңа технология пайда болып жатқан мына заманда өз деңгейінде бағалануы үшін кітапханашы көп талапты орындай алуы шарт. Әрине, қазіргі таңда негізгі мәселе кітапханашының мәртебесінде болып тұр. Елімізде кітапханашыларды әлі күнге дейін техникалық қызметкер ретінде қабылдайды, ал, алыс-жақын шет мемлекеттердің тәжірибесіне қарайтын болсақ, оларға педагог-кітапханашы деген мәртебе беріледі. Педагогкітапханашы болып жұмыс жасайтын мамандар базалық білім ретінде алдымен мұғалім мамандығын, кейін кітапханашы мамандығын меңгереді. Мәселен, Австралияда мектеп кітапханасының қызметкерлері кітапханашылықтан бөлек педагогикалық білімі болуы керек. Педагог-кітапханашы педагог және кітапханашы деген біліктілікке ие болады. Қос біліктілік ерекше маңызға ие, яғни мектеп бағдарламасы мен педагогикадан алған білімі кітапхана жұмысы мен ақпаратты басқару қабілетімен үйлесуі керек. Кітапханашыға берілетін жоғары білім мазмұны да халықаралық талаптарға сай болуы қажет. Педагогкітапханашы өмір бойы білім алуға ынталанушы өскелең ұрпақты ақпараттық сауаттылықта тәрбиелеуді шешуге рөл атқаратыны даусыз [8]. Жаңартылған білім мазмұны тұрғысынан білім беру қауымдастығында маңызды рөлге ие, оның міндеті оқушы және мұғаліммен өзара әрекеттестік, оқу процесіне ресурстарды қамтамасыз ету, ақпаратқа қол жеткізуді оңтайландыру, тиімді оқу ортасын жасау, жоспарлау мәселелерінде бірлесу т.б. Сондықтан кітапханашылардың мәртебесін көтеріп, соған сай жұмысты талап етіп, жалақыны өсіру, тұрақты түрде біліктілігін арттыру, әсіресе мектеп кітапханасын дамытуда негізгі шешімді қажет ететін мәселелер болып табылады. Мектеп кітапханалары арасында жүйелік қауымдастықты үйлестіру, оқырмандарға қазіргі заман талаптарына сай қызмет көрсету мақсатында кітапхана қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсету және біліктіліктерін арттыру қажет. Кітапханалардың кадрлармен қамтамасыз етілуі сын көтермейтін шекке жетті (2-кесте). Кестеде көріп отырғанымыздай көптеген білім беру ұйымдарының мектеп кітапханаларында қызметкерлердің арнайы білімі жоқ. Бұл Ақмола облысы (35%), Ақтөбе облысы (46%), Павлодар облысы (48%), Алматы қаласы (40%), Астана қаласында (25%) байқалады. Астана қаласында 101 кітапханашының тек 26-ның ғана арнайы білімі бар, ал 70 қызметкердің арнайы білімі жоқ болса, Алматы қаласында 414 кітапханашының тек 165-нің арнайы білімі бар, ал 152 қызметкердің арнайы білімі жоқ.  Бүгінгі таңда «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ мен «Өрлеу» БАҰО» АҚ базасында мектеп кітапханашыларына арналған көптеген семинарлар мен біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылуда. Мәселен, 
11 
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары берген деректеріне сүйенсек облыс көлемінде мектеп кітапханашыларына «Балалардың ой өрісін дамытудағы кітапхана рөлі», «Кітапхана – руханият айнасы», «Жеткіншектерді кітап оқуға тартуда заманауи технологиялар», «Мектеп кітапханасында құжаттарды жүргізу», «Мектеп кітапханаларындағы ақпараттық қызмет көрсету: бет алысы және болашағы», «МЖМБС жүзеге асыру жағдайында мектеп кітапханашысының кәсіби құзыреттілігін жетілдіру», «Мектеп кітапханашыларының кәсіби өсу аспектілері», «Мектеп кітапханасындағы жұмыстың заманауи әдістері», «Кітапханашыларға кәсіби және техникалық білім беру жөніндегі әдістемелік нұсқаулық», «Автоматтандырылған АИБС МАРК SQL бағдарламасымен жұмысы» т.б.  
 
2-кесте – Мектеп кітапханаларының білікті кадрлармен қамтамасыз етілуі  Облыстар Облыс мектептерінің кітапханашыла ры барлығы Оның ішінде арнайы кітапханашы лық білімі бар Оның ішінде арнайы білімі жоқ Зейнет жасындағы жұмыс істейтіндері Ақмола  466 163 285 18 Ақтөбе  412 192 215 5 Алматы  1164 626 249 289 Атырау  277 178 80 19 Шығыс Қазақстан  691 374 282 35 Жамбыл  524 351 168 5 Батыс Қазақстан  389 259 116 14 Қарағанды  566 299 232 35 Қызылорда  386 265 121 0 Павлодар  424 206 187 31 Солтүстік Қазақстан  464 237 205 22 Оңтүстік Қазақстан  1291 918 373 0 Алматы қ.  414 165 152 97 Астана қ.  101 26 70 5 Дереккөз: Облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының деректері. 
 
Көптеген семинарлар мен «Мектеп кітапханаларында ақпараттық орта құру және қызмет көрсетуді ұйымдастыру», «Білім беру мекемелері кітапханалары жұмысын ұйымдастыру», «Кітапхананың ақпараттық – кітапханалық қызметін автоматтандыру», «Оқырмандарға ақпараттық коммуникациялық технологиялар негізінде библиографиялық қызмет көрсетуді дамыту», «Мектеп кітапханасы бойынша жүргізілетін құжаттармен жұмыс», 
12 
«Мектеп кітапханашыларының кәсіби шеберлігін дамыту», «Мектеп кітапханасының ақпараттық ортасын құру және қызмет ету ерекшеліктері», «Кітапхананың ақпараттық-білімдік ортасын құру және қызмет көрсету», «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында кітапхананың ақпараттық-білімдік ортасын құру және қызмет көрсету», «Білікті кітапханашы мектебі», «Кітапханалардың ақпараттық-кітапханалық қызметін автоматтандыру (MARK-SQL)», «Білім беру ұйымының ақпараттық- білімдік кеңістігін құрудағы кітапхананың рөлі», «Ақпараттық-оқыту ортасындағы мектеп кітапханасы» т.б. тақырыптарда біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылған. Бүгінгі таңдағы мектеп кітапханашысының қызметі мен болашақтағы мектеп кітапханасы рөлінің тәжірибесі мен педагогика ғылымындағы үш көзқарас, үш басты тәсілдер байқалды. Бірінші тәсіл – мектеп кітапханасы базасында жаңа медиатека-бөлімшесін жасау қажеттілігін негіздеу немесе мектептің кітапханалық медиаорталығына, кітапханашыға қосымша функция медиамаман міндетін атқару. Мектеп медиатекасы концепциясының авторы Е.Н. Ястребцев, кітапханашының атауын міндеттті түрде ауыстырып, мектептің кітапханалық медиаорталығы атауымен, қайта ұйымдастырудың уақыты келді деп есептейді [9]. Екінші тәсіл – кітапхана мектептің ақпараттық орталығы болуы керек, ал кітапханашы ақпар беруші функциясын өзіне алуы керек. Үшінші тәсіл – білім беру мекемелерінің өзіндік міндеттерімен педагогикалық құрылымдық бөлімшесі ретінде қарастыру керек.  Мектеп кітапханаларының айрықша белгілері – басқа әлеуметтік жүйелер аясында оны әлеуметтік жүйе ретінде жұмыс істету. Жаңартылған білім мазмұны контексінде білім беру ұйымдарын олардың алдына мынадай міндеттер қояды-оқушының шығармашылық әлеуетін ашу үшін жағдай жасау. Кітапханашы оқу-тәрбие процесінде көмек беретін, шығармашылық, интеллектуалдық әлеуетін тиімді жандандыруға қабілетті және осы жерден барлық мектеп кітапханасының басты міндеті шығатын, білім беру ортасының элементі болып табылады. Мектеп жақсы кітапханасыз өзінің білім мен тәрбие процесін жоғары деңгейде орындай алмайды. Білім маңызды рөл атқаратын заманауи ақпараттық қоғамда табысты болуы үшін ол ақпараттар мен идеяларды береді. Оқушыларға үнемі өздігінен білім алу қажеттілігіне әкеліп, қиялын дамытып, азаматтық жауапкершіліктеріне тәрбиелейді. Кітапханашы мен мұғалімдердің бірлестігі білім алушылардың ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдалана білуіне, оқу дағдыларының дамуына, сауаттылық деңгейінің көтерілуіне мүмкіндік беріп, есте сақтауына көмектеседі. Кітапханашы мен оқырман-оқушының өзара әрекеттесуі «шығармашылық бірлік» принципінде жасалады. Мұнда кітапханаға белсенді рөл беріледі. Ол жаңартылған білім мазмұны жағдайында кеңи түседі. Кітапқа тұрақты қызығушылығын дамыту, оқу мәдениетіне тәрбиелеу, шығармашылық ойлауға дамыту кітап оқуы мен тұлғалық дамуы дәстүрлі және инновациялық әдістердің көмегі арқылы іске асады. Әрине, заманауи кітапхана технологиялары енгізілген мектеп кітапханасының кітап қоры зор рөл 
13 
атқарады. Дәл солар мектептің педагогтері мен оқушылары алдында ерекше маңызды және қызығушылықтарын қамтамасыз етеді.  Өңірлерден келіп түскен ақпараттардан көріп отырғанымыздай мектеп кітапханалары кітап қорларын толықтыруда үлкен қиындықтарды бастан кешіруде. Жаңа кітаптар шектеулі, аз мөлшерде, жүйелі түспейді, білім беру ұйымдары өздеріне қажетті әдебиеттерге тапсырыс беруге қауқарсыз. Жаңа анықтамалықтар, энциклопедиялық басылымдар, білім алушылар үшін ғылыми-көпшілік әдебиеттер, мұғалімдер үшін педагогикалық әдебиеттердің жетіспеушілігі өткір мәселе болып қалып отыр.  Сонымен, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы мен Астана қалаларында заманауи кітапханалық кітапханамен жабдықтау сонын ішінде АКТ (сандық кітапхана, КААЖ, электронды кітапханааралық абонемент т.б.) жабдықталуы жеткіліксіз. Мектеп кітапханасы жұмысында заманауи технологиялардың жоқтығы олардың жұмысына әсер етеді. КААЖ бағдарламасының жаңа қазақстандық нұсқасы және оның жаңартылған нұсқасы жетілдірілмеген, сонын ішінде КААЖ қазақ тіліндегі нұсқасы жоқ. Шетелдік бағдарламаның біздің кітапхананың жұмыс жағдайына тура келмеуі, қазақ әрпінің жоқтығы, кез келген ұсақ-түйек мәселелердің өзін шешу қиын еді. Тәуелсіздікке қол жетіп, жеке-дара мемлекет болған соң, кітапхана жұмысына арналған қазақстандық компьютерлік бағдарламаны жасау өзекті мәселеге айналып отыр. Негізгіден басқа (дерекқорларды жасау) көптеген операцияларды орындамайды. Кітапханаралық абонемент жоқ, заманауи компьютерлер қолданыста жоқ, көбейткіш техника мен принтерлер жоқтың қасы. Ауыл мектептерінде жоғары жылдамдықты интернет жоқ немесе тұрақты жұмыс істемейді. Сандық кітапханалар электрондық жеткізгіштерде оқулықтар, бейнежазба мен мәтіндік құжаттармен толықтырулары жеткіліксіз. Кітап қорларында көркем әдебиеттермен, әсіресе, қазіргі заманғы авторлардың шығармаларымен қамтамасыз ету жүйесі жоқ. Олар түсіп жатқан жағдайда әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар, шектеулі түрде немесе аз мөлшерде келеді. Кітапханаға заманауи және ыңғайлы жиһаздар қажет. Мәселен, Ақмола облысының Степногорск қаласында барлық кітапханалар компьютерлер және принтерлермен жабдықталмаған. Алайда барлық мектептер интернет жүйесіне қосылған, бірақ барлық кітапханалардың интернетке қосылуы мүмкін емес, бұл мектеп кітапханасының бір бөлігі қатысатын «Мектеп кітапханасы жұмысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу» авторлық бағдарламасы аясында тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік жасалмаған.  Еліміздің облыстарының мектеп кітапханаларының жалпыға ортақ мәселелерін тізіп шығуға болады. Әсіресе, ауыл мектептерінде материалдықтехникалық база (әсіресе АКТ бойынша) нашар, кітапханалар жабдықтарының ескіруі, жаңа жиһаздар мен жабдықтардың болмауы (стеллаж, үстел, көрмелік стендтер), оқу залдары, аудио-бейне залдардың (компьютерлік техникалардың жеткіліксіздігінен) болмауы, ғылыми-көпшілік әдебиеттермен кітап қорының 
14 
ескіруі, қызықты балалар әдебиеті, анықтамалықтар мен энциклопедиялардың жеткіліксіздігі. Жалпы алғанда мектеп кітапханасы оқушыларға шығармашылықпен айналысуға ыңғайлы болуы тиіс. Мәселен, Австрияда мектеп кітапханасының бірнеше залы бар, оқу залы, ғылыми жобаларды жасау үшін арнайы зоналар, оның ішінде интерактивті зона, демалыс зонасы, ойын ойнайтын, аудио тыңдайтын, бейне фильмдер көретін, оқушылар ғылыми-жоба жазуы үшін ыңғайлы, бөлек, топпен жұмыс жасауға ыңғайлы кабиналармен (дыбысты реттегішпен кабина ішінде проектор) жабдықталған. Кітапхана оқырмандарға электронды қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда Австрияның мектеп кітапханалары ең алуан түрлі міндеттерді орындайды және оны: ақпараттық орталық, мультимедиялық орталық, оқу орталығы («оқыту кітапханасы»), кітапхананы пайдалануға үйрету орталығы, кітап оқуды қолдау орталығы, қарым-қатынас орталығы ретінде қолдануға болады. Қазақстанда оңтайлы жабдықталған кітапханалар үлгісі бар. Әдеттегідей халықаралық зияткерлік мектептерінің («Мирас» мектептері, «Haileybury», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жүйесі, Қазақ-түрік лицейі, жеке мектеплицей, мектеп-гимназиялары) жүйесі үздік кітапханаларымен ерекшеленеді. Олардың кітапханаларының көп бөлігінде аудио-бейне, фотоқұжаттар бар, ал ерекше тәжірибелі кітапханалар кешенді электрондық тасымалдағыштар ақпараттары, компьютерлік желілер мүмкіндіктерін пайдаланады. Кітапхана қорлары құрамында мазмұндық және түрлі өзгерістер пайда болады: олар жеке сапалы оқу рефераттары, оқу-әдістемелік жарияланымдармен қалыптасады.  Сонымен қатар, еліміздегі мектептер кітапханамен 100% жабдықталмаған. ҚР БҒМ мәліметтері бойынша республика бойынша білім беру ұйымдарының жалпы санынының 89,6% (90,4%*) мектеп кітапханасы жұмыс жасайды. Республика бойынша еліміздегі 10,4%* (9,6%*) мектептерінде кітапханалар жоқ (3-кесте). 
 
