Текст
Ұйымдар тізімі
Дене шынықтыру апталығы: Мини-футбол жарысы
2025 жылдың қазан айында мектебімізде Дене шынықтыру апталығы өтуде. 5-сынып оқушылары арасында мини-футбол сайысы қызықты әрі тартысты өтті.
Оқушылар бірнеше топқа бөлініп, өзара жарысты. Әр команда ұйымшылдық танытып, жақсы ойын көрсетті. Балалар алаңда белсенді қозғалып, спортқа деген қызығушылықтарын арттырды. Көпшілікке ұнаған бұл ойыннан кейін оқушылар жақсы көңіл күйде қалды.
Жеңімпаз команда мақтау қағазымен марапатталып, достық пен командалық рухты жоғары деңгейде көрсетті.







Аудандық семинар