Текст
Шебер қолдар
Біздің күніміз белсенді басталды — таза ауада таңғы жаттығу жасадық. Балалар жаттығуларды қуанышпен орындап, жақсы көңіл-күймен сергіді. Зарядкадан кейін балалар сүйікті әндеріне билеп, көңіл көтерді.
Одан кейін шығармашылық уақыт келді. «Шебер қолдар» сабағында балалар түрлі-түсті қағаздар мен табиғи материалдардан әдемі аппликациялар жасады. Әр бала өз туындысына қиял мен ықыласын қосып, нағыз өнер туындыларын жасап шығарды!
Шығармашылықтан кейін балалар далада түрлі қимылды және спорттық ойындар ойнады. Күн өте көңілді, мазмұнды және пайдалы өтті!