Ұйымдар тізімі
«Балалар әдебиеті – рухани тәрбиенің қайнар көзі» атты декада аясында, Ұлттық кітап күніне орай, 22 сәуір күні «Балалар әдебиетінен – білім мен ғылымға» атты жас ақындар байқауы өтті.
Байқау барысында оқушылар өздерінің авторлық өлеңдерін ұсынып, шығармашылық қабілеттерін, сөз мәнерлігін және әдебиетке деген сүйіспеншілігін көрсетті. Іс-шара поэзияға деген қызығушылықты арттыруға, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және оқырмандық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.
Қатысушылар өз өлеңдері арқылы қиялдарын, таланттарын және ойларын поэтикалық түрде жеткізе білу шеберліктерін танытты. Байқау шығармашылық және шабыттандыратын атмосферада өтіп, оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығы мен өзін-өзі көрсетуіне мүмкіндік берді.
Мақсаты:
Оқушыларды балалар әдебиетіне және поэзиялық шығармашылыққа баулу, олардың шығармашылық ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетін дамыту, білімге, ғылымға және оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу, сондай-ақ тұлғаның рухани дамуының маңызды бөлігі ретінде қалыптастыру.
#ҚРОқуАғартуМинистрлігі; #БалаларКітапханасы; #ҰлттықКітапКүні; #РеспубликалықҒылымиПедагогикалықКітапхана; #Онкүндік; #АдалАзамат






"Ар-намысты арқалаған рухты батыр-...