2025 жылдың 2 маусымында бастауыш сынып оқушыларына арналған «Достық» мектеп жанындағы лагерь жұмысын бастады!
Бүгін I маусымның салтанатты ашылуы өтті. Шараның мақсаты – ортақ мереке атмосферасын қалыптастыру, балалардың көңіл-күйін көтеру, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға деген ынтаны тәрбиелеу, басқа балалардың қызығушылықтарымен танысу, шығармашылық пен қиялды дамыту.
Күн таңертеңгі көңілді жаттығумен басталды. Лагерь жетекшісі тарапынан техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізілді. Бұдан кейін «Сәлем, лагерь!» атты көңілді әрі жарқын бағдарламамен салтанатты сап түзеу ұйымдастырылды.
Балалар өз өнерлерін көрсетіп, өлеңдер оқып, ән шырқады. Вожатыйлар түрлі сайыстар мен ойындар өткізді. Барлық іс-шаралар балалар арасындағы достық қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталды.
Алғашқы күн қызықты, әсерлі өтіп, балаларға жағымды көңіл-күй сыйлады!