«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі  Первомайка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение   "Общеобразовательная школа села Первомайка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балаға рухани-адамгершілік тәрбие берудегі отбасының рөлі»

26.10.2018

 

 

Ата-аналар жиналысының жоспары

Мектеп: Пеовомай орта мектебі

Педагог-психолог: Калимергенова А.Е.

Ата-аналар

жиналысының тақырыбы: «отбасындағы  бала тәрбиесіндегі рухани құндылықтар »

Мақсаты: отбасындағы

рухани-адамгершілік тәрбие беру бағдарламасының негізгі мақсатын түсіндіру арқылы бала тәрбиесіндегі рухани құндылықтардың маңыздылығын түсіндіру.

Міндеттері:

1. Баланы жақсы көру,отбасындағы сүйіспеншілік;

2. Ақкөңілділік,бауырмалдық, татулық;

3. Кешірімшіл болу,шынайылық, жанашырлық;

Ресурстар:

/материалдары ,көздері/интерактивтітақта, плакаттар, маркер, қағаз, қалам

Жоспар: /жоспардыңәрбірпунктің 3-5 сөйлемменашу/

1.       Бала тәрбиесіндегі ата-ананыңрөлі мен жауапкершіліктері

2. Құндылықтартірегі

3. Абсолюттікқұндылықтар

4. Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі

5. Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі

6. Тәрбиедегі ынтымақтастық

7. Жақсы отбасының қасиеттері

8.Баланың мінез-құлқына кері әсер ететін Ата-аналардың қарым-қатынас типтері.

9. Үйге тапсырма

10. Анкета

11. Қорытынды.

 

Жиналыс барысы:

Отбасындағы адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы

Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев: “Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз“–деген болатын. 

Жанұяғасырларбойыөмірсүріпкеле жатқан адамбаласыныңәлеуметтікортасы.  Бала тәрбиесіндегі ата-ананыңрөлі мен жауапкершіліктері. «Отбасы ұлттың, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттыңнегізі» сондықтан оны нығайтукерек. «Отбасындатыныштықболса, үйдетыныштықболады;

Үйдетыныштықболса- мемлекеттетыныштықболады;

Мемлекеттетыныштықболсаәлемдетыныштықболады.»

  2. Құндылықтар тірегі

3. Абсолюттікқұндылықтар Т.И. Петракова ұсынғанқұндылықтаржүйесініңжіктемесіолардыүштүрге бөліп қарастыруды көздейді: табиғи, жүрепайдаболғанжәнеабсолюттік.

Табиғи құндылықтар – бұл адамның табиғи күші мен жан-дүниесінің қабілетілігі құндылықтары: яғниақыл-ой, сезім, күш-жігер (ақылдыңайқындығы, ойдың ұшқырлығы, сезімніңтазалығы, естіңсенімділігі,

күш-жігердіңқайраттылығы).

Жүре пайда болған құндылықтар – бұл адамның интеллектуалды және адамгершілік тұрғыдан дамуы барысында меңгерген құндылықтар (әдептілік, сыпайылық, сыйластық, жанашырлық, кеңпейілділік, ақкөңілділік, сабарлылық және т.б.)

Абсолюттік жалпы адамзаттық құндылықтар – ол уақытқа бағынбайтын, ешқандай ортамен, қоғаммен шектелмейтін, бүкіл адамзат үшін маңызы зор құндылықтар.

4. Отбасындағы ананың ролі.

Бүгінгі таңда жауапкершілік сіз аналардың кесірінен жапашегіп жатқан балалар бар. Аналар бір сәттік қызық, атақ, даңқ үшін өзінің жақсы мінез-құлқын дамыту керек екенін, негізгі борышын ұмытып кетеді.

Үнемі жұмыс бастылық, мансапқорлық, қызмет бабы, ғылымның соңынан түсу үлкендерге құрмет көрсетуді, кішілерді сыйлауды  ұмытып, жолдасын, отбасын екінші орынға ығыстырып шығарады. Мұндай өзімшілдік қатынас әйелді өз табиғатынан алшақтатады. Ана өз іс-әрекетіндежақсы мен

жаманды, ақ пен қараны ажырата білу қасиетінің арқасында өз күйеуінің ар-намысына, абыройына нұқсан келмейтін  әрекеттерге ғана барады. Егер ана рухани болса, бүкіл ұрпаққа алаңдамауға болады.

Егер олар дамгершілікпен әрекет етсе балалары да соны жасамақ.

Рухани ұстаз жайұстаздан он есе ықпалды болмақ. Әке рухани ұстаздан да он есе күшті, маңызды. Ал анаәкеден мың есе маңызды.

Шығыс даналығы.

5. Отбасындағы әкенің ролі.

Әке отбасындағы ең басты ролді иеленеді. Еркек-білімнің, даналықтың,тәртіптіңіскеасырушысы.

