«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі  Первомайка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение   "Общеобразовательная школа села Первомайка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бадабер лагеріндегі көтеріліс»

17.04.2017

Сынып:5 «А»

Тақырыбы «Бадабер лагеріндегі көтеріліс»

Мақсаты : Оқушылардың  қазақ және әлем тарихындағы  болған  сұмдық оқиғаны естерінде сақтап , елімізден барған  жауынгерлеріміздің  көзсіз ерлігін мақтан ету . Патриоттыққа тәрбиелеу

  Бадабердегі тұтқындар көтерілісі 1985 жылы 26 сәуір күні кешкі сағат 21.00-де басталды. Дәл осы жұ­ма күні лагерьдегі көпшілік мод­жахедтер мешітке кешкі намазға кетті.Тұтқындарды қарауылдауға тек екі дұшман қалды. Осыны пай­­даланып,

тұтқындардың бірі оларды байлап, тұтқындар отыр­ған камералардың біріне қамап қойды. Оларды қарауылдауға ауған тұтқындарының бірі, бұ­рын­ғы «Царандой» (ауған елінің ми­лициясы) жауынгерін қойды, ал өздері сол уақытта, қару-жарақ

сақталған қоймалардағы барлық құлыптарды бұзып, қаруланып, оқ-дәрілерді төбеде орналастырылған қосарлы зеңбірек қондырғысына және ДШК(станокты үлкен ка­ли­брлі) пулеметіне сүйреп жеткізді. Миномет пен РПГ (танкіге қар­сы ататын қол

гранотометі) жа­уын­герлік әзірлікке келтірілді. Ке­ңес­тік тұтқындар мен олардың ауғандық одақтастары бекіністің барлық негізгі нүктелерін басып алды.Олар өздерінің шешімдеріне сенімді болды, өйткені тұтқындар дұшман аталған бүлікшілердің зорлық-қорлықтарына әбден тойған еді. Сондықтан олар ақырғы жаны қалғанша арпалысуға бел буды.

       300-ге жуық адам, оның ішін­де АҚШ, Пәкістан, египеттік нұс­қаушылары бар, бүкіл база аяғынан тік

тұрды. Олар батыл ұрыс жүргізу арқылы лагерьдегі ба­қылауды қайтарып алғысы кел­ді, бірақ олар барлық қару-жарақ түрінен атқыланған дүлей оқ пен отқа тап болып, ауыр шы­ғын­­­­дарға ұшырағаннан кейін арт­қа шегінуіне мәжбүр болды. Оқиға

орнына «Ауғанстандағы Ислам қоғамы» партиясының көшбасшысы, дала командирінің бірі Бурханутдин Раббани келді, Бадабердегі база соның қарауында еді. Сағат 23:00-де Б.Раббани Халид-ибн-Ва­ли­даның моджахедтер полкын кө­­терді, бекіністі

айнала қоршап, кө­терілісшілерге бекіністі беруін бұйрық етті. Тұтқындарды қор­шауға моджахедтермен бірге зең­бірекшілер, ауыр техника, Пәкістан әскери қызметкерлері қатысты. Әуеде Пәкістан әуе күштерінің ұшақтары қоршады.

Б.Раббани егер көтеріліске шыққандар қар­сы­лықсыз берілсе, оларға жеке өмірін сақтап қалуға уәде берді. Бірақ олар үзілді-кесілді қарсы жауап берді.Тұтқындар КСРО, АДР, Қызыл крест және БҰҰ елші­лі­гінің өкілін шақыруды талап етті. Кеңестік тұтқындар, егер де олардың талаптары орындалмаса, қойманы жарып жіберуге уәде берді. Б.Раббани бұл талаптарды ысырып тастап, шабуылға шығуға

шешім қабылдады. Көп ұзамай, екінші шабуыл басталды. Қақтығыс түні бойы жалғасты. Көтерілісшілердің күші сейіле бастады, бірақ моджа­хед­тер одан да қатты шығынға ұшырады.