3-кесте –Кітапханалары бар мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің саны, 2015 ж.  Өңірлер Барлық мектептер Кітапханалары бар мектептер саны ҚР  7 158* 6 473 Ақмола  578 518 Ақтөбе  422 421 Алматы  737 665 Атырау  192 183 Батыс Қазақстан 389 315 Жамбыл  449 390 Қарағанды  526 476 Қостанай  535 460 Қызылорда  298 291 Маңғыстау  132 127 Оңтүстік Қазақстан 1 021 925 
15 
Павлодар  400 358 Солтүстік Қазақстан 533 451 Шығыс Қазақстан  667 614 Астана қ.  78* 78 Алматы қ.  201 201 ҚР 7 222 6 474 *Астана қаласының білім беру ұйымдарының жеке ғимараттарының болмауы себебінен («Дарынды қыз балаларға арналған қазақ түрік лицейинтернаты» ММ, №26 «балабақша бастауыш мектеп кешені»), 80 жалпы білім беретін мектептердің 78* бойынша материалдық техникалық жабдықталуы туралы мәліметтер көрсетілген. Аталған білім беру ұйымдарының оқушылары №36 ОМ ММ, №61 ОМ ММ, № 72 мектеп-лицейі КММ оқытылады. Дереккөз: ҰБДҚ 2015 жылғы 5 қыркүйектегі деректері бойынша [10]. 
 
Кестеде көріп отырғанымыздай еліміздегі бірқатар орта білім беру ұйымдарының арнайы кітапханалары жоқ. Бұл Ақмола облысы (89%), Жамбыл облысы (86%), Солтүстік Қазақстан (84%), Павлодар облысы (89%), Батыс Қазақстан (81%), Қостанай облыстары бойынша (85%) мектептерде кітапханалар жұмыс жасайды. Көптеген орта білім беру ұйымдарында БҒМ бекіткен тізімімен ғана оқулықтар орналастырылған, әрине оқушылар мен мұғалімдердің таңдаулары шектеліп, қосымша оқу курстары, вариативтік оқу бағдарламаларын жүзеге асыруға қиындық тудырады.  Оқу қорларын пайдалану бойынша мектеп кітапханасының қызметі қауырт болып табылады: кітапхананың қызмет көрсетуінде оқушы мен педагогтердің барлық контингенті қамтылған; кітап беру ауқымы оқу әдебиеттері қорына жақындайды. Кітапханалар оқулықтармен жұмыс процесін қадағалайды және үнемі сол бойынша есеп береді. Бүгінгі таңда жаңартылған білім беру мазмұны контексінде көптеген мектеп кітапханалары қыркүйек айында оқу жылы уақытына біржолғы берілетін оқу кешендерін беруден бас тартады (4-кесте).  
 
4-кесте – Оқушылар үшін мектеп кітапхана қорының жинақталуы және қалыптастырылуы  Өңірлер Оқу бағдарлама лары бойынша оқулықтарм ен қамтамасыз етілуі (қажеттілік %-бен) Қосымша оқу және әдістемелік әдебиеттер мен қамтама сыз етілуі (қажеттілік тер %-бен) Электрон дық оқулық тар және ОӘК қамтама сыз етілуі (қажеттілік тер %-бен) Анықтамалық библиография лық ақпараттар мен қамтамасыз етілуі (сөздіктер, анықтамалық тар, энциклопедия лар, Ғылымитанымдық және көркем әдебиетпен қамтамасыз етілуі (қажеттіліктер %-бен)  
16 
каталогтар, тақырыптық картотекалар) (қажеттілік тер %-бен) Ақмола  100% 68% 41.1% 60% 67% Ақтөбе  100% 79% 76% 78% 68% Алматы  100% 100% 100% 100% 100% Атырау  100% 95% 96% 84% 60% Шығыс Қазақстан  100% 83% 69% 64% 58% Жамбыл  100% 100% 94% 88% 91% Батыс Қазақстан  100% 90% 50% 50% 50% Қарағанды  99% 92% 67% 80,9% 75,4% Қызылорда  100% 100% 100% 100% 100% Павлодар  100% 100% 50% 30% 40% Солтүстік Қазақстан  94% 54% 50% 62% 56% Оңтүстік Қазақстан  93% 77% 62% 50% 73% Алматы қ.  100% 100% 100% 61% 50% Астана қ.  100% 100% 80% 87% 88% Дереккөз: Облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының деректері 
 
Кестеден көріп отырғанымыздай еліміздегі көптеген орта білім беру ұйымдарында оқушылар үшін 74% ғана электрондық оқулықтар және ОӘК-мен қамтамасыз етілген. Облыстардың және Астана, Алматы қалаларының білім басқармаларының деректеріне сәйкес оқулықпен қамтамасыз етілген оқушылар үлесі 98,1% құрайды. Өңірлер бөлінісінде мектеп кітапханаларында оқу бағдарламалары бойынша 100% оқулықтармен қамтамасыз етілмеген Қарағанды (99%), Солтүстік Қазақстан (94%), Оңтүстік Қазақстан (93%) облыстары болып отыр. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдері оқу-тәрбие процесіне қажетті оқу және оқу әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілмей, оқу процесінде алға жылжушылық болмайтыны баршамызға аян. Әкімшілік және мұғалімдер үшін мектеп кітапхана қорының жинақталуы және қалыптастырылу жұмысының жағдайы келесі кестеде көрсетілген (5-кесте).  
 
 
 
 
 
 
17 
5-кесте – Әкімшілік және мұғалімдер үшін мектеп кітапхана қорының жинақталуы және қалыптастырылуы Өңірлер  Қосымш а оқу және әдістеме лік әдебиетт ермен қамтамас ыз етілуі (қажетті ліктер %-бен) Электронды қ оқулықтар және ОӘК қамтамасыз етілуі (қажеттілікт ер %-бен) Ғылымитанымдық және әдістемелік журналдар мен қамтамасыз етілуі (қажеттілік тер %-бен) Анықтамалықбиблиография лық ақпараттармен қамтамасыз етілуі (сөздік, анықтамалық, энциклопедия, каталог, тақырыптық картотекалар)( қажеттіліктер %-бен) Дидактика лық материал дар (қажеттілік тер %-бен) Ақмола  64% 45% 57% 50% 52% Ақтөбе  73% 70% 73% 64% 68% Алматы  100% 100% 100% 100% 100% Атырау  80% 80% 90% 50% 70% Шығыс Қазақстан  59% 50% 62% 71% 67% Жамбыл  94% 90% 90% 94% 88% Батыс Қазақстан  70% 60% 80% 60% 50% Қарағанды  70% 59% 72% 50% 50% Қызылорда  90% 75% 80% 90% 80% Павлодар  58% 75% 50% 50% 50,3% Солтүстік Қазақстан  81% 70% 85% 90% 90% Оңтүстік Қазақстан  66% 77% 73% 84% 72% Алматы қ.  40% 100% 85% 55% 50% Астана қ.  62% 55% 60% 65% 63% Дереккөз: Облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының деректері. 
 
Облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларынан келіп түскен деректерге сәйкес мектеп әкімшілігі мен мұғалімдері үшін мектеп кітапханасы қорында қосымша оқу және әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілуі 71,8%, ғылыми-танымдық және әдістемелік журналдармен қамтамасыз етілуі 75,5%, электрондық оқулықтар және ОӘК қамтамасыз етілуі 72 % құрап отыр. Электрондық оқыту жүйесіне қосылған мектептердің үлесі 36,6% құрайды, ол 2014 жылғы деректерден шамамен 22% есе артық (6-кесте). Мектеп кітапханасының қоры білім беру ұйымындағы білім алушылар контингентіне сәйкес қалыптастырылуда. Елімізде 2014 жылы оқулықпен 
18 
қамтамасыз етілген оқушылар үлесі 98,2% (6-кесте) адамды құрайды [11]. 
 
6-кесте – Оқулықпен қамтылған оқушылар үлесі, 2014 жыл 
 
Өңір Барлық оқушылар 
Оқулықпен қамтылған оқушылар 

Ақмола  103463 99643 96,3 Ақтөбе  115424 115424 100 Алматы  307900 307900 100 Атырау  96043 96043 100 Шығыс Қазақстан  167052 167052 100 Жамбыл  185191 185191 100 Батыс Қазақстан  87013 86578 99,5 Қарағанды  171708 170220 99,1 Қостанай  99740 97746 98 Қызылорда  125803 119694 95,1 Маңғыстау  100104 100104 100 Павлодар  87218 87218 100 Солтүстік Қазақстан  71674 69344 96,8 Оңтүстік Қазақстан  543520 514713 94,7 Алматы қ.  171576 171576 100 Астана қ.  91618 91618 100 ҚР 2525047 2480064 98,2 Дереккөз: ҚР Білім және ғылым министрлігінің деректері 
 
Түйін: Жоғарыда көрсетілген кестеге қарайтын болсақ 2014 жылы оқушылар санына шаққанда мектеп кітапханаларының оқулықпен қамтамасыз етілу деңгейі әлі де жүз пайыз көрсеткішті көрсетпей отырғанын көре аламыз. Алайда, 2014 жылмен салыстырғанда динамикалық өсу байқалады. 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы Ақмола облысы 96,3%/100%, Батыс Қазақстан облысы 99,5%/100% жеткен. Ал керісінше Қарағанды (99%), Солтүстік Қазақстан (94%), Оңтүстік Қазақстан (93%) облыстары сол қалпында қалып отыр. 
 
Мектеп кітапханасы қазіргі кезеңде заман талабына сай жаңа технологиямен жұмыс жасап, мектеп қауымдастығына қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп, әдістемелік көмек көрсету. Бүгінгі ақпарат заманында нар көтермес жүкті көтеріп, бүгінгі күннің, заманның басты кейіпкеріне айналу кітапханашылардың басты міндеті. Кітапхана қажетті ақпараттарды алатын қайнар көзі ретінде оқушылардың оқырмандық сауаттылығын дамытуға ықпал ететін факторлардың бірі болып табылады. Сондықтан «білім қоймасын», баспа 
19 
түріндегі және электрондық тасымалдағыштағы қажетті қорлармен тиісті деңгейде жарақтандыруға сыни тұрғыдан назар аудару қажет. Қазіргі заманғы ақпараттық кеңістікте білім беру қызметін сапалы ұсынудың бөлінбес факторы орта білім ұйымдарының кітапхана қорына кең қолжетімділік болып табылады. 
20 
2 Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектеп кітапханалары қызметінің мақсаты мен міндеттері  
 
Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп отырған мектеп дейтін болсақ, сол мектепте орналасқан кітапханада осы міндетті бірге атқарады. Осыған орай мектеп кітапханасының алдына қойған өзекті мәселесі жас ұрпақты тәрбиелеу. Білім және тәрбие жүйесінде контекстін жаңарту процесінің бастауында мектеп кітапханашысының рөлі және мектеп кітапханашысының түпкілікті өзекті мәселелері де жаңашаланады. Бүгінгі мектеп кітапханасы кітап қарауылшысы ғана емес, білім жолындағы білім мен тәрбие процесінің концепциясын жауапкершілікпен қадағалап дәріптеуші. Ол үшін не істейді дегенге келетін болсақ, мектеп кітапханашысы сол мектептегі жаңалықтың жаршысы, әрбір елімізде болып жатқан уақиғалардың насихатшысы болу керек. Мектеп кітапханасы мектептің оқу-тәрбие процесін қамтамасыз етеді. Мектеп мұғалімдері алдына қойған мақсаттарға қарап, өзінің жұмысының жоспарын құрады. Ол тек қана кітапхана-библиография негізімен байланысты. Сонымен қатар мұғалімдерге білім жолындағы жандарға, мамандарға кәсіби біліктілігін арттыруда шеберлікке үйретеді. Мектеп кітапханасы білім жүйесіндегі мұғалім мен әкімшіліктен кем қатыспайды. Олар мектеп, білім жүйесіндегі реформаларды, мәселелерді шешеді. Осыған орай, айта кетерлік жайт осындай білім жүйесінде мектеп жүрегінің жұмыс атқаруы. Әр мектеп мұғалімінің, яғни білім жолындағы адамның жеке басының кітапхана арқылы көптеген жаңалықтардан хабардар болғанда іске сәттілік әкеледі. Білім процесінің біліктілігін арттырудағы жетістік тікелей мектеп кітапханашысына да байланысты.  Мектеп кітапханасы педагогикалық қызметінің негізгі мақсаты: білікті оқырманды дайындау арқылы рухани қалыптастыру.  Кітапхана жұмысын сапалы жүргізу үшін оқырмандармен жүйелі жұмыс жасау керек, сонымен қатар, кітапхана жұмысын жетілдіру: - балалар мен оқырмандар арасында библиографиялық білімді насихаттау; - кітапханашы қызметкерлерінің арасында өзара библиографиялық білім беру арқылы іс-тәжірибе алмасу;  - кітапханада АБА-каталогтар жүйесін құру; - электрондық каталогтар, оларды құрастыру ерекшелігі; - ақпараттық қызметте Интернет ресурстарын қолдану; - ақпаратты-библиографиялық бөлімінде «Қолжазба қоры» ұйымдастыру т.б.  Кітапханашы ақпаратты жеткізуші ретінде көзқарас өткен уақытта қалған. Бүгінгі таңда мектеп кітапханасының мүмкіндіктерін пайдалану мен білім беру ресурстарын тиімді пайдалану бағытында ортақ мәселелерді анықтау аясында және бірлесіп бағдарламалар жасау негізінде педагог пен кітапханашыға бірлесудің жаңа формалары қажет. Яғни, кітапханашының атқаратын қызметі заман талабына сай оқырмандарға өркениетті қызмет көрсету, кітапханаларға берілген жаңа технологияларды кітапхана жұмысында 
21 
кеңінен қолданып, кітапханалардан бүгінгі қоғамның қажетті ақпарат орталығы екендігін дәлелдеп, беделін көтеру. Мектеп кітапханасына жаңа технологияларды енгізу оқырмандармен Интернет және әлеуметтік желілер көмегімен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.  Кітапханадағы оқырмандарға қызмет көрсету бағытының басымдылығы: мектептегі оқу процесіне белсенді ықпал ету; оқырмандар деңгейіне қарай сұраныстарға дифференциялық қызмет көрсету; жаңа оқырманға ақпараттарды қалай алу керектігін, анықтама ақпаратымен қалай қолдану керектігін, түсіндіріп үйрету (каталог, картотекалар).  Мектеп кітапханасы – бұл ерекше педагогикалық орта, барлық кітапханалық формалар, әдіс-тәсілдермен педагогикалық қызметті жүзеге асырады. Кітапхана аясында оқытудың белсенді әдістері осы немесе басқа да мәселелерде қызығушылықтарын арттырады, эмоциялық қызығушылық тудырады, демек көңіл аударуға, ойлауын тереңдетуге, материалды қабылдау мен есте сақтауын жеңілдетеді. Заманауи мектеп кітапханасының негізгі міндеттері ретінде іс-әрекеттің осындай түрлері көрсетілген. Мектеп кітапханасы оқытуға қатысты қызметтерді ұсынады, кітаптар мен материалдар мектеп қауымдастығының барлық мүшелеріне сыни ойлауын қалыптастыруға, барлық форматтар мен барлық тасымалдағыштарда тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. ХХІ ғасырдағы мектеп кітапханасының миссиясы білім алушылардың ақпараттық мәдени тұлғасын, айналаға, баланың тұлғасын тану, білім алу құқығы, еркіндік, бақыт, әлеуметтік қорғау дұрыс қарым-қатынас тәрбиесін қалыптастыру болып табылады. «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге», – деп Абай атамыз айтпақшы барлық адам баласы үшін кітап – рухани азық. Осы рухани азығымызды жетілдіруде, кітапхананың барлық қауымға тигізері мол. Баланың дүниетанымы мен мінез-құлқының адамгершілік нормаларын қалыптастыруға кітап зор үлес қосады. Сондықтан кітапханаға оқырмандарды тарту, жаңа кітаптарды насихаттау, интеллектуалды әлеуетін ынталандыруға жәрдем беруде маңызды орын алады.  Мектептің маңызды бөлімі ретінде мектеп кітапханасы негізгі мақсаты – рухани бай, дені сау, адамгершілігі мол оқушыны қалыптастыру үшін, жоғары рухани-адамгершілік және азаматтық сана-сезімін, интеллектісі, шығармашылық қабілеті дамыған, салауатты өмір салты дағдысы, оқу және ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу дағдысы тұрақты, сонымен қатар, нәтижелі оқу-тәрбие процесін қолдау үшін жағдай жасау.  Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында мектеп кітапханасы жұмысының мақсаты алдыңғы қатарлы педагогикалық тәсілдерді қарқынды енгізу көрініс табады. Осы негізде мектеп кітапханасы: • пайдаланушылардың ақпаратты-кітапханалық қызмет көрсету: оқушылар мен педагогтерге қолда бар барлық оқу-әдістемелік және қосымша қолданыстағы немесе медиа ресурстармен тегін және еркін қолдану құқығын қамтамасыз етеді; • жаңа ақпараттық технологияларды енгізу негізінде кітапхана ұсынған 
22 
қызметтер номенклатурасын жетілдіру, оқушылар мен педагогтар үшін қолайлы оқу кітапханалық ортаны ұйымдастыру; • экологиялық сауаттылық, азаматтық, гуманистік патриоттық сана-сезімге тәрбиелеу;  • қолданушының шығармашылық әлеуетін дамыту, оқушылар мен мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін дамыту; • білім алушыларға жүйелі оқытуды ұйымдастыру, мәдени, жеке және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып дамытуды іске асыру. Мектептерге заманауи ақпараттық технологияларды енгізу оның білім беру мақсаттарын өзгертті. Енді олар негізінен білім алушылардың өздігінен ақпараттарды талдау және ұсыну, іздеу, жинау қабілеттерін дамыту мен қалыптастыруға бағытталған.  Дәстүрлі мақсаттардың арасынан мыналарды бөліп алуға болады: • білім алушыларға тұлғалық гуманистік қасиетке тәрбиелеу (тілектестік, өзара сыйластық, төзімділік т.б.); • танымдық белсенділігін дамыту, оқуға саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, жұмысқа шығармашылық қарым-қатынасы;  • жауапкершілік сезімге тәрбиелеу, оқушылардың дербестігі және еңбекқорлығы;  • тұлғаның рухани дамуы, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың үйлесімділігі; • салауатты өмір салтына ұмтылушылыққа тәрбиелеу. Мектеп кітапханасы қызметі кітапхананың жұмыс жоспары мен жобалары, бағдарламаларын білім беру мекемелерінің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес ақпаратты-кітапханалық ресурстар негізінде іске асырады. Күнделікті білім алушылар, әкімшілік-педагогикалық ұжым, ата-аналармен өзара әрекеттесе отырып келесі қызметтерді атқарады:  білім беру – мектептегі білім беруді дамытудың негізгі бағыттарына сәйкес қызметін жүзеге асырады, мектеп концепциясымен тұжырымдалған білім беру мақсаттарын қамтамасыз етіп сүйемелдейді.  ақпараттық –тасымалдағыш, формат, түрлеріне қарамастан ақпараттарды қолдану мүмкіндіктерін ұсынады. мәдени – білім алушылардың эмоциялық дамуына ықпал ететін, мәдени және әлеуметтік сана-сезімін қалыптастыратын іс-шараларды ұйымдастырады.  Мектеп кітапханасы білім беру процесінің бөлінбес бөлшегі болып табылады.  Сауаттылық, ақпаратты қолдану дағдылары, сабақ беру, оқыту мен мәдениетті дамытуда мектеп кітапханасының негізгі қызметтері басты маңызға ие:  • бұрыннан мектептің алдына қойған және оның оқу бағдарламаларына бекітілген білім беру мақсаттарын нығайту және қолдау; • балаларға кітап оқу үрдісін жетілдіру және қолдау білдіру, кітапхананы өмір бойы қолдану баланың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арттырады; 
23 
• білім, білік, түсінік, қиялын арттыру, ақпаратты алу және пайдалану ісінде тәжірибелер алу үшін мүмкіндіктер жасау;  • барлық білім алушыларға тасымалдағыштар немесе форматтар, формаларына қарамастан қоғамда болатын коммуникациялар түрлеріне алғырлығымен ақпараттарды пайдалану және дағдыларды практикада қолдана білуді қолдау; • білім алушыларға әртүрлі идеялар, тәжірибелер, ой-пікірлерді білуге мүмкіндік жасайтын ұлттық, өңірлік, жергілікті, ғаламдық ресурстар мен мүмкіндіктерге қолжетімділігін қамтамасыз ету; • мәдени және әлеуметтік хабардарлық пен алғырлығын жетілдіруге мүмкіндік беретін іс-шараларды ұйымдастыру; • мектепке жүктелетін міндеттерді орындау үшін әкімшілік пен ата-аналар, оқытушылар, оқушылармен жұмыс, жауапкершілік пен тиімділікке негізделген демократиялық қоғам өміріне қатысу, азаматтық сезімге тәрбиелеу үшін басты маңызды ақпараттарға қол жету және интеллектуалдық еркіндікке сәйкес концепцияны жариялау;  • мектеп кітапханасы ұсынған ресурстар мен қызметтер барлық мектеп қоғамдастығы, басқа да қолданушыларға қолжетімді болу үшін жәрдемдесу және оқуды ынталандыру. Мектеп кітапханасы өз заманының даму деңгейінде болып, мектептің өркендеуімен қалыптасуы, оның балалар мен жасөспірімдерге тәрбие беру мен оқытуда үлкен көмек беруі керек. Жасөспірімдермен жұмыс жасай отырып, кітапханаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру оларға кітаптар мен жұмыс жасай білуге үйрету – кітапхана қызметінің негізгі міндеттерінің бірі. Заманауи мектеп кітапханаларының бүгінгі таңдағы негізгі мақсаты:  •  оқушылардың интеллектуалдық әлеуетін, ғылыми зерттеу қызметін, сыни ойлау қабілетін, ақпараттық дағдыларын дамыту;  •  пікір және идеяларымен алмасу үшін қолайлы жағдай жасау; •  пайдаланушылардың барлық санаттары үшін ақпараттық және кітапханалық қызметтеріне тең қол жеткізу; •  жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, оқыту мен ақпараттық сауаттылықты біріктіру; •  мұғалімдер мен бірлесе отырып оқыту және жоспарлау, мектептің миссиясы мен мақсаттарын жүзеге асыру үшін мүмкіндік жасау;  •  мектеп кітапханасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру, кәсіби біліктілігін жетілдіру;  •  кітапхананың стратегиялық жоспарын жасау және жүзеге асыру. Негізгі бағыттары: •  кітапханаға оқырмандарды үнемі тартып отыру; •  әдістемелік бірлестікпен бірлесе оқу бағдарламасына сәйкес кітаптарға тапсырыс беру; •  ұсынылатын жаңа әдеби кітаптардың тізімдерін жасау; •  оқу жылы бойы оқулықтармен, жаңа кітаптармен жұмыс жүргізу; 
24 
• кітаптарды КАБИС бағдарламасына тіркеу, электронды каталогқа енгізу; • оқырманға қызмет көрсету және оқушылардың ғылыми-зерттеу жобасына көмек беру; • кітапхана қорын жарнамалау; • кітап оқуды насихаттау, дамыту; • кітапхана сайтымен жұмыс жасау; • мәдени көпшілік жұмыстар жүргізу; • түрлі іс-шаралар ұйымдастыру; • мектепішілік өткізілетін жұмыстарға материалдар жинақтау; • кітап қорын есепке алу алуы тиіс [12].  Қазіргі заманғы кітапхана пайдаланушыларына барлық оқу және оқуәдістемелік әдебиеттер, оқу бағдарламалары, әртүрлі баспа шығармалары, аудио, бейне материалдары, электрондық тасымалдағышта ақпараттар (сонын ішінде электрондық оқулықтар) кешендерін ұсынады. Сол арқылы ақпараттың барлық түрлерін тиімді қолдану мен сыни ойлауын дамытуға себептеседі.  Мектеп кітапханасын жаңғырту мектеп кітапханасы функциясын күрделендіру мен кеңейту, кітапханалық-ақпараттық қызметтерін өзгертумен бірге жүреді. Мектеп кітапханасы тек ағымдағы оқу процесін және оқушының кітап оқуына жетекшілігін қамтамасыз етпейді, енді ол жаңартылған білім мазмұнының ресурстық базасы, мұғалімдердің ақпараттық орталығы болып табылады. Кітапханашы пән мұғалімдерінің күрделі сауалдары мен ақпараттық ресурстар арасында делдал болады. Мектеп кітапханашысы өзінің барлық қызметтерінде білім алушыларға үнемі өздігінше білім алу қажеттілігіне, қиялын дамыту, азаматтық жауапкершілігіне тәрбиелеп, терең оймен оқуын дамытуға дағдыландырады. Кітапханашы мен мұғалімнің бірлестігі білім алушылардың сауаттылық деңгейін көтеруге мүмкіндік беріп, ақпараттықкоммуникациялық технологияларын пайдалана білуге дағдылану, есте сақтау, оқу дағдыларын, дамытуға көмектеседі. Оқу бағдарламаларына ақпараттық қолдау білім беру мекемелерінің құрамдас бөлігі ретінде мектеп кітапханасы үшін басымдық болып табылады. Кітапханаға ақпараттық-библиографиялық, кітапханалық қызмет көрсету жолымен мектептің оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету міндеттері қойылған. Соның ішінде кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппаратын тиімді жүргізе отырып, кітапхана қорын сапалы жинақтау негізінде білім беру процесінің вариативті әртүрлі мазмұнын қамтамасыз ету т.б.  Мектеп кітапханасының негізгі міндеттері: • мектептің алдына қойған және оны оқу бағдарламаларына бекітілген білім беру мақсатын дамыту, нығайту, қолдау; • анықтамалық-библиографиялық, кітапханалық қызмет көрсету арқылы білім алушылар мен педагогтерге өздігінен білім алу мен оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету. Білім беру жобаларында білім алушылар мен оқушыларға көмек көрсету; • оқырмандарға тәуелсіз кітапханалық пайдаланушы дағдысын қалыптастыру: кітапты және басқа да ақпараттық тасымалдағыштарды 
25 
пайдалана білуге, іздеу, іріктеу, ақпаратқа сыни баға беруге үйрету; • жаңа кітапханалық технологияны игеру және дәстүрлі технологияны жетілдіру. Құжаттарға неғұрлым толық және тез қол жеткізуге мүмкіндік жасау. Ақпараттарды алуда білім алушылар, ата-аналар, педагогтарға әдістемелік консультациялық көмек беру;  • оқушыларға шығармашылық ойлау, кітапхананы пайдалана білу, кітап оқу мәдениеті, кітапқұмарлық, ақпараттық мәдинетін дамытуға тәрбиелеу. Балаларға оқуға әдеттенуін қолдау және дамыту, оқу және одан қанағаттану. Өздігінен оқуына ықпал ету; • барлық білім алушыларға коммуникацияның әртүрлі түрлерін қоса, тасымалдағыш немесе форматтары, формасына қарамай ақпараттарды қолдану мен дағдыларын практикада қолдану және иеленеуге қолдау білдіру; • ақпаратты өңдеу мен жинақтау, жинау және оны пайдаланушыға жеткізу. Кітапханада бар ақпараттық деректер базасында кітапханалық іс-шаралар мен сабақтан тыс жұмыстар өткізу; • оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету мақсатында мектеп кітапханасының кітап қорын қалыптастыру; • қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, пайдаланушылар арасында мазмұнды қарым-қатынастарын дамыту; • елімізде тұрып жатқан басқа халықтардың тілінде және мемлектеттік тілдегі әдебиеттерді насихаттау;  • кітап оқу қызығушылығын қалыптастыру;  • әлеуметтілік және мәдени қабілеттілік пен білгірлігін жетілдіруге мүмкіндік беру, іс-шараларды ұйымдастыру. Мектеп іс-шараларын өткізуде АКТ пайдалану болып табылады. Мектеп кітапханасының негізгі міндеті әдеттегі біз білетіндей, оқулықпен қамтамасыз ету емес, әдеби дәстүрлер мен заманауи ақпараттық технологияларды қолдану арқылы тұлғаның жан-жақты, интеллектуалдық және рухани дамуына жағдай жасау болып табылады. Кітапхананы басқаша айтатын болсақ, мектептің оқу-тәрбие процесінің өзегі, негізі деп айтуға толық болады. Қазақстандық білім беру мазмұнының жаңаруы мектеп кітапханасының да оқу-тәрбие процесіне белсенді қатынасуын талап етеді. Бүгінгі мектеп кітапханасы қоғамның ақпараттық орталығына айналып отыр. Қазіргі уақытта кітап оқудың төмендеп, мектеп кітапханасына деген қарабайыр көзқарастың қалыптасып отырғаны ешкімге де жасырын емес. Мектеп кітапханасына оқушылардың тек ақпарат алу мақсатында ғана жүгінетіні де ащы шындық. Бұл мектеп кітапханасының, мектеп кітапханашысының беделін көтеру қажеттілігін көрсетіп отыр.  Кітапханашы қолында, ол арқылы мұғалімнің қолында осы жұмыстарды орындау үшін бағасыз құрал – кітап қоры бар. Мұнда мектеп кітапханашысының сезінетін басты рөлі бар, яғни ресурстар оқыту мен білім беруде тек құрал, олар қара бастың қамы емес, тек мақсатқа жету амалы. Осы мақсатқа жету қызықты да, сан қырлы кәсіп мектеп кітапханашысына тікелей байланысты [13]. Жаңартылған білім жағдайында білім беру мекемесінің 
26 
дәстүрлі кітапханасын жаңғырту мәселесінің қазіргі белсенді дамып келе жатқан қызметке айналуы өте көкейкесті. Кітапхана үдерістерін жаңғырту, инновациялық үйлесу, автоматтандыру – кітапханашының күнделікті жұмысы осылардың төңірегінде жүргізілуге тиісті. Білім алушыларға патриоттық тәрбие беруде мектеп кітапханасы ерекше маңызға ие. Кітапхананың жүйелі және басым жұмыстарына оқушылар мен жеткіншектерге патриоттық сана-сезім, Отанға деген адалдық, азаматтық борышы мен еліміздің мүддесін қорғауда конституциялық міндеттерін қалыптастыруда бүгінгі күні ерекше талап етіледі. Отансүйгіштік сезімін қалыптастыру «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы құндылықтары негізінде жүргізіледі. Мектептегі кітапхана қазақстандық патриотизм, азаматтық жауапкершілік, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу қажеттілігін сезінуге септігін тигізеді.  Мектеп кітапханасы жұмысының технологиясы айтарлықтай өзгерістерге душар болды. Бүгінгі таңда мектептердегі жаңа сапалы кітапханалықақпараттық қамтамасыз ету деңгейіне жету жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды (КАКАЖ бағдарламасын енгізу – оқырмандардың электрондық каталогын, кітап қорын және т.б. жасау) енгізумен байланысты. Бұл жағдайда ақпараттық-білім беру ортасынан қол үзу мүмкін емес, кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсетудің дәстүрлі және инновациялық әдістерін интеграциялау процесі үдей түседі.  Кітапхананы компьютерлендірудің басты мақсаты – мектепті толық, анық, мерзімді ақпараттармен қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасау. Мектеп кітапханасы бірыңғай кітапханалық-ақпараттық медиа-кеңістікке кіруі керек. Бұл бүгінгі таңда барлық, әсіресе ауыл-аймақтарда орналасқан мектептер үшін қажеттілік болып отыр. Қазіргі кітапханашылар өз жұмыстарында жұмыс жағдайларына қажетті мониторинг пен зерттеу жүргізуге қабілеттілік, ақпараттық жұмысқа назар аудару, компьютерлік сауаттылық болып отырған жаңа технологияларды қолдану керек. Сондықтан кітапханада құжаттарды дұрыс жүргізу, мүмкіндігінше іс-шаралар мен көрмелер өткізу, ақпараттық байланыстарды жүзеге асыру, іздеу және ресурстармен алмасуды іске асыруға мүмкіндік беретін интернет желілері соншалықты маңызды. Мектеп кітапханасының білім-дамыту функциясын кеңейту кітапханашыны педагогтердің кәсіби қызметкері ретінде, ал кітапхана – білім беру мекемелері педагогикалық жүйесінің маңызды компоненті ретінде есептеуіне мүмкіндік береді [14].  ХХІ ғасырда балаларды барлық алды-артын орап алатын құмарлықинновациялық технологиялардан көңілін бөліп, оқу залдарына тарту қиындық тудырып отыр. Кітапханашылар мен мұғалімдер қазіргі балаларды кітап оқуға қызықтырудың қиындықтарын түсінеді, сондықтан да кітапхана қызметін педагогикамен байланыстыру өте маңызды, оқушыларға кітап әлемінің кереметін ашу, кітаптар мен оқулықтардың көрнекті тұлғасы емес, ақылшытәлімгер болуда педагогтің шеберлігін ояту. Қазіргі кезде қоғамымыздың дамуына қарай ақпаратты жан-жақты алу аудио, бейне, интернет жүйесі т.б. 
27 
арқылы мүмкіндік туғанымен кітапхана арқылы әдеби кітаптарды оқи отырып алатын білім мен сауаттылықтың орны жоғары екені даусыз. Халықаралық зерттеу көрсеткендей мектеп кітапханасын дамыту, оқу сауаттылығын дамытумен тікелей өзара байланысты болады. Еліміздегі мектеп кітапханалары (бастауыш мектептен бастап) әрбір жеке тұлғаның оқу үлгеріміне орасан зор әсер етеді. Әсіресе, қоғамдағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары мектеп кітапханасындағы өзекті ақпараттық ресурстарға кедергісіз қолжеткізеді. Кітапханашылар балаларға кітапхананы пайдалануға баулиды. Мәселен, Лисаков қаласы мектеп-гимназиясының кітапханасы бұл бағытта көп іс атқаруда. Мектептің кітапханашылары өз жұмыстарында жаңа технологияларды қолданады (компьютерлік технологиялар игерілген, электрондық каталогтар сатып алынған), ақпараттық жұмыстарға үлкен көңіл бөлінеді, мектептің білім алушыларының ғылыми ортасымен, оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысады, әртүрлі конкурстар, мониторингтер, түрлі зерттеулер жүргізеді. Мектеп кітапханасында кітапхана қызметінің сапасы мен тиімділігіне мониторинг жүргізіліп, онда педагогикалық қызметкерлердің ақпараттықәдістемелік қызмет көрсетуін жетілдеру жолдары көрінеді. Мектептегі заманауи кітапхананың рөлі бойынша жүргізілген зерттеулерден келесідей міндеттер қарастырылды:  • кітапхана қызметінің сапасы мен тиімділігі; • мектеп қызметкерлерінің ақпараттық қажеттіліктері; • заманауи ақпараттық-әдістемелік орталық ретінде перспективалық бағыттары. Зерттеуге мектеп-гимназиясының мұғалімдері мен әкімшілік мүшелерінен 75 қатысушы қатысты. Олар алынған оқу, әдістемелік ақпараттар деректері бойынша келесідей үлгіде орналастырылды (1-сурет). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
1-сурет –Алынған ақпарат деректері бойынша орналастырылған 
 