Еркек- әйелін, балаларын қорғаушы,отбасының барлық мұқтаждығын өтеуші, олардың денсаулығына,

білім алуына кепілдік беретін адам. Еркек пен әйел ата-ана болғанда олар бір-бірін үйлесімділікпен толықтырып,бала тәрбиелейді. Ата-аналарға бала тәрбиесіндегі ең негізгі міндет дұрыс мінез құлқын қалыптастыру болып табылады. Бала тәрбиесінде барлығы өзше карасынан шықпауы тиіс. Әр кезде сүйіспеншілік пентәртіп болуы тиіс.

6. Ынтымақтастықта тәрбиелеу.

Баланы ақылға, құлақ қойғыштыққа,тіл алғыштыққа қалай жеткізуге болады? Баланың жүрегінде жоғары «Мен» орын алған.Ол тинтуитивті түрде бәрін сезінеді. Егер анасы оны өтірік айтып, алдап тұрса онда

бала тыңдамайды. Ал егер әкесінің айтып тұрғаны басқа болып, істегені одан да басқа болса, бала оған да құлақ аспайды. Егер баланы алдап,табиғатына қарсы әрекет етсе онда бала тыңдамайды. Егер мамасы оған үлкендердің ақылын тыңдау керек деп тұрып,өзі күйеуін тыңдамаса онда бала да олардың ақылына құлақаспайды Баланы ақылға құлақ қоятын,тіл алғыш ету үшін ең алдымен ынтымақтастыққа әрекет етіп,

үлкендердің өзі өзін-өзі жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеуі тиіс. Күнделікті өмірде ата аналар балаларға үлгі болуы тиіс.

Өзге адамдардан тек жақсылықты көруге үйрету керек және олармен өздеріне басқалардың қандай қатынас жасағанын қаласа, өздері де сондай қатынас жасауға тиісекенін үйрету керек. Ата-аналар отбасында мінез-құлық ережесін жасауы керек және оны өздері бұлжытпай орындап, сол ережеге бағынып отыруы керек.

7. Жақсы отбасының қасиеттері

Ынтымақтастық- баланың өзіндік тұлғалық дамуы мен ерекшеліктерін сезіну, түсіну. Оның осы

өмірге өзінің мақсат-міндетімен келгенін ұмытпау. Ол осы өмірге бір жаңа леп әкелгенін

есте ұстау. Ата-аналар баланың өзінің бойында бар ерекшеліктерін іске асыру үшін сүйіспеншілікпен, құрметпен жағдай жасауы тиіс. Бала да сол кезде ата-анасының беделін, құрметін түсініп, олардың айтқандарына құлақ салабастайды.

Материалдық қызығушылықтар негізінде тәрбиелеу- жақсыболсаң аласың, қол жеткізесің

(ақша, сыйлық, ойын-сауық), жасан болсаң жазаланасың.

Зорлық-зомбылық негізінде тәрбиелеу- істегің келмесе де, істейсің,істемесең жазалаймын.

Тәрбиеден тысқары қалу – бұл бетімен кетушілік, балаларға нем құрайлы қарау. Қалай-болса солай болсын, барлық балалар да солай істейді.

Ынтымақтастықта тәрбиелеу.

Барлық баланы жақсы көру керек. жақсы көру барлығын жаңғыртатын күш. Баланың шынайы табиғатын сезініп,табиғат берген ерекшеліктерін ескере отырып, қалай бар солай қабылдап,түсіне білу керек.

Әрбір баланы жақсы көру, түсіну,сыйлау арқылы қанаттандыруға болады.

8. Баланың мінез-құлқына кері әсер ететін Ата-аналардың қарым-қатынас типтері.

- Орынсыз қамқорлық - бала ата-анасының орынсыз қамқорлығына еті үйреніп, дағдыланғаны сондай, өз бетімен шешім қабылдай алмайды.

- Орынсыз жұмсақтық (көнгіштік) – баланың мінез-құлқын бүлдіреді, басқаларға түсіністікпен

қарамайды.

- Орынсыз қорқыныш, үрей – баланы мазасыз етеді,тіпті психологиялық ауруларға апарады.

- Жоғары талап қою - бала сасқалақ,жабырқаңқы,тұнжыраңқы болып, сәтсіздікке ұшыраймын деген сезім басым болады.

- Кемсіту,елемеу –мұндай сезіммен өскен балаларда агрессия, ашу-ызабасым, қызба болады.

Өсе келе түрлі қылмыс, зорлық-зомбылық жасау, нашақорлық сияқтыкелеңсіз жағдайларға бой алдыруы мүмкін.

Қорытынды.

Өз балаларыңыз үшін алтындай уақыттарыңызды боліп келгендеріңіз үшін сіздерге көп рахмет.

Өз балаларымызды риясыз сүйіспеншілікке бөлеп өсірейек.

Керібайланыс: Ата-аналар жиналыстаналғанәсерлерімен бөліседі,

ұсыныстілектері (жазбаша) айтылады, суретке түсу.

Просмотров: 489

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст