«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі  Первомайка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение   "Общеобразовательная школа села Первомайка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

География бойынша сабақ жоспары

09.12.2021

 

   

Мұғалімнің аты-жөні:

Қуандықов БС.

Пән/Сынып:

география, 10а

Күні:

 

Қатысқандар:

Қатыспағандар: 4

Тарау немесе бөлім атауы:

Бөлім:  Табиғатты пайдалану және геоэкология 

Сабақтың тақырыбы:

Ғаламдық экологиялық проблемалар

Оқу мақсаты:

  • 10.3.2.8  Геоэкологиялық үдерістерде географиялық қабық заңдылықтарының рөлін анықтау

Бағалау критерийі:

  • Геоэкологиялық үдерістерде географиялық қабық заңдылықтарының рөлін анықтайды
  • Геоэкологиялық үдерісте бір географиялық заңдылықтың өзгеруін түсіндіреді

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

 

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

5 минут

Ұйымдастыру

Тақырып:  Ғаламдық экологиялық проблемалар

 Мақсаттары:10.3.2.8  Геоэкологиялық үдерістерде географиялық қабық заңдылықтарының рөлін анықтау

 Бүгінгі сабақта: Географиялық қабық заңдылықтарын есімізге түсіріп, геоэкологиялық үдерістердегі мааңыздылығын анықтайсыздар.

Не меңгеретінін білу үшін

 

Power Point презентациясы

№ 1-2

10минут

Жаңа сабақ

Ой қозғау:1. Географиялық қабық заңдылықтарын есімізге түсірейік.

 

 

 

 

Ырғақтылық деп уақыт аралығы бойынша бір бағытта қайталанып отыратын құбылыстардың жиынтығын атайды: көп ғасырлық, ғасыр ішіндегі, жылдық, тəуліктік. Жер тарихындағы ең үлкен ырғақтылық (циклдік) Күн жүйесінің галактика орталығы төңірегінде айналуына байланысты және ол 180-220 млн жылды қамтиды. Бұл кезеңде тектоникалық қозғалыстар, жанартаулар атқылаулары жанданады, материктердің бейнесі, климат, ең соңында Жер табиғатының өзгерістері туындайды. Көп ғасырлық ырғақтылық құбылыстары арасынан 1800-2000 жылға созылатын ырғақтылық жақсы зерттелген. Бұл құбылыс Жердегі қалқу құбылысын туғызатын күштердің өзгеруіне байланысты. Шамамен 1800 жылда бір рет Күн, Ай мен Жер бір жазықта, бір түзудің бойына орналасады, Күн мен Жер ортасындағы қашықтық ең қысқа күйіне келеді. Бұл құбылыста 3 фаза – трансгрессивтік, регрессивтік және аралық фазалары ерекшеленеді. Ғасыр ішіндегі ырғақтылық құбылыстары арасынан Күннің белсенділігіне байланысты 11, 22 және 33 жылдық циклдер жақсы зерттелген. Ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, бұл циклдер мен Жердегі көптеген үдерістер арасында байланыс бар: эпидемиялардың таралуы, жанартаулар белсенділігінің күшеюі, циклондар туындауының артуы, құрғақшылықтардың яғни зиянкес жәндіктердің (мысалы, шегірткелердің) көбеюі ж т.б.

 

Жаңа тақырыпты меңгеру

Бағалау кретерияларын ұсыну арқылы бағалау

Power Point презентациясы

№ 3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Power Point презентациясы

№ 4,5,6

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

Тәжірибе

Тапсырма№1.

 Мәтінді  пайдаланып, ұғымдарды мысалдарына сәйкестендір

 

1

Тәуліктік циклдер

А

салқын жылдардың  жылы және құрғақ жылдармен  алмасуы

2

Маусымдық циклдер

В

жанартау атқылаулары

3

Ғасырішілік циклдер

С

жыл мезгілдерінің ауысуы

4

Циклдік ырғақтылық

D

күн мен түннің ауысуы

5

Мезгілдік ырғақтылық

E

жануарлардың ұйқыға кетуі

 

Дескриптор

Ұғымдарды мысалдарымен сәйкестендіреді

 

Тапсырма№2.

Біртұтастық заңдылығын ескермеген жағдайда белгілі бір жер  және тіпті ғаламшар ауқымында қандай өзгерістер болуы мүмкін?                   

              

Дескриптор

Географиялық қабық заңдылықтарына мысалдар келтіреді.  

 

Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру

Power Point презентациясы

№ 7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Power Point презентациясы

№ 8

5 минут

 

 

 

 

 

Бекіту

Тапсырма№3.

 

1.Геоэкологиялық үдерістердегі ырғақтылық заңдылығының рөлі қандай?

2.Ғасырлық тербелістердің  географиялық қабықтың  дамуына ықпалы қандай?

 

Тақырыпты меңгергенін анықтау

Power Point презентациясы

№ 9

5 минут

Кері байланыс

 

Білемін

Білдім

Білгім келеді

 

 

 

 

 

 

Power Point презентациясы

№10

                 

 

 

Просмотров: 690


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст