Текст
Ұйымдар тізімі
2026 жылғы 4 ақпанда мектеп оқушыларының кәсіби бағдарын қалыптастыру мақсатында бітіруші сынып оқушылары мен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің өкілдері арасында «Мамандықты дұрыс таңдау — болашаққа бастар жол» тақырыбында онлайн кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында университеттің білім беру бағдарламалары, оқуға қабылдау ережелері, гранттар, студенттік өмір және болашақ мамандықтар туралы пайдалы ақпарат ұсынылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық әрі нақты жауаптар алды. Кездесу мазмұнды әрі қызықты өтіп, оқушылардың болашақ мамандықты таңдауларына оң ықпал етті.






"2 сәуір – Халықаралық балалар...