Ұйымдар тізімі
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған «Рухани тәрбие көзі – балалар әдебиеті» атты Декада аясында 16 сәуір күні «Балалар жазушыларымен танысу», «Белгілі қазақстандық авторлар» атты іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар қазақстандық жазушылардың өмірі мен шығармашылығымен танысып, мейірімділікке, Отанға деген сүйіспеншілікке және мәдениетке құрметке тәрбиелейтін шығармалар туралы білді.
Сондай-ақ, іс-шара барысында оқушылар QR-кодтарды қызығушылықпен пайдаланып, олардың көмегімен кітаптардың электронды нұсқаларына өтіп, авторлардың шығармаларымен цифрлық форматта танысты.
Мақсаты: Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру, қазақстандық балалар жазушыларының шығармашылығымен таныстыру, әдебиет арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды дамыту.
#ҚРОқуАғартуМинистрлігі; #БалаларКітапханасы; #ҰлттықКітапКүні; #РеспубликалықҒылымиПедагогикалықКітапхана; #Онкүндік; #АдалАзамат






"Ар-намысты арқалаған рухты батыр-...