4 шілде
Рекордтар күні
Мақсаты: Балалардың өз-өзін жетілдіруге ұмтылысын дамыту, жетістіктерге қызығушылығын ояту, спорттық рух пен зияткерлік қабілеттерін қалыптастыру.
Күн таңғы жаттығудан басталды – бұл балалардың оянып, күн бойына күш-қуат алуына көмектесті. Одан кейін балалар рекорд деген не екенін түсіндіретін танымдық бейнеролик тамашалады.
Бейнероликтен соң жарыстар басталды. Балалар «Жылдам есепші» атты зияткерлік ойында өз күштерін сынап көрді – бұл ойын жылдам және дәл есептеуді талап етті.
Содан кейін балалар спорттық ойындарда жарысып, өз рекордтарын орнатты – олар ептілік, жылдамдық пен күш бойынша бақ сынасты. Іс-шара көңілді, қолдау мен достық атмосферада өтті. Әрбір қатысушы өз жетістіктері үшін қуанып, жағымды эмоцияға бөленді.