Текст
Ұйымдар тізімі
«Оқитын мектеп – оқитын ұлт» жобасы аясында «Сүйікті кітабың. Ертегі әлеміне сиқырлы саяхат» атты ұсыныс-сабақ өткізілді. Іс-шара балаларды кітап оқуға баулу және ертегілер әлемімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Оқушылар ойын бағдарламасына белсенді қатысып, «Ертегіні тап» викторинасының сұрақтарына жауап берді, кейіпкерлерді сипаттамасы мен иллюстрациялар арқылы таныды, тақырыптық пазлдарды құрастырды. Сабақ жылы, шығармашылық атмосферада өтіп, балалардың қызығушылығын арттырды.
Мақсаты:
Көркем әдебиетті оқуға қызығушылық қалыптастыру, ертегілермен жұмыс жасаудың ойын түрлері арқылы оқушылардың оқырмандық белсенділігін, қиялын және танымдық қабілеттерін дамыту.
#читающая школа# читающая нация#






"2 сәуір – Халықаралық балалар...