Мониторингтен алынған деректер талдамасы қолданушылардың (50%) көп бөлігі дәл осы мектеп кітапханасының ақпараттарына жүгінетінін көрсетеді.  Қолданушылар неғұрлым жиі ақпараттар алу үшін мектеп кітапханасына барады: 53% - аптасына бір рет және жиі, 31% - айына бір рет және жиі, 4% күнде (2-сурет). 
Ақпараттарды алу деректері 
Әдіст.кабинет, әріптестер  9% 
Мектеп кітапханасы 50% 
Жеке кітапханалар 30% 
Қалалық кітапхана  11% 
28 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2-сурет – Мектеп кітапханасынан ақпараттарды алу және бару жиілілігі бойынша қатысушыларды орналастыру 
 
Мониторинг барысында педагог қызметкерлерді ақпараттандырудың неғұрлым тиімді формасы көрінеді (3-сурет): 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
3-сурет – Педагогикалық қызметкерлерді ақпараттандырудың неғұрлым тиімді формасын орналастыру 
 
Қолайлы ақпараттық тізімдер – 32%, тақырыптық кітап көрмелерін таңдаған педагогтер – 23%, библиографиялық шолуға – 16% сауалға қатысушы. Педагогтер жеке (45%) және топтық (38%) ақпараттандыруға артықшылық бергені байқалды. Мұғалімдер не бары 16% педагогикалық кеңесте, жедел және өндірістік жиналыстарда т.б. жаппай ақпараттандыру қолайлы деп санайды. Мектеп кітапханасында педагогтердің неғұрлым көп бөлігі келесідей ақпараттар материалдарын пайдаланады:  • оқытудың қазіргі заманғы жаңа технологиялары мен әдістері; • пәнді оқытудың технологиялары мен әдістері бойынша материалдар; • білім алушылардың дағдылары мен қабілеттері, білімдерін тексеру үшін материалдар; • Қазақстан туралы оқытуда өлкетану, өлкетанулық аспектілер бойынша материалдар [15]. Мектеп кітапханасы жұмысының жаңа тәсілдеріне қарамастан мектеп кітапханасында жұмыстың негізгі ұйымдастырушылық түрлері өз маңызын 
Ақпараттарды алу жүйелілігі 
Күнде  4% 
53% аптасына бір рет 
Түсуіне қарай5% 
31%айына бір рет 
Әдебиеттердің ақпараттық тізімі 32% 
Тақырыптық кітап көрмелері 23% 
Библиографиялық шолу 16% 
Сұхбат және басқа формалар 11% 
 
 
Ақпараттандыру формасы 
29 
жойған жоқ: көрме, тақырыптық сөре, ертеңгілік, ауызша журнал, кездесу кеші, оқырмандар конференциясы, дискуссиялар т.б. Мектеп кітапханасындағы оқу жұмысының әдістері мен формалары жеке немесе бұқаралық ретінде мынадай, ұсыныс сұхбаттар, кітап көрмелері, оқыған кітаптары туралы әңгіме, оқыған кітаптары мен мақалаларын талқылау, әдебиеттерге шолу, анықтамалықтар, оқырмандар конференциялары, кеңестер, ауызша жұрналдар, әдеби ойындар, таныстырулар өз маңызын сақтаған.  
 
 
 
30 
3 Білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы мектеп кітапханалары қызметін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдері 
 
Бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістер, қоғамның өркениеттік деңгейге жоғарлауы, ашық ақпараттық кеңістікке өту кітапханалардың жаңа бағытта жұмыс істеуін талап етеді. Мектеп кітапханашысының басты мақсаты заман ағымына сай жаңалықта болуы. Ақпараттық жаңа технологиялар мен интернет жүйесі дамыған уақытта оқырмандарға дәстүрлі қызмет көрсетумен қатар, ақпараттық телекоммуникациялық қызметтің сан алуан жолдары арқылы оқырмандарға қызмет көрсету кітапхана жұмысының күнделікті іс-әрекетіне айналуы тиіс. Кітапханалық-библиографиялық жұмысына электронды каталогтарды ұйымдастыру, құжаттарды цифрлық жүйеге енгізу, ақпараттықанықтамалық жұмыстарды электронды жүйеге көшіру кітапхана ісін заман талабына сай сәйкестендіреді. Электронды каталогтарды ұйымдастыру, құжаттарды цифрлық жүйеге енгізу, ақпараттық-анықтамалық жұмыстарды электронды жүйеге көшіру жұмыстары жолға қою. Кітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету және кітапхана қызметтерін жарнамалауда Интернет пен вебсайттарды қолданудың маңызы ерекше болып отыр. Қазіргі таңда Веб 2.0 технология үлкен танымалдылыққа ие, осы технологиямен дайындалынған порталдар мен сайттар білім беру үдерісі субъектілерінің өзара әрекеттестігі үшін үлкен интерактивті мүмкіндіктерді ұсынады. Осы технологияға Moodle (www.moodle.org), Atutor (http://www.atutor.ca), Dokeos (http://www.dokeos.com), OpenUSS (http://www.openuss.org), Sakai (http://sakaiproject.org), ILIAS (http://www.ilias.de/index.html) секілді және т.б. танымал CMS-терді жатқызуға болады. Қазіргі уақытта білім беру ұйымдары үшін сөрелер, оқырмандарға өздік жұмыс жасауға мүмкіндік беретін компьютерлік техникалармен, байланыс құралдары мен компьютерлік техникалармен жеткіліксіз жабдықталған. Электрондық және сандық білім беру ресурстарымен жинақталмаған. Сандық білім беру ресурстары дегеніміз пәндер бойынша интерактивтік нысанда оқытуды қамтамасыз ететінсандық дидактикалық материалдар. Оларға фотосуреттер, бейнефрагменттер, статистикалық және динамикалық моделдер, виртуалдық нақты және интерактивті моделдеу объектілері, дыбыстық жазбалар және басқада оқу материалдары жатады. Қазіргі кітапхананың басты міндеті өз оқырмандарына жаңа электронды қызмет түрлерін ұсыну. Сонын аясында «Құжаттарды электронды түрде жеткізу», «Кітап мерзімін онлайн режимінде ұзарту», «Кітапханашыға сұрақ», «Виртуалды анықтама қызметі» қашықтықтан онлайндық анықтамалықбиблиографиялық қызмет көрсету. Заманауи мектеп кітапханасы – шығармашылық пен зияткерліктің даму ортасы. Сондықтан, жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында еліміздің санаулы мектептерінде инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы кітапхана оқырмандарына қазіргі заман талаптарына сай қызмет көрсету жұмыстарын бастады.  
31 
Кітапхана – білім іздеген адамдардың шаңырағы. Шаңырақ елдің елдігін танытып, берекесін ұйытатын басты ұлттық құндылықтардың бірі, бірлік пен татулықтың белгісі. Алдына мақсат қойған білім алушылардың басын қосып, электронды білімдерін жетілдіру мақсатында оқу курстары мен тренингтер ұйымдастыру арқылы өскелең ұрпақты кітапхана тартудың да маңызы ерекше болып отыр. Білім алушылар кітапханада компьютер және интернетпен жұмыс істеуді үйренеді. Электронды білім оларға интернет арқылы жұмыс орнын іздеуге, әртүрлі әлеуметтік желілерді және электронды үкіметтің онлайн қызметтерін пайдалануға зор септігін тигізері сөзсіз. Кітапхана саласында қолданылып жатқан жаңа ақпараттық технологиялар, электрондық ресурстар, пайдаланушыларға қызмет көрсетудің жаңа формалары, кітапхана қорларын электрондық форматта сақтау – бұл бүгінгі күннің белесі. Әлемдік ақпараттандандыру және қоғамды компьютерлендіруге деген тенденция компьютерлік сауаттылыққа үйрету, ақпаратты қоғам технологияларына, ақпараттық ресурстар мен қызмет көрсету жүйесін ұйымдастыру және пайдалануда әртүрлі ақпараттарға көп аспектілі және жедел түрде кіруді қамтамасыз ету басты мәселе. Заманауи мектеп кітапханаларының басты міндеті біртұтас электрондық кітапханалық жүйені қалыптастыру, автоматтандыру жұмыстарын кеңейту. 
 
