Ұйымдар тізімі
Ерекше білім беруді қажет ететін балалар айлығы аясында «Өз қолымызбен жасадық» атты қолданбалы бұйымдар көрмесі өтті.
Көрмеде ерекше білім беруді қажет ететін балалардың шығармашылық жұмыстары ұсынылды. Балалар табиғи және қолда бар материалдардан бұйымдар жасап, өз қиялын, шыдамдылығын және еңбексүйгіштігін көрсетті. Олардың арасында ертегі көріністері, жануарлар мүсіндері, көкөністер мен жемістерден жасалған ерекше қолөнер бұйымдары болды.
Көрменің мақсаты – балалардың шығармашылық қабілеттерін, ұсақ моторикасын дамыту, сондай-ақ олардың өз күштеріне деген сенімін арттыру.
Әрбір жұмыс – еңбектің, мейірімділіктің және шынайы балалық шығармашылықтың айғағы болды.

Іс-шара ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдап, шабыттандырған жағдайда олардың да нағыз өнер туындыларын жасай алатынын көрсетті!






"Ас тұзының кристалдарын өсіру"...