«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Первомайка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
 КГУ"Общеобразовательная школа села Первомайка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білімнің көзі -кітапта

                                                                                  Оқу – білім қазығы, адамның азығы.

  Оқу – өмірдің сәні, тіршіліктің шамы.

                                                                                                                                Сәкен Сейфуллин

 

Білімнің көзі - кітапта

 

Осы жоғарыдағы Сәкен Сейфуллиннің сөзін эпиграф ретінде алып, соған сүйене отырып, «білімнің қазығы адам, адамның азығы білім» екенін жас ұрпаққа  насихаттауды жөн деп санаймын. «Білім инемен құдық қазғандай» - деп бекер айтылмаса керек. Білімсіз өмірді елестетудің өзі қорқынышты. Өмірдің өзі үлкен мектеп. Сол мектебіміз осы білім ордасынан басталады. Білімнің жағып шырағын демекші білімсіз өткен өмір де, ғасыр да болмаған шығар деп ойлаймын. Сондықтанда мен оқушыларға «Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қаріп» - деген атпен мектебіміздің оқушыларын кітапханаға кітап оқуға шақырамын! Себебі қазіргі заман бұрынғы замандай емес, кітапқа деген қызығушылық жоқтың қасы десем артық айтпаған болар едім. Мен осы кітапханада еңбек жолымды бастағаннан бері, бақылап,  байқап  жүріп өзіме мұндай ой түйдім.

Ақпараттық технологияның  біздің қоғамда дамығаны жақсы. Осы орайда  ұялы телефонның кей тұстары біздің ұрпақтың ойлау қабілеті мен санасына қаншалықты зиян екенін аңғармай жатамыз. Айтқым келгені балалардың  ұялы телефоннан көз алмауы, ол ең бірінші көзге,екіншіден денсаулыққа зиянын түсінбеудің салдары. Ақпараттық технологиялық сауаттылықтың жоқтығы және өзіндік ізденістеріне кедергі болып бара жатқанын аңғардым. Мен өзімді елдің, осы қоғаммның бір мүшесі екенімді ескере отырып, менің ел алдындағы адами борышым ретінде жас ұрпақтың болашағына алаңдаулы екенімді айта кетуді жөн санадым.

Болашақ үшін осы мақаланы жазуды қолға алдым. Бұл мақаламды жазуға ықпал еткен зат біздің қоғамның, ортаның кітапқа, оқуға деген қызығушылықтарының төмендеуі қатты алаңдатты. Сол себепті де мен осы мақалам арқылы өскелең ұрпақтың санасына сәлде болса ой салармын деген мақсатпен мақаламды жазуды жөн көрдім. Тәрбие тал бесіктен басталады деген сөз бар. Тәрбиелі ұрпақ, тәрбиелі қоғам болу үшін алдымен біз өз ортамызда жақсы жағынан насихаттап отыруымыз қажет. Егер бала аңыз-әңгіме оқымаса, батырлар жырын, бесік жырын естімесе, оқымаса, білмесе біздің қоғамда қандай ұрпақ болмақ айтыңыздаршы. Әр адам өз ана тілінде сөйлеуге, оқуға, жазуға өз елін құрметтеуге, Отанды сүюге міндетті. Қоғам өзгереді, адамдарда қоғамға сай өзгеріп отырады дегенмен де әр заттың өзіндік орыны, тарихы болады емес пе?. Егер біз өзімізді – өзіміз құрметтей білмесек, біздің болашақ кімге керек? Тек бізге ғана қажет.

Ел бар жерде қоғам, қоғам бар жерде ел бар екенін естен шығармаған жөн. Біз осы «ақпараттық технологияларды» қаншалықты сауатты меңгереміз деп ойланып қарайтын болсақ қазір барлық затты әлеуметтік желіден қарауға, алуға болады. Сондай-ақ адамзатқа қаншалықты зиян екенін ескере бермейміз. Біз осы тұстан алып қарайтын болсақ  әлеуметтік желі, ұялы телефон дегендер біздің табиғи қарым - қатынасымыз және сөйлеу, ойлау тіпті тіліміздің дамымауына әкеліп соқтырып жатқанын аңғару қиын емес. Егер адам кітап, газет ,журнал оқымаса санасы дамымайтыны анық. Кітап оқымаған адамның ойлау қабілеті, тіл байлығы жетілмейтіні белгілі. Сол себепті де адам үнемі ізденіс үстінде болуы заңдылық.  Білімді болу үшін сауаттылық қажет, сауатты болу үшін көп оқу керек деп түсінем.

 

Кітапхана ол - біздің ата-бабадан қалған тарихи оқиғалардың күәсі;

Кітіпхана ол - асыл сөздердің құдіреті;

Кітапхана ол – сөйлеу мәденеиті;

Кітапхана ол – ұлттық тәлім-тәрбие;

Кітапхана ол – сауаттылық пен ғасыр әдебиеттер мен жырлар қоймасы;

Кітапхана ол – қоғамның мүддесі;

Кітапхана ол – елдің, жердің батырлар тарихи қоймасы;

Кітапхана ол – білім айнасы;

Кітапхана ол – болашақтың пайдасы –деп осы сөздердің авторы

Жанарбекқызы Қуаныш.

«Кітап білім бұлағы, білім өмір шырағы» осы мақалдың астарынан талай сырды аңғаруға болар еді. Кітап оқыған адамның санасы мен ой өрісі кеңейіп көзі ашылып көкірегі оянарына ешбір күмәнім жоқ. Кітап оқудың пайдасы бар ма? Деген сұраққа жауап ретінде былай дер едім. Біреу үшін кітап оқу ермек болса, Ал енді біреулер адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы деп түсінеді. Жақсы кітаптар оқу арқылы адамның көк жиектері кеңейіп, білімге деген ұмтылысы мен дүниетанымы көзқарасы өзгеріп отырады.

Келіңіздер! Оқыңыздар!

Біз біргеміз! Арманға бірге жетейік. Болашақтың тізгіні, үміті мына біз бен сіз екенімізді есте сақтайық! Ойымды қорытыныдылай келе, оқыған озады ортада дегім келеді. Кітап жиі оқыңыздар! Тіл байлығыныз жетіліп, көкірегіңіз оянып, сөз саптау шеберлігіңіз арта түседі дегім келеді.

 

 

Астрахан ауданы Первомай ауылы

 «Первомай орта мектебі» ММ кітапханашы Жанарбекқызы Қ

 

Жаңартылған күні: 29.01.2020 23:15
Құрылған күні: 29.01.2020 23:15

Текст