Электронды каталог – ақпарат іздеудегі басты құрал. Электронды каталогты қолдану кітапхана оқырмандарына қызмет көрсету мүмкіндігін кеңейтеді, сонымен қатар электронды каталогты пайдалану арқылы кітаптар, мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі электронды басылымдарды жылдам тауып, табылған әдебиеттер тізімін басыпшығаруға болады: - электронды каталог (ЭК) дәстүрлі карточкалы каталогпен қатар жүргізіледі және кітапхананың анықтама-іздестіру аппаратының құрама бөлігі болып табылады; - электронды каталог кітапхана қорларының ғылыми және толық мазмұнын ашады. Бүгінгі мектеп кітапханасының материалдық қорының жағдайы, техникалық жабдықтары, Интернетке қол жетімділігі, автоматтандырылған кітапханалық бағдарламасының болуы (РАБИС, ИРБИС т.б.), бағдарлама болған жағдайда электронды каталогтың болуы заңдылық. АИБС «МАРК-SQL» бағдарламасы негізгі кітапханалық қызметтерді кешенді автоматтандыруды қамтамасыз ететін мектеп кітапханаларына арналған бағдарлама. АИБС «МАРК-SQL» бағдарламасы қорды әдебиеттермен толықтыру, түскен басылымдарды ғылыми және техникалық өңдеуден өткізу, оқырмандарға қызмет көрсету, анықтама-ақпараттық қызмет, кітапхана қорын есепке алу жұмыстарын жүргізеді [16]. 
 
АИБС «МАРК-SQL» бағдарламасы: • кітапхана қорындағы кітаптардың, оқулықтардың және басқа да ақпарат көздерінің электронды каталогын құруға; 
32 
• қашықтықтағы деректер базасына кіру мүмкіндігі; • мектептің құрылымы және әр сыныптың оқшылар саны жөніндегімәліметтерді енгізу арқылы оқулықпен қамтылуын анықтауға; кітап беру есебін жүргізуді автоматтандыру; • кітапханаға сыныптар бойынша кітаптарын уақытылы тапсырмаған оқушылардың есебін автоматты түрде анықтауға; • деректер базасында ұсынылған оқулықтар мен оқу құралдарының тізімі бойынша оқулықтарға сұраныс дайындау; • оқушылардың оқу бағыттарын анықтау; • тақырыпқа сай қажетті әдебиеттерді электронды каталогты, кілт сөздер тізімін пайдалана отырып іріктеу;Интернет арқылы қашықтықтағы деректер базасынан толықмәтінді және мультимедиялық ресурстарға қол жеткізу; • АИБС «МАРК-SQL»бағдарламасы негізінен мектеп кітапханашыларына арналған. • мұғалімдер мен оқушылар да электронды каталог қызметін пайдалана отырып қажет әдебиеттерін жедел түрде іздестіруіне мүмкіндік береді. Ғылым мен техниканың ерекше алға басқан қазіргі кезеңінде мектеп кітапханасының қызмет көрсету ауқымы электронды ресурстармен толығуы керек. Заманауи ақпарат тасымалдаушы технология жүйесінде де, кітапхана маңызды буын болып саналады. Мектеп кітапхана ісін автоматтандыру жүйесі оқырмандарға қажетті электронды ақпараттар қорын жинақтап, оны компьютерлік желілер мен интернет жүйесі арқылы жеткізудің негізгі құралы екені анық.  Заманауи ақпараттық кеңістікті игеру, санасын ояту, адамның жетілуіне мүмкіндік беретіні белгілі. Ауыл кітапханаларын жаңарту, жаңғырту үшін жергілікті билік органдары мен кітапханақызметкерлерініңбірлескен іс-қимылы қажет. Кітапхана жұмысын жаңғыртуға кітапхана қызметкерлерініңбелсенді болуы арқылы және мектеп әкімшілігінің оң көзқарасы жағдайында ғана кітапхананың – білім мен ақпараттың нағыз орталығына айналады. Қазіргі уақытта кітапханашының қызметі мүлдем өзгереді деуге болады. Заман ағымына сай мектеп кітапханасы қызметін пайдаланушылардың интеллектуалды деңгейі мен сұраныстары өте жоғары, мазмұны да өзгерген. Бүгінгі кітапханашы – менеджер, ол – бағдарламашы, ол – психолог, бірнеше саланы меңгерген, дәлірек айтқанда, кітапхана ісінің дамуын алға жылжытатын, қызмет көрсетудің әдіс-тәсілін қалыптастыратын білікті маман болуы шарт. Қоғамда кітапханашы беделі жоғарылап, мәртебелі мамандық ретінде танылып келеді.  Кітапхана саласында қолданылып жатқан жаңа ақпараттық технологиялар, электрондық ресурстар, пайдаланушыларға қызмет көрсетудің жаңа формалары, кітапхана қорларын сақтау – бүгінгі күннің белгісі. Библиографиялық қызмет көрсетудің өзінің қызмет аясы ретінде «библиографиялық ақпарат – пайдаланушы» жүйесі бар, мақсаты – библиографиялық ақпаратты оқырманға тиімді жолмен жеткізетін жағдай жасау.Оның нәтижесі ретінде құжаттар туралы мәліметтерді тарату мақсатында 
33 
жүзеге асырылған «шаралар» жиынтығынатауға болады: орындалған библиографиялық тізімдер саны, әдебиеттер тізімі, мамандар күндері, ұйымдастырылған көрмелер, әдебиеттер шолуы және т.б. Аталған барлық нәтиже көз жетерлік, есепке алуға жеңіл, және оған қарап библиографиялық жұмыс ауқымы мен сапасы анықталады. Осы процестер жиынтығы – библиографиялық ақпаратқа деген сұранысты қанағаттандыру міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.  Мектеп кітапханасының кең жолақты Интернетке (бұдан әрі – КЖИ-ға) қосылу, электрондық білім беру жүйесі үшін жабдықтармен қамтамасыз ету және жеткізушілердің қызмет көрсетулерін таңдау мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүргізілетін болады [17].  Әлемдік инфрақұрылымды өзгерткен техникалық жаңалық гипермәтіннің жасалуы болды. Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Webпарақтарының бір ортақ қасиеті – олардың барлығы да HTML тілінде жазылған. HTML тілінде Web-парақтарды жасау бағдарламалауға ұқсас болғанмен, ол қарапайым бағдарламалау тілі емес. HTML – гипермәтіндік белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web-парақтар түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды. Гипермәтін – өзара байланыс жасайтын кез келген жерге орналасқан құжаттардың арасындағы байланыс. Гипермәтін немесе гипермәтіндік құжат басқа ресурстарға сілтеме бола алады, таңдалған жүйелілік ізімен мәтін элементін қолдана отырып, басқа құжатқа өте алады. Бүгінгі таңда Интернет әлемдік желілік құрылымына қолданушылардың белсенді қосылуы жүріп жатыр. Уақыт кітапхананың өз ауқымында өзіндік қорларын мың есе арттыратын толықмәтіндік (гипермәтіндік) базаларға қол жеткізуді ұйымдастыру қажеттілігін мәжбүрлеп отыр. Гипермәтін мен гипермедианың мүмкіндіктері электрондық ресурстар жасауда тиімді қолданылып келеді. Гипермәтіндік басылымдардың көптеген түрлері бар. Олардың бір бөлігі – білім беру мақсатында қолданылатын кәдімгі қағаз басылымдар дубликаты.  World Wide Web (WWW) –Интернет желісі арқылы ақпаратты қабылдауды жеңілдететін мәтін, графикалық иллюстрация, дыбыстық фрагменттер және анимациялар біріктірілген құжаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін технологиялар. Жалпы алғанда, WWW Интернет желісі қызмет ететін коммуникациялық негіз, ауқымды гипермәтіндік орта. Олардың көмегімен, барынша үлкен қашықтыққа ақпараттың кез-келген көлемін жедел беруге, үлкен көлемді ақпараттарды компьютердің жадында оларды кез-келген уақытта қағазға шығарып алу мүмкіндігімен, ұзақ уақытқа сақтауға, интерактивтік байланыс көмегімен жедел кері байланыс орнатуға, Интернет желісінің арқасында түрлі ақпарат көздеріне еркін қол жеткізуге болады. Білім беруде Интернет желісінің электрондық пошта, телеконференция, жіберу тізімдері (Mailing lists), электрондық оқулықтар, электрондық кітапханалар, WWW де ақпарат іздеу сияқты мүмкіндіктері кең қолданылып жүр.  Электрондық пошта көмегімен берілген кез-келген қашықтықтағы адреске ақпараттың барлық түрлерін жіберуге болады. Білім беру саласында 
34 
электрондық пошта көмегімен бір мақсатта білім алатын түрлі топтардың өзара байланысы жүзеге асырылады. Олар республиканың әртүрлі өңірлерінде немесе әлемнің түрлі елдерінде отырып, оқу, іздеу немесе зерттеу сипатындағы өзіндік жұмыстарын жүргізе алады. Әлемдік гипермәтіндік орта (WWW) көмегімен білім беру ұйымдары өз қызметтері жайлы ақпараттарды жариялай алатын, WEB-беттер құру арқылы практикалық, ғылыми, әлеуметтік потенциалдарын жариялау мүмкіндіктеріне ие болады. WEB-беттер көмегімен қажетті ақпаратты іздестіруді жүргізуге болады. WEB-технологиялар Интернет желісінің кез-келген ресурстарына жеңіл қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Интернет, телекоммуникациялық желілер медиатека абоненттеріне әлемдік ақпарат ресурстарына қол жеткізуге, электрондық жәшіктер – елдегі және шетелдегі құрбыларымен қарым-қатынас жасауға мүмкіндіктерін береді. Осындай медиатека жұмыс тәжірибесі көптеген елдерде бар.  Мәселен, Польшада кітапхана атауы өзгеруде: мультимедиялық ақпарат орталығы, кітапханалық-ақпараттық орталық, ақпараттық-білім беру орталығы, мектеп ақпараттық орталығы, медиатека, өздігінен білім алу, ақпарат орталығы, мектептің кітапханалық-ақпарат орталығы немесе ақпарат қорлары орталығы. Ең маңыздысы мектеп кітапханасы жаңа сапада мектептегі оқу процесінің нақты тірегі болып отыр. Олар оқырманға кітапхананың дәстүрлі құжаттары мен мультимедиялық оқу құралдарын, сонымен қатар ақпараттарға қол жеткізу мен Интернеттегі оқу материалдарын ұсына алады.  Сондықтан заманауи мектеп кітапханасына Интернет-залдардың болуы маңызды. Кітап қорында жоқ материалдарды, қосымша іздену мақсатында интернет желісі қосылса өте орынды. Интернет-зал құрал-жабдықтармен, үзіліссіз қорек желісімен,телефон және факсимилдік аппараттармен, телефон желісімен, мини АТС және жиһаздармен жабдықталуы қажет. Электрондық ресурстар залы– бұл электрондық ғылыми ресурстарға қол жеткiзу мүмкiндiгi. Заман ағымына сай еліміздегі бірқатар мектеп кітапханалары, қорларын электрондық жүйеге көшіріп жатқан болса бұл үлкен жетістік. Мектеп кітапханалары бірнеше халықаралық электрондық кітапханалармен (АБИС ИРБИС, SCOPUS), каталогтармен (Elsevier) жұмыс жасап байланыса алатын еді. Өзінің де электрондық қоры ашық, жалпыға бірдей қолжетімді болады. Қорларды пайдалану, іздестіру механизмдері қазіргі кітаптардың каталогын жасау кезінде қолданатын параметрлерден тыс палеграфиялық, археографиялық, кодикологиялық, лингвистикалық ерекшеліктерін де қамти алатын болады. Электрондық кітапханадан кітаптар, анықтамалықтар, сөздіктер мен жұрналдарды тегін электрондық түрде жүктеп алуға болады. Навигацияның ыңғайлы болуы үшін авторлардың алфавиттік каталогынан басқа шығарманың алфавиттік каталогына қол жеткізуге болады, яғни, кітаптарды алфавиттік тізімдер (www.bookz.ru) бойынша іздеуге болады. Мектепкітапханасы Интернет арналары арқылы оқырмандарға кітаптардың электронды көшірмелеріне қол жеткізу мүмкіндігімен қамтамасыз ету керек (4сурет). Сондықтан да кітапхана міндеті мектеп қауымдастығына жедел ақпарат алуына жағдай жасау. Кітапхана жаңа заманауи озық техналогиялық 
35 
жабдықтармен жабдықтау міндетті болып табылады. 
 
 
 
4-сурет – Мектеп кітапханасының Интернет-залдары 
 
Мектеп медиатекасы дегеніміз әртүрлі нысандағы құжаттарды жинақтаған және қажетті арнайы құрал-жабдықтармен және техникалық құралдарды пайдалана отырып, оларды пайдаланушыларға жоғары деңгейде ұсынатын қазіргі заманғы озық кітапхана. Кітапхана – медиатека мектептің жергілікті жүйесінде бола отырып, әлемдік ақпараттар қорына шығуға жол ашады. Барлық кітапхана-медиатекалар үшін басты медиаматериалдар қорын қалыптастыру ғана емес (бұл жұмысты осы немесе басқа шамада барлық кітапханаларға жүргізу керек болады), медиамәдениет, медиасауаттылықты дамыту мен қалыптастыру жұмыстары да тұр. Бүгінгі таңда «кітапхана-медиатека», «кітапханалық медиаорталық» атауымен қатар «медиатека», «мультимедиялық оқу орталығы» ұғымы бар. Мектеп кітапханаларында компьютерлік залдар, бейнетекалар басты қажеттілік болып отыр. Оларды құру технологиясы мен жұмысын ұйымдастыру әлі қалыптасу кезеңінде, бірақ олар басқа дакітапханалардың айнасына айналып оқырмандарды қызметтің жаңа түрлерімен жұмылдыруда. Мектеп кітапханашысының кәсібі өзгеруде. Кітапханашы-медиамаманның аудиовизуалды және электрондық құжаттар, жаңа технологиялармен жұмыс істеу қабілеті болуы қажет. Ақпараттық орталық кітапханашысы ақпараттарды 
36 
талдамалы-жинақтамалы өндеу және оны жасау мен тарату әдістерін игеруге міндетті, педагог-кітапханашыда педагог кәсібіне қатысты барлық дағдылар болуы керек. Мектеп кітапханасы үшін жалпы пайдаланушыларға баспа ғана емес, сонымен қатар электрондық ақпараттарды тиімді қолдану дағдыларына үйрету де, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда оның қызметіне жатады. Педагог-кітапханашы белгіленген біліктілік сипатына сәйкес ақпараттық ресурстар және кітапхана қорымен жұмыс жасауынан басқа педагогикалық жұмыс міндетіне ауысады. Ол бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру беру бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысуы, сонымен қатар білім алушылардың қосымша білім алуын жүзеге асыру,үйірме, клубтық және басқа да жұмыс формаларының ақпараттық-кітапханалық қызмет түрлері мен әдістеріне, инновациялық технологияларды игеру, сөйлем және ақпараттық мәдениетінің дамуы, әдебиетке қызығышылығын қолдау, оқуының жоғарылауы, тәрбиеленушінің мәдени дамуына да байланысты болуы мүмкін. Мектеп кітапханасының болашағы әрбір нақты білім беру ұйымдары, білім беру жүйесінің ішкі қажеттіліктері мен сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделу икемділігіне, инновацияларды меңгере алуына көп байланысты. Кітапханалық-ақпараттық қызметтің ортақ міндеті қоғам мүшелерінің ақпараттық қажеттігін қанағаттандыру болып табылады. Сондықтан ақпараттық қажеттіліктер ерекшелігін зерделеу кітапханалық-ақпараттық қызмет жүйесін жасаудың негізі іспеттес. Ақпараттық қажеттіліктер туралы мәліметтер ақпарат қорын жасақтаумен сақтауды ұйымдастыруда, ақпараттық, ақпарат пайдаланушыларына кітапханалық – библиографиялық қызмет көрсету процестерінде және тағы басқа ақпараттық-кітапханалық қызмет жүйесінің маңызды кезеңдерінде пайдаланылады.  
 