       27 сәуірде таңғы сағат 8-де кө­терілісшілердің берілмейтіні белгілі болды. Шабуыл кезінде Раб­бани

гранатомет оғының жа­рық­шағынан сәл болғанда жан тап­­сыра жаздады, осы кезде оның оқ­қағары жарықшақтан ауыр жа­рақат алды. Б.Раббани аяусыз шабуылдап, лагерьді толық жойып жіберуге шешім қабылдады. Қалған шағын топ күштерімен кө­те­рі­ліс­шілерді

баса алмаған соң олар ауыр артиллерияның реактивті қон­дырғыларынан дүркін оқпен атып тастады. Осы күні таңертең Пәкістан артиллериясы Бадабер бе­кінісін зеңбірек оғымен жаудыра бас­та­ды. Снарядтардың бірі тірі қалған кеңес

жауынгерлері орналасқан қару-жарақ ғимаратына келіп түс­ті. Оның жарылысы сол жерде сақ­талған барлық оқ-дәрілерге серпіліс берді.Қуатты жарылыс Бадабер ба­з­асын жермен-жексен етті. Ке­ңес­­тік жауынгерлердің денелері қи­­­раған қару-жарақ

ғимараты үйін­­­ділерінің астында қалды. Ал осын­­дай кескілескен шайқаста тірі қалып жараланған, контузия (снаряд соққысы) алып әлсіреген үш жауынгерді долданған бүлікшілер ғимараттың бір бұрышына сүйреп, оларды қол гранаталарын лақтырып жарып жіберді. Олардың бәрі жау қолынан бақилық болды. Кейбір мә­ліметтер бойынша, Бадабер бе­кінісін амалы қалмаған кеңестік тұтқындар өздері жарып

жіберген делінеді.

   Арпалысқан атыста 120 мод­жа­хед­тің, 40-тан 90-ға дейін Пәкістан армиясы жауынгерінің және 6 аме­ри­калық

нұсқаушылардың көзі жо­йылды. Бадабер базасы түгел жо­йылды. Қару-жарақ қоймасы жарылысы нәтижесінде бүлікшілер 3 дана РСЗО «Град» (бірдей ат­қы­лай­тын көп діңді реактивті соғыс машинасы) қондырғыларын, 2 мил­лион патрон, 40 зеңбірек,

миномет және пулемет, 2 мыңдай ракета мен снарядтар жоғалтты. Түрме кеңсесі де, ал онымен қоса, өкінішке қарай, тұтқында болған адамдардың тізімі де жойылды. Бадабер лагерінде із-түзсіз жоға­лғандардың мерзіміне қарай 3 қазақ

жауынгерінің бірі болуы мүм­кін деп болжанды. Олар: Қуат Бекболатов, Тоқмұханбет Қара­балаев немесе Балағазы Жұмағұлов. Носиржонмен кездесуге хабарсыз кеткен жауынгерлердің туған-туысқандары келді. Бірнеше күн бойы Носиржон сұрастырып, біл­генін айтты, фотосуреттерді қарас­тырып, фотороботтар жасады, ол тұтқындарды тек осындай ке­йіп­те ғана есінде сақтады. Жас жі­гіттердің

туыстары үміт артып келген фотоларыоның есіне ештеңе салмады. Дегенмен ұсақ-түйек мә­лі­меттер нәтижесінде, негізінен Ба­да­бер тұтқынының бет-бейнесі бойынша, құпия Қанаттың – осы үш азаматымыздың бірі екені жұм­бақ болса да анықтала түсті. Әлі то­лық құпиясы ашылмаған Бадабер кө­терілісінің қатысушыларын анықтау, ТМД жауынгер-интер­на­цио­налистер ісі жөніндегі комитет бас­шылығымен жалғасуда.

      Қортынды  .Қорыта айтқанда, ауған соғы­сы­ның азабы аз болған жоқ. Ин­тернационалист-жауынгерлердің базбіреуі ұрыс барысында қаза тап­са, кейбірі тұтқынға түсіп, зар­дап шекті. Тұтқындағы айуандық азап­ты көтере алмай, өздерін жарып жіберді немесе тұтқындағы қатыгез тәртіпке шыдамай қарсыласып, моджахедтер қолынан қаза тапты. Бадабер қырғыны – тұтқындардың тағдыры туралы ақпарат беретін нақты деректің бірі. Бұдан бөлек, әр бандалық топтