Текст
"Первомайка аулының ЖОББМ" КММ-де мектеп кітапханасында еңбек пен еңбекқорлықтың маңызын насихаттауға арналған тақырыптық акция өтті.
Оқушылар мен мұғалімдер арнайы дайындалған тақырыптық стендті безендіруге белсенді қатысты. Олар еңбек туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер жазып, өз ойларымен бөлісіп, еңбекқорлықтың маңыздылығын көрсететін халық даналығын еске түсірді. Бірлескен жұмыс ұстаздар мен оқушыларды біріктіріп, адал еңбек, білім және талпыныс – жетістік пен берекенің негізі екенін тағы бір мәрте еске салды.