Мектеп кітапханасының негізгі бағыттары: • азаматтардың конституциялық құқығы мен кітапхананы пайдалану нормаларына сәйкес ақпараттар алуына жағдай жасау; • кітапхананың кітап қорын бүгінгі заман талабына сай деп саналатын маңызды, құнды басылымдармен толықтыру; • жаңа ғасырдағы тұлғалардың қалыптасуына, адамзат баласының рухани дамуына, білімді ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу; • кітапхана ісіндегі ақпараттық автоматтандыру процестерін жетілдіріп, ақпараттық ресурстар құру, дерек қорларды толықтыру; • жаңа технологиялық қызмет көрсету, электронды құжаттар жеткізу қызметінің белсенділігін арттыру.  Кітапхана саласын жаңғырту ақпараттық қоғамның жалпыәлемдік даму тенденциялары есебімен жаңа ақпараттық технологиялар негізінде Қазақстан халқының бәсекеге қабілетті ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсетуін қалыптастыру болып табылады. Қоғамның интеллектуалды бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру мен еліміздің мәдени және ақпараттық тұтастығын қамтамасыз етуде кітапхана рөлін нығайту, білім деңгейі, әлеуметтік жағдайы, тұрғылықты жеріне қарамастан Қазақстанның әрбір азаматына әлемдік 
37 
ақпараттық ресурстар, демократиялық мүмкіндіктеріне қамтамасыз ету маңызды. 
 
Мектеп кітапханасы саласын жаңғырту талаптарына келесідей міндеттерді орындауды қамтамасыз етеді: 1) кітапхана ісінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру; 2) кітапханашылардың кәсіби дамуымен кадрлық мәселелерді шешу; 3) кітапханалардың ақпараттық, электрондық ресурстарын біртұтас ақпараттық жүйеге біріктіру, кітапхана қызметін, электрондық ақпараттық ресурстардың өсуіне жәрдемдесу; 4) мектеп кітапханасының кешенді дамуы үшін жағдай жасау. 
 
Кітапхана қызметін, электрондық және басқа да ақпараттық ресурстарды дамыту Ақпараттық ресурстарды интеграциялау мәселесі кітапханалардың ары қарайғы дамуының негізгі көзқарастары тұрғысынан мойындалуы керек, біртұтас ақпараттық кітапханалық компьютерлік желіні жасау, Қазақстандық ұлттық электрондық кітапханалар және басым жобаларының болуы «Қазақстан кітапханалары» мемлекеттік электрондық кітапхана қорларының қалыптасу перспективалары дәл осымен байланысты болады. Халықтың көп бөлігіне ақпаратты жеткізу үшін кітапхана салаларын жаңғырту кезеңінде өңірлік, ұлттық кітапханалардың толықмәтіндік және электрондық библиографиялық ресурстарын бірыңғай жүйеге біріктіру қажет. Бұл еліміздің ауылдық, шалғай жерлерініңтұрғындары үшін ақпараттарға қолжеткізуге неғұрлым кең мүмкіндіктер беру. Кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіру, бүгінгі күннің талабына сай, тақырыпты электрондық базалар құру, оқырмандардың сұранысын толығымен қанағаттандырады. Пайдаланушыларды стационарлық режимде, сонымен қатар қашықтықта ақпараттарға қолжеткізу, азаматтардың ақпараттық теңсіздігін жою мақсатында,кітапхана қорларына есеп жүргізу, сақтау, қалыптастыруды қамтамасыз ету мақсатында, кітапхананың корпоративтік және басқа да автоматтандырылған жүйесі мен технологияларын енгізу және әзірлеу бойынша жұмыс жүргізетін, кітапханалық процестерді автоматтандыру және жаңа технологияларды енгізу орталықтарын жасауды жоспарлау қажет.  
 
Біріктірілген ақпараттық электрондық қызметті дамыту үшін басым бағыттар: - «Қазақстан кітапханалары» мемлекеттік электрондық кітапхана қорларының ақпараттық-танымдық веб-порталы жобасын жасау; - «Қазақстанның саржал беттері» журналын шығару (қазақстандық сайттар каталогы), «электрондық үкімет» порталына журналдың электрондық нұсқасы орналастыру;  - екі шрифте және электрондық нұсқада «РБНСГ-Жарғысы» газетін шығару; 
38 
- ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы жанынан бірыңғай виртуалды анықтамалық қызметін енгізу болады. 
 
Мәдени мұраның бөлігі ретінде кітапхана қорының сақталуын қамтамасыз ету Осы бағытты жүзеге асыру мақсатында: •  кітапхана қорының қауіпсіздігі мен сақтау жағдайлары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлау;  • кітапхана қорын консервациялау мен қалпына келтіру, пайдалану мен сақтаудың нормативтік режимін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау; • «Ұлттық мұра» ақпараттық-танымдық веб-порталды жандандыру мен қамтамасыз ету және жасауды ұйғару; • арнайы кітапханалардың құжаттарын жаңғырту және қалпына келтіру орталығын құру керек. 
 
Кадрлық қамтамасыз ету және біліктіліктерін арттыру  Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, электрондық коммуникациялар кезеңінде кітапханашы кітаптарды сақтаушы немесе оқырман қажеттілігінің білгірі ғана емес, сонымен қатар сандық технологиялар саласының маманы, кітапханалықақпараттық салада маркетолог, менеджер, ақпараттық мәдениет жетекшісі де болуы керек. Осыған байланысты кітапханашы қызметкерлеріне үнемі кәсіби білім, білік, дағдыларын жетілдіру қажеттілігі туады.  • кітапхана қызметкерлеріне қоғамның жаңа талаптарына білім, білік, дағдыларын бейімдеу мақсатында кітапханашы мамандықтарын даярлауға және біліктіліктерін көтеруге мемлекеттік тапсырыстарды жасау; «Кітапхана саласындағы қызметкерлердің жергілікті және республикалық деңгейде біліктіліктерін арттыру және қайта даярлау» бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы бюджет шығындарын экономикалық классификациялау құрылымына ұсыныстар енгізу;  • кітапхана қызметкерлерін алыс-жақын шет мемлекеттерге оқу немесе тағылымдамадан өтуге жіберіп отыру қажет.  Мектеп кітапханашысы мектеп кітапханасын басқару мен жұмысын жоспарлауға жауап беру, басқа да көпшілік кітапханалармен байланыс орнату және мектеп қауымдастығының барлық мүшелерімен жұмыс жасап, тиісті қызметкерлерге көмек көрсететін кәсіби білікті маман болып табылады. Әрине әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мектеп кітапханашысының рөлі мектепте оқыту әдістемесі мен оқу бағдарламаларына, бюджетке байланысты өзгеріп, ұлттық қаржылық құқықтық жағдайлармен реттеледі. Мектеп кітапханашысы нақты жағдайлардың ерекшелігінде ең маңызды болатын өз кітапханасының функциясын дамыту мен оларды басқара білу: кітапхана ісі, ресурстар, ақпараттарды басқару мен сәйкес дағдыларға үйрену т.б.білімінің жалпы салалары қолданылады. Мектеп кітапханашылары неғұрлым көп тораптар пайда болған жағдайда соған сәйкес оқыту мен жоспарлау саласында білімдері болуы керек. Сондықтан да мектеп кітапханашылары кәсіби даярлығы мен 
39 
біліктіліктерін үнеміарттырып отыру қажет. Әлемдік ақпараттық кеңістікте білімдегі кітапханалардың қатысуын нығайту және халықаралық ынтымақтастығы Бұл бағыттар екі және көпжақты халықаралық кітапханалық ынтымақтастықты көтермелеу жолымен, қазақстандық кітапханаларды халықаралық кітапханалық, ақпараттықжәне мәдени жобаларда жүзеге асуы керек. Кітапханалар еліміздің біртұтас мәдени, ақпараттық кеңістігін құру, жоғалтқан мәдени және ақпараттық байланысын қалпына келтіру, ақпараттық ресурстарын халықаралық ақпарат желілерімен интеграциялау, қазақстанның өңірлерін шет мемлекеттермен тура ақпараттық байланысын орнату негізгі буын болуы керек. Қазақстандық мамандар Еуропа Кеңесі, Еуропалық комиссия, ИФЛА, ЮНЕСКО т.б. халықаралық ұйымдарының жұмыс тобының қызметтеріне, сонымен қатар олар ұйымдастыратын халықаралық форумдар мен тағылымдамаларға қатысатын болады. Әлемдік ақпараттық кеңістікті интеграциялау мақсатында халықаралық оқылым Конгресін өткізуді жоспарлауда. 
 
Материалдық-техникалық қамтамасыз етуін дамыту мен нығайту Кітапхана саласы материалдық-техникалық қамтамасыз етуде маңызды өзгертулерді талап етеді. Заманауи кітапхана-ақпараттық қызметін ұсыну үшін кітапхананың пайдаланушылар мен оқырмандарға тиісті жағдай жасау, қорларды сақтау үшін жағдай жасау қарастырылады. Заманауи байланыс арналары арқылы қазақстандық және әлемдік ақпараттық ресурстарға қолжетімді ауылдық, қалалық және облыстық кітапханалардың заманауи үлгілік моделдеріәзірленеді. Осыған байланысты кітапхананы материалдықтехникалық қамтамасыз етуді дамыту мен нығайту үшін қаржыландыруды кезең-кезеңімен арттыру қажеттілігі туындайды.  
 
Кітапхана саласын жаңғыртуды іске асыруда күтілетін нәтижелер: 1) кітапхананың даму жағдайын айқындайтын нормативті-құқықтық актілерді әзірлеу; 2) заманауи байланыс арналары арқылы қазақстандық және әлемдік ақпараттық ресурстарға қолжетімділік, мектеп кітапханасының үлгілік моделдерін құру;  3) халыққа кітапханалы-ақпараттық қызметтерді қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін және үнемі дамитынжүйесін қалыптастыру; 4) мүмкіндігі шектеулі және басқа да халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына ақпараттарға қол жеткізуге үшін жағдай жасау; 5) Интернет желісінің қазақстандық ақпаратпен толықтырылу үшін кітапханалық тақырыптық танымдық веб-порталын жасау;  6) бірыңғай ақпараттық жүйеге кітапхананың ақпараттық ресурстарын біріктіру; 7) кітап қорлары қауіпсіздігі мен сақтау жағдайларына зерттеу жүргізу; 8) кітапханашылардың кәсіби белсендігі мен біліктіліктерін арттыру үшін 
40 
жағдай жасау.  Мектеп кітапханасының қызметі және басқару:  • мектептің оқу бағдарламасына байланысты қызметі, басымдықтары мен жоспарлы мақсатында мектеп кітапханасының міндетін айқындайтын саясаты қалыптастырылуы керек; • мектеп кітапханасының жұмысы кәсіби нормаларына сәйкес жүзеге асып, ұйымдастырылуы қажет;  •мектеп кітапханасы ұсынатын қызметтер мектеп қауымдастығының барлық мүшелеріне қол жетімді болуы қажет және кітапханалар жергілікті халық қажеттілігімен жұмыс істеуі керек;  •мектеп кітапханасының мұғалімдер, мектеп басшылығы, әкімшілікпен, ата-аналармен, басқа да кітапхана қызметкерлер, ақпарат саласындағы мамандармен ынтымақтастығын мадақтау. Мектеп қызметкерлері, басшылары мен мектеп кітапханашыларына мектеп кітапханаларын аса тиімді даму бағдарламаларын құруға көмектесу мақсатында Колорадо штатының білім департаментінде құжат дайындалды. Құжатта мектеп кітапханаларының дамуы және олардың бағдарламаларын бағалау үшін төрт деңгейді ұсынады: • кітапхана аса тиімді, ол жоғары сапалы жұмыстың үлгісі; • кітапхана жұмысының толық және көпшілік бағыттары тиімді;  •кітапхана үдемелі, жағымды дамушы. Ол дәйекті түрде қызмет саласындағы жеткіліксіз дамуын жетілдіру, тиімді дамуда алға жылжиды;  • кітапхана тиімсіз, ол заманауи шынайылықтан қалуда, мүмкін оның дамуы қандай да бір кедергілерді тежейді.  
 
 
Бағалау үшін жұмысының негізгі алты бағыттары ұсынылған «Оқыту, оқу ортасы», «Кітапхана қызметкерлері», «Мектеп кітапханасы дамуының бағдарламасын қолдау», «Көшбасшылық», «Басқару және ресурстар» және «Кітапхана қауымдастығы».  
 
Кітапхана қорын жаңарту барысында әдебиеттің көкейкестілігі, жаңалық, ғылыми және көркемдік құндылықтарын ескеру қажет. Кітапханашылар қолданыстағы нормативті-құқықтық базаларды білуі керек.  Заманауи мектеп кітапханасы ақпарат жинақтаушы және сақтаушы, білімдер жиынтығының қуат көзі тәріздес. Бүгінгі күні кітапханалар саласының көбі ақпараттық-кітапхана орталықтары ретінде қызмет ету үстінде. Осы тұста дәстүрлі ұйымдастырылған кітапханалар қызметінен басты айырмашылығы – заманауи мектеп кітапханасына мектепішілік ақпарат пен кітапхана қызметін басқару үрдісін енгізу. Мектеп кітапханасы басқа құрылымды бөлімшелерге көмек көрсете отырып, мектептегі ақпараттық деректерге бірыңғай анықтамабиблиографиялық аппарат жасай отырып, жаңа, дәстүрлі емес ақпарат тасымалдаушыларды қордың құрылымдарына қоса отырып, өз құзыреттілігіне ұйымдастырушы және үйлестіруші қызметтерін жүктеу. 
41 
Бүгінгі таңда білім беру процесінің қатысушылары: кітапханашы, педагогтер, оқушылар – баспа ретінде, сонымен қатар электрондық ресурстар көмегімен толық және жедел ақпарат алуға тырысады. Ақпаратты тез таба білу, оны бағалау және өз мүддесіне қолдану әр адам үшін қажетті дағдысына айналды. 
 
