Ұйымдар тізімі
2026 жылғы 21 мамыр күні «Жол картасы» жоспарын іске асыру аясында «Құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша әлеуметтік педагогтің сынып жетекшілерімен өзара әрекеттестігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – әлеуметтік педагогтер арасында тәжірибе алмасу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша сынып жетекшілерімен бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы тәрбие және профилактикалық жұмысты жетілдіру.
Іс-шара барысында білім алушылармен бірлескен профилактикалық жұмысты ұйымдастыру, әлеуметтік педагог пен сынып жетекшілерінің өзара байланысын нығайту, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша тәжірибе алмасу мәселелері қарастырылды.
Дөңгелек үстел жұмысына «Қамышенка ауылының негізгі орта мектебі» КММ әлеуметтік педагогі Ковальчук Юлия Станиславовна және «Каменка ауылының негізгі орта мектебі» КММ әлеуметтік педагогі Глотов Александр Вадимович қатысты.
Қатысушылар профилактикалық жұмыстың тиімді түрлерін, проблемалық жағдайларды ерте анықтау әдістерін және білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының нәтижелілігін арттыру жолдарын талқылады.
Әлеуметтік педагог: Щербинина Т.Г.






"Ар-намысты арқалаған рухты батыр-...