Ұйымдар тізімі
«Рухани тәрбие көзі – балалар әдебиеті» атты онкүндік аясында, Ұлттық кітап күні қарсаңында 0 «А» және 0 «Б» сынып оқушылары үшін мектеп кітапханасына «Балалар басылымдары – кітапқа апарар жол» тақырыбында экскурсия ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар кітапханамен, балаларға арналған кітаптармен және энциклопедиялармен танысты, сондай-ақ кітаппен жұмыс істеу ережелері туралы мағлұмат алды. Кітапты дұрыс таңдау, оны ұқыпты ұстау және ерте жастан бастап оқудың маңыздылығы түсіндірілді. Балалар түрлі-түсті, қызықты басылымдарды қызыға қарап, әңгімеге белсене қатысты.
Мақсаты:
Оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын қалыптастыру, кітапхана және балалар әдебиетімен таныстыру, сондай-ақ кітапқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу.
#ҚРОқуАғартуМинистрлігі; #БалаларКітапханасы; #ҰлттықКітапКүні; #РеспубликалықҒылымиПедагогикалықКітапхана; #Онкүндік; #АдалАзамат хэштектері арқылы жариялау қажет






"Ар-намысты арқалаған рухты батыр-...