 
 
42 
4 Мектеп кітапханалары ресурстарын дамыту 
 
Қазіргі кезде жалпы білім беретін ұйымдарда мектеп кітапханасын толықтыруға байланысты көптеген мәселелер орын алып отыр. Мектеп кітапханасының ресурстық базасы жеткіліксіз қаржыландыруына байланысты кітап және ақпараттық нарық мүмкіндіктері жағынан едәуір артта қалып келеді. Бүгінгі таңда мектеп кітапханасы бос уақытта кітап оқу мен ағымдағы оқу процесін қамтамасыз етіп қоймай, білім беру ұйымдарындағы жаңартылған білім берудіңақпараттық, тәрбие орталығының ресурстық базасы болып табылады. Яғни мектеп кітапханасы тек ақпаратты сақтау орталығы емес, сонымен бірге оқырманға ақпаратты пайдалануғажағдай жасау қажет. Мектеп кітапханасының міндеті пайдаланушылардың сыни ойлау және барлық ақпараттар түрлерін тиімді қолдануына түрткі бола отырып, барлық мектеп қауымдастығына оқу бағдарламаларын, кітаптар және басқа да ақпараттық ресурстарды ұсыну. Ақпараттандыру арнасында мектеп кітапханасының (барлық білім беру процесіне қатысушылары – оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар) әлеуметтік белсенділігінің жеке аспектілері өзгеріп дамиды. Осылайша академиялық еркіндік және біртұтас оқу бағыттылығымен электрондық ресурстар базасы арқылы оқушылардың жеке тұлғасын дамыту мәселелерінің шешімдерін тоғыстыратын жиынтықтарын жасау қажет болып отыр. Онда мектеп кітапханасының желілік өзара әрекеттестігі тиімді. Бұл технологиялық, әлеуметтік-ақпараттық және педагогикалық жүйе мектеп кітапханашысының функционалдық міндеттерін әртараптандырады, яғни бір жағынан мектеп кітапханашысының міндеті мен дәстүрлі миссиясын үйлестіру арнасында әдіскер, жүйелік әкімшіинтернет-жобалар модераторы міндеттерімен, екінші жағынан мектеп педагогы міндетімен педогогтық құзыретін жүзеге асыру арнасына алмастырады. Мектеп кітапханашысы бұл қызмет бағыттарына жетекшілік және мектеп кітапханасының желілік өзара әрекеттестігінде бірлескен мектеп тобына басшылық етеді.  Отандық педагогиканың озық өкілдері оқушылардың оқудағы жетістіктерінің деңгейін жетілдіруге кітапхана ресурстары мазмұнының ықпалына көңіл аудара отырып, мектеп кітапханасы қашанда оқу-тәрбие процесінің маңызды буыны ретінде қарастырған. Білім беру ресурстарының (оқулықтардың жеке топтамасы, жұмыс дәптерлері – жеке қолданатын құжаттық білім беру ресурстары, ОӘК басқа элементтері) жеке жүйесін қалыптастыру үрдістері күшейтілетін, бүгінгі таңдағы оқу ақпараттарына үнемі қол жеткізудің бірден-бір шарттары болып табылады.  Кітапхана тез қарқынмен дамып келе жатқан ақпараттық-білім беру кеңістігінің бөлігі. Кітапхана ақпараттық ресурстарды жинақтау мен олардың қолжетімділігін қамтамасыз ететін мәдени және білім беретін, ғылыми және көмекші әлеуметтік институт болып табылады. Ақпараттық ресурстық кең таңдауы бар жағдайда жас оқырмандарды ақпараттық ізденістің оқудың ерекше типіне – жылдам оқу, түрлі белгі-символдық белгілерді түсіну және шифрын 
43 
шешу қабілетіне негізделген әдістемесіне үйрету маңызды екені даусыз. Білім берудің жаңартылған мазмұны контексіндегі ең негізгі міндеттердің бірі – оқушылардың ақпараттық мәдениетін көтеруді жетілдіру, олардың оқу дағдыларын меңгеруіне, өз бетінше білімін тереңдетуіне ықпал жасау. Білім сапасының жаңа жетістіктеріне қол жеткізетін маңызды ақпараттық ресурстар орталығы ретінде мектеп кітапханасының кітапханалық кеңістікте алатын орны ерекше. Мектеп кітапханасы біріншіден, оқу үрдісін қажетті ақпараттармен және құжаттармен қамтамасыз ететін болса, екіншіден, ол арнайы кітапхана, үшіншіден сол мектептің бүкіл педагогикалық жұмысын, мектеп оқушыларын мектеп бағдарламасына қосымша және бағдарламадан тыс ақпараттармен қамтамасыз ете отырып, көпшілік кітапхана қызметіне де жақындайды.  Білім беруді жаңғырту кітап нарығы, білім беру мен кітапханалықақпараттық қызмет нарығын қалыптастыру аясынан шығады. Сондықтан да білім беру ұйымдарында (бірінші кезекте мектептегі) кітапхана міндеті күрт ұлғайып, күрделенеді. Мектеп кітапханасы әлеуметтік институт ретінде бүгінгі таңда дамудың бірнеше эволюциялық сатылары арқылы серпіліс жасау керек. Заманауи жағдайда мектеп кітапханалары жаңа сапада қызмет жасау – медиаорталықтарға айналуы қажет. Дәстүрлі кітап қорлары бар кітапханалармен қатар жаңа жұмыс орындар қызмет етеді: бейнетекалар, фонотекалар, диатекалар, ойынқоймалар. Электрондық оқулықтардың (CDROM) пайда болуымен кітапханада Интернет желісіне қосылған компьютерлер, электрондық каталогтар, ксерокөшірмелі техникалар болу керек. Кітапханаларды жинақтау, сақтау мен дәстүрлі, дәстүрлі емес баспаларды ұсынушы ретіндегі міндеттерінен жаңа ақпараттарды құрушы (дайджесттен, газеттер, журналдар, аудио, бейнебағдарламалар, веб-парақшалар, сайттар т.б.), яғни кітапхана-медиатекалар деп қайта құру қажет. Нәтижесінде қор құрамы өзгереді, оған аудиовизуалдыжәне электрондық құжаттар, сонын ішінде электрондық оқулықтар, компакт-дискілер кіреді. 2020 жылға дейін Интернет желілеріне білім беру ұйымдарының 90 %-нан астамы қосылатын болады деп жоспарлануда. Жоғары технологиялар мектеп кітапханасында болуы тиіс оқу құралдарын өзгертті. Мәселен, электрондық оқулықтардың пайда болуы. Колумбияның федералдық округіндегі қоғамдық мектеп зерттеудің сынақ бағдарламаларын орта мектептің оқушыларына арналған оқу үшін заманауи электрондық құрылғыны (E-reader) енгізді. Оның беті (E-Ink) кітаптан үлкен емес, бірақ қағаз тәріздес экран деп аталады. Кейде оны «сиядағы экран» деп те атайды. E-Ink беті әдеттегі қағаздағы полиграфиядан жоғары әріптердің оптикалық кереғарлығын бермейді. Басқаларға қарағанда (мәселен, LCD) E-Ink артықшылығы – артық салмақсыз, жұқа болып келеді. Сонымен қатар E-Ink-нің де кемшіліктері бар: оны тек жақсы және бірқалыпты жарықтандыруда ғана оқуға болады.  Білім беру процесін жаңғырту, білім беру саласын ақпараттандыруғабайланысты барлық денгейдегі балалар мен жеткіншектер үшін бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістіктерін құру, оқу, көпшілік және 
44 
балалар ресурстарынбірлесе ұйғаруда мектеп кітапханаларын мен қоғамдық кітапханаларға бірлесе қызмет атқару мәселесі өткір тұр. Қазіргі кезде заман талабына сай кітапхана ресурстарын пайдалану және білім беру процесінде оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін кітапхана кеңістігін ұлғайту аса қажет. Мектеп кітапханасы мектеп оқушысының жаңа серігіне айналуы тиіс, олар әлемнің кез-келген жерінен қажетті ақпараттарынала білу, әлемдік ең үздік білім беру ұйымдарынакез-келген уақытта қол жеткізеалатын болуы керек. Ол үшін мектеп кітапханаларының ақпараттық ресурстарын дамыту басты орын алатыны сөзсіз. Мектеп кітапханасының білім беру ресурстары мен құралдары ретінде төмендегі тізімде көрсетілген ақпараттық ресурстары қорлары болуы тиіс:  • кітаптар, оқу және әдістемелік құралдар, көркем әдебиеттер.  • энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалық және танымдық әдебиеттер. • мерзімді басылымдар. • аудио-, бейнематериалдар. • мультимедиялы материалдар. • сандық онлайн ресурстар.  • толық мәтінді мәліметтер базасы.  • компьютерлік бағдарламалар. • электрондық басылымдар мен оқулықтар.  Білім беру бағдарламаларына сәйкес әртүрлі тасымалдағыштарда ресурстармен өздігінен білім алу, білім беру процесін қамтамасыз етеді. Мектептің ақпараттық-кітапханалық ресурстарын әртүрлі тасымалдағыштарда қолдану дегеніміз: - қағаз (кітап қоры, мерзімді басылымдар қоры); - сандық (CD-дискілер, аудио-бейне үнтаспалар қоры); - коммуникативтік (компьютерлік желілер) және басқа да тасымалдағыштарда.  Мектеп кітапханасы ақпарат тасымалдаушылар мен жаңа технологиялардамуыныңмүмкіндігіне қарай біртіндеп көмекші және оқу әдебиет қоймасынан аудиовизуалды материалдар мен жабдықтардың үлкен таңдауы бар, компьютерлік және басқа да техникалық құрылғылармен жабдықталған әртүрлі оқу ресурстары бар, қазіргі таңда жиі медиа орталық немесемедиатека деп аталатын ақпараттық орталыққа айналуы керек.  Кітапханының бүгінгі уақытта жасалған ақпараттық, мәдени және білім беру мекемелері ретінде инновациялық даму мүмкіндіктері әлі де жойылмай отыр, заманауи мультимедиялық оқу орталықтары мен медиатеканы міндетті трансфорациялаумен оның перспективалары бітпейді. ХХІ ғасырда кітапхана саласын дамыту тек республика ішінде ғана емес, халықаралық кітапханалармен байланыс орнату, пайдаланушыларға сапалы қызмет көрсету, жаңа технология, бағдарламаларды енгізу, кітапхана қорын насихаттау, кітапхана қорын пайдалану мүмкіндігін кеңейту, ақпараттық ресурстарды құру мен сақтау – бұл жаңа бағытта жұмыс істеуді талап етеді. Қазіргі заманғы 
45 
мектеп кітапханалары ақпараттар мен құжаттарға сұранысты орындау қашықтық пен сұраныстағы ақпараттың орналасқан жеріне тәуелсіз, пайдаланушылардың барлығына дерлік қолжетімді болу керек. Мектеп кітапханасының материалдық-техникалық базасын жабдықтау мен жаңарту оны жаңғыртудың басым бағыттары болуы тиіс. Халықаралық және отандық тәжірибе көрсеткендей, заманауи техникамен жақсы жабдықталған мектеп кітапханасы қорларын жинақтау, кітапхананы қолданушыларға уақытылы неғұрлым толық қолжетімделігін қамтамасыз ету, қашықтықтан оқытудың едәуір қолдауына ие болған мектеп кітапханасы мектептің нағыз ақпараттық орталығына айналады. Мектеп кітапханасын заманауи ақпараттық қоғамның дамуы мен қалыптасу жағдайында ресустарды интеграциялау үрдісін қамтамасыз ету мақсатында неғұрлым маңызды болып отыр.  Мектеп кітапханасының кітап қорын каталогтау мен жүйелеу олардың ақпараттық ресурстарын біріктіру ақпараттық-кітапханалық қызметтің жылдамдығын көтереді, ұсынылатын қызметтің саласын кеңейтеді, ақпараттықкітапханалық процестердің жұмыс ауқымдылығын және оның жүзеге асыру шығындарын төмендетеді. Осы мақсатта автоматтандырылған ақпараттықкітапханалық жүйенің заманауи үйлесімділігін орта білім беру ұйымдарына кең түрде енгізілуі қажет. Оқырмандардың оқу-іздену барысында қажетті ақпаратпен жедел түрде қамтамасыз етудің бірден-бір жолы – кітапханада электронды каталогтар дерекқорының (ЭКДҚ) болуы. Электронды кітапхана электронды ресурстарын құру мақсатында оқулық, оқу құралдарының сандық жүйеге көшіру жұмысын жүргізу. Бұл электрондық каталогтар білім алушылардың оқу-іздену үрдісіне тигізетін үлесі зор, өйткені ол кітапхана қорындағы бар құжаттар туралы мәліметті жедел алуға, тақырып бойынша керекті оқулықтардың тізімін іріктеуге, жаңа түскен кітаптар мен газетжурналдарда жарияланған мақалалар туралы мәліметті жылдам тауып алуға мүмкіндік береді және оқырманның уақытын үнемдейді. Орта білім беру ұйымдарының заманауи білім беру нәтижесіне жетудің негізгі шарттары әрбір білім беру ұйымдарында ақпараттық – білім беру (АБО) ортасының болуы – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде білім беру қызметін жүзеге асыруға арналған жағдайларын қамтамасыз ететін құралдар мен ресурстар жүйесі.  Орта білім беру ұйымдарының ақпараттық-білім беру ортасына:  • ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (компьютерлер, басқа да АКТ жабдықтары, коммуникациялық арналар) техникалық құралдарының жиынтығы; • ақпараттық білім беру ресурстарының кешендері, сонын ішінде баспа және сандық (электрондық) білім беру ресурстары (Интернет желілерінде және ауысымды оптикалық тасымалдағыштарда);  • заманауи білім беру ортасына оқытуды қамтамасы ететін заманауи педагогикалық технологиялар жүйесіжатады.  Орта білім беру ұйымдарының АКЖ (ақпараттық коммуникациялық жүйе) мектеп қауымдастығының барлық мүшелеріне (әкімшілік, педагогтер, білім 
46 
алушылар және олардың ата-аналары) жасалып: 1) білім беру процесін ақпараттық-әдістемелік қолдау, сонын ішінде оны ресурстық қамту мен жоспарлауды;  2) білім беру процесінің нәтижесін және барысын тиянақтау және мониторинг жүргізуді;  3) білім алушылардың денсаулығының мониторингісін; 4) ақпараттарды ұсыну мен сақтау,өңдеу, талдау, жинау, іздеу, құрудың заманауи тәртіптері; 5) барлық білім беру процесіне қатысушылардың (білім алушылар мен олардың ата-аналары (заңды өкілдері), педагог қызметкерлер, білім беру саласындағы басқару органдары, қоғамдастық қашықтықтан өзара әрекеттестігі, сонын ішінде қашықтан білім беру аясында;  6) білім беру ұйымдарының басқа да әлеуметтік салалары: өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмыспен қамту қызметтері, демалыс, спорт, денсаулық сақтау, қосымша білім беру ұйымдары, мәдениет мекемелерімен қашықтан өзара әрекеттестігін қамтамасыз етеді. АКЖ негізгі қызметінің бірі білім беру процесін ұйымдастыру мен оны іске асырудың шарттарын, жоспарланған нәтижелеріне жету, негізгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға байланысты барлық білім беру процесіне қатысушыларын тұрақты түрде негізгі білім беру бағдарламаларын іске асыруды оқу-әдістемелік, ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады. Мектепкітапханасын қызметінің білім беру процесін оқу-әдістемелік және ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету деңгейі біртіндеп мектептің ақпараттықкітапханалық орталығына ауысатын жағдайына айналуда. Мектеп кітапханасының қызметінде қорларды (ақпараттық-кітапханалық орталықтар) жинақтау бойынша екі құрауышты бөліп алуға болады:  1) баспа басылымдары қорын қалыптастырушы;  2) электрондық басылымдар қорын қалыптастырушы. Сонымен бірге мектеп кітапханаларының оқу жоспарындағы барлық пәндерден электрондық баспа және ақпараттық-білім беру ресурстарымен: оқулықтар, сонын ішінде белгілі білім беру ұйымдарының оқыту тіліне қарай құрылтайшыларының жалпы білім берудің негізгі білім беру бағдарламалары, барлық оқу пәндерінен материалдар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, құрамдас бөліктері, қосымша әдебиеттер т.б. оқулықтардың электрондық косымшалары мен толықтырылуы керек. Қосымша әдебиеттер қорына: отандық және шетелдік классикалық және заманауи көркем әдебиеттер; ғылыми-көпшілік және ғылыми-техникалық әдебиеттер, Бейнелеу өнері, музыка, дене шынықтыру мен спорт, қоршаған орта, жолда жүру ережесі қауіпсіздігі бойынша баспалар, анықтамалық-библиографиялық және мерзімді басылымдар, сөздіктер жинақтары, білім алушылардың кәсіби және әлеуметтік өзін-өзі анықтау бойынша әдебиеттер жатады. Заманауи электрондық білім беру контентінің маңызды сипаттамасына оны құрылымдау, біріктіру және ұсынудың әртүрлі тәсілдері мүмкін болатын әртүрлі ақпараттар түрлерінің синтезі ретінде түсіне отырып дыбыстық және 
47 
бейне, анимациялық, графикалық, мәтіндік ақпараттандыру оның мультимедиялылығына жатады [18]. Мектеп кітапханаларында білім беру ресурстарының баспа және оқу жоспарларының барлық оқу пәндерінен ЭБР (электрондық білім беру ресурстары) жинақталуы керек, сонымен қатар жалпы білім беруге арналған оқу бағдарламаларын қолдайтын балалардың баспа басылымдары, анықтамалық-библиографиялық, ғылыми-көпшілік, көркем әдебиеттері бар қосымша әдебиеттер қоры болуы керек. Мектеп кітапханалары республикалық және аймақтық ЭББР дерекқорларында орналастырылған баспа және электрондық білім беру ресурстарына қол жетімді болуы тиіс. Мектеп кітапханасының барлық бөлімдерінің элетрондық қорында: электронды оқулықтар, құралдар, оқу-әдістемелік әдебиет, оқу бағдарламалары, биографиялық өлкетану басылымдары т.б. болады.  Егер мектеп кітапханасының қорларының ақпараттары неғұрлым кең алуан түрлі форматта болса, мектеп кітапханасының кітаптары (басқа да ресурстары) құнды болып келеді. Оқушылар мен мұғалімдер ақпараттық ресурстардың қайда орналасқанына қарамай (кітап сөресінде немесе электрондық тәртіпте) мектеп кітапханасының ресурстары білімді алудың жеке жүйесін қолдайтынына өздері еркін және сенімді сезінуі керек. Кітапхана – интернет немесе теледидардан алған ақпараттардың сапасын тексеру үшін заманауи анықтамалықтар мен кітаптарды қолдануға болатын, барлық көзқарастардың дұрыстығын ұсынатын орынның бірі болып табылады.Кітапханашы-педагог таңдалған немесе жоспарланған жобаларды орындау үшін бір немесе бірнеше пән мұғалімдерімен бірлесе жұмыс барысында пәнаралық тәсілдерді белсенді қолдана алады.  Электрондық білім беру ресурстары типтері:  • оқу материалы – есептер жинағы, зертханалық жаттығулар жұмысы,оқулықтар, оқу құралдары, тесттер, бақылау тапсырмалары, электрондық оқу курсы;  • оқу-әдістемелік материалдар – әдістемелік нұсқаулар, оқу бағдарламалары, оқу жоспары, сабақ жоспары;  • анықтамалық материалдар – дерекқорлар, сөздіктер, анықтамалықтар, энциклопедиялар;  • иллюстрациялық және көрсету материалдары – атлас, карта, альбом, иллюстрация, көрнекі құралдар;  • қосымша ақпараттық материалдар – хрестоматия, ғылыми-көпшілік сипаттағы басылымдар, баспа басылымдары (кітаптар), ақпараттықжарнамалық басылымдар; нормативтік құжаттар;  • ғылыми материалдар;  • электрондық мерзімді басылымдар;  • білім беру сайттары, бағдарламалық өнімдер – білім беру мекемелеріне арналған бағдарламалық кешендер);  • мақсатты тағайындаулар (ғылыми, ғылыми-көпшілік, өндірістіктәжірибелік, нормативтік, оқу, саяси-бұқаралық, демалысқа арналған 
48 
анықтамалықтар, көркем әдебиет);  •  білім беру процесінде орындалатын қызметтер (пәндер бойынша оқуәдістемелік кешендер; оқу бағдарламасы; хрестоматия; сөздік; анықтамалық; тәжірибелік жұмыс жинақтамасы – жаттығу сабақтары, тапсырмалар жинағы, зертханалық жұмыстар, виртуалды жаттығу жұмыстары, іскерлік ойындар; тесттер, тест тапсырмаларының жинағы; иллюстрациялық материалдар – аудиоқолдау, бейнекөріністер, анимациялық, слайдтар жинақтары; әдістемелік нұсқаулықтар; ғылыми-көпшілік басылымдар, ғылыми басылымдар);  •  білім беру қызметінің түрі (дәрістік қолдаулар, жаттығу жұмыстарының қолдаулары, өздік жұмыс, қашықтықтан оқыту, электрондық оқыту (e-learning – электрондық оқыту жүйесі, электрондық оқыту, қашықтықтан оқыту, компьютердің көмегімен оқыту, желілік оқыту, виртуалды оқыту, ақпараттық, электрондық технологиялардың көмегімен оқыту), өзіндік білім алу, біліктілікті арттыру жүйесі және қысқа мерзімді курстардан);  •  ақпараттарды ұсыну сипаты (мультимедиялық, бағдарламалық өнімдер, электрондық, мәтіндік, аудио, бейнелеу ұқсастығы мен баспа басылымдары). Еліміздегі орта білім беру ұйымдарында 5-суретте көрсетілген негізгі категориялары ұсынылған бүгінгі таңда электрондық білім беру ресурстарының кең түрдегі спектріне қолжетімді болуы керек. Яғни, үздік білім ресурстары мен технологияларына білім беру процесінің барлық қатысушыларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету. Мектеп кітапханасы онлайнрежимінде қызмет ету заманауи ақпараттық ресурстар қорына қолжетімділікті қамтамасыз етеді (5-сурет). 
 
