Ұйымдар тізімі
«Балалар әдебиеті – рухани тәрбиенің бастауы» атты онкүндік аясында, Ұлттық кітап күніне орай 15 сәуір күні 1–7 сынып оқушылары арасында экологиялық ертегілер байқауы өткізілді.
Экологиялық ертегілер байқауы оқушылар арасында экологиялық мәселелерге назар аударту және оқу мен әдеби шығармашылықты насихаттау мақсатында ұйымдастырылады.
Қатысушыларға төмендегідей талаптарға сай ертегі жазу ұсынылады:
* табиғатты қорғау тақырыбы көрініс табуы
* экологиялық мәселелерді (қоқыс, ластану, жануарлар мен өсімдіктерді қорғау) көтеруі
* кейіпкерлер қоршаған ортаға қамқорлық жасауды үйренуі
Байқаудың мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген ұқыпты көзқарасын қалыптастыру, экологиялық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Байқау қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға және оны сақтаудың маңыздылығын түсінуге тәрбиелеуге бағытталған.
#ҚРОқуАғартуМинистрлігі; #БалаларКітапханасы; #ҰлттықКітапКүні; #РеспубликалықҒылымиПедагогикалықКітапхана; #Онкүндік; #АдалАзамат






"Ар-намысты арқалаған рухты батыр-...