 
 
 
 
 
 
5-сурет – Электрондық білім беру ресурстары 
 Контент ретінде тек мәтіндік, гипермәтіндік және графикалық файлдарды ғана емес, әртүрлі файлдық форматтардың аудио, бейне, gif- және flashанимацияларынды, 3D-графиктерді пайдалану мүмкіндігі қарастырылады. Мектеп кітапханасы қызметінің негізгі бағыттары - кітапхана ісіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу негізінде кітапхананың ақпараттықкітапханалық үрдістерін автоматтандыру, электронды каталогтар дерекқорын үйлестіру, алдыңғы қатарлы кітапхана бағдарламаларының жұмыс жасауы мен отандық, әлемдік ақпараттық толықмәтінді ресурстарға кіру мүмкіндігін қамтамасыз ету, электронды кітапхананы кұру. Яғни, ресурстарды қалыптастыру мен дамыту – мектеп кітапханасының басты бағыттарының бірі. Негізгі бағыттардың кешендері: қорлардың ғылыми-негізделген жинақтамалар, заманауи технологияларды жұмыста қолдану, іздеу аппараттары (электрондық каталог) арқылы қорларды ашып көрсету, ақпараттық ресурстардың сақталуын 
Білім беру контенті 
Оқулықтарға электрондық қосымша 
Электрондық білім беру ресурстары 
Электронды оқу басылымдар 
Өзіндік еңбектер  
Интернетресурстар (онлайнқұралдар, ЕБҚ)  
49 
қамтамасыз ету мектеп кітапханасына өз ресурстарын барынша дамыту мен қолдануға мүмкіндік береді. Мектеп кітапханасы оқу бағдарламаларының уақыт пен кеңістік бойынша орналасуына, сондай-ақ білім алушылардың мүмкіндіктерін шектейтін мүмкін болатын факторларға (организмнің шектелген қызметі, көрудің әлсіреуі) байланысты білім алушылардың оған қатынас құруына кедергі болмауы тиіс. Сондай-ақ, бағдарламалық жасақтаманың шектелген аясын қолдайтын «кешегі күннің» технологияларын пайдалану әлеуетті пайдаланушылардың аясын айтарлықтай тарылтады.  
 
6-сурет – Мектеп кітапханашысының өзара әрекеттесуі (мұғалім, оқушы, қоғамдастық, ата-аналар және т.б.) 
Электронды ресурстарды іздеу 
Электронды ресурстарды құру 
Электронды ресурстарды орналастыру 
Оқу-әдістемелік және ғылыми-ақпараттық таратылымдар сервисі  
Функционал- 
дық құрамы 
Электронды ресурстардағы интеграциялар 
Сандық білім беру ресурстар (СБР) базасын толықтыру 
Білім беру ресурстарының сараптамалық іріктеуі 
Электронды ресурстарды сақтау 
Ресурстарды жүйелеу, рецензиялау, тақырықтық айдарлау, карточкаларды қалыптастыру  
Метаметка, ярлык метамәліметтер базасын қалыптастыру, библиографиялық сипаты және т.б. 
Өзара әрекеттесу бойынша функционал 
Білім беру үдерісін ұжымдық талқылау 
Форум /on/off 
Бейнеконференция 
Консультация Вебинар  
50 
Мектеп кітапханашыларын өзара әрекеттесуін желілік қауымдастық, өз кеңістігін ашып өзіне керек ресурстарды жинақтай алатын Moodle ақпараттық жүйесі арқылы ұйымдастыруға болады. Moodle мектеп кітапханасының желілік өзара әрекетесуін үшін барлық қажетті модулдермен қамтиды: аспаптық модуль (веб-парақшалар жасау құралдары, курстың әртүрлі элементтерін бірбірімен байланыстыратын сауалнамалар), интерактивті модуль (чат, вебфорум, «ішкі» электрондық жәшік қауымдастық, хабарландыру тақтасы, жеке парақшалар), әкімшілік модуль (қауымдастыққа қатысушылардың дерекқорлары, желіге қатысушылардың белсенділігін мониторингілеу құралы), көрсету модуль (жүйелер мүмкіндігін толыққанды пайдалану үшін желілік қауымдастық қатысушылары жұмыс істей алатын веб-оқулық), мұрағаттық модуль (қауымдастық мүшелері оқу мақсаты үшін пайдалана алатын анимациялық, графикалық, мәтіндік, бейне-аудиофайлдар және басқа да материалдар топтамасы). Moodle веб-технологияларды қолдану педагогтер мен кітапханашылардың ресурстарын біртұтас желіге біріктіруге мүмкіндік береді.  Қазіргі заманда адамдар Интернет желісіне ұялы телефондар және портативті компьютерлер көмегімен кіріп, керек ақпаратқа қол жеткізе алады. Сондықтан да мектеп кітапханалары оқырмандардың сұраныстарын қаңағаттандыра алатындай заман ағымынан қалмай кітапханалардың қызмет көрсету жүйесін жетілдіріп отыруы қажет. Кітапханалар wap-онлайн каталогтарына, wap-деректер базасына, wap-энциклопедияларға, виртуалды анықтама қызметіне кітапхананың wap-сайты арқылы және wap-чат немесе sms көмегімен қол жеткізуді енгізу басты міндет (мысалы, пайдаланушылар ұялы телефон арқылы кітапхана сайтына кіріп, ОҚЖ-нің электрондық каталогының іздеу қызметін пайдалана алады). Бүгінгі күннің өзінде электрондық кітаптар баспа кітаптардың шрифтін, көркемделуін және стильдерін көшіріп алуына байланысты электрондық және баспадан шыққан кітаптарменқатар қызмет ете алады. Бұл оқырман қызығушылығын кітаптың екі түріне де еш төмендетпейді. 
 
FlippingBook Publisher бағдарламасында толық мәтінді құжаттарды құру. Бірегей интерфейс, қолайлы навигация, ePad, Fb2, PDF, Exe форматтарында қолайлы етіп жасалған мәтіндер электрондық кітапхананы қолдануға мүмкіндік береді. FlippingBook Publisher – PDF форматындағы файлдар беттерін парақтап оқып отырғандай шынайы әсер қалдыратын, электрондық құжаттар, журналдар мен газеттер, қорлар мен көрсетілетін қызметтердің каталогтарын, буклеттер, тұсау кесерлер жасауға арналған бағдарлама. Электрондық басылымдарды онлайн түрде көру үшін сайтқа орналастыруға немесе CD және басқа ақпарат тасымалдағыштарға көшіруге болады. Кітаптардың кез-келген мобильдік құрылғылар (IPhone, IPad, Android құрылғылары) арқылы қарапайым және заманауи қалпында көруге болады. Bluetooth, WAP, GPRS секілді байланыс түрлері ұялы телефондар көмегімен Интернеттің ақпараттық және қызмет көрсету ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. 
 

 

Жаңартылған күні: 12.04.2019 10:58
Құрылған күні: 11.11.2020 18:34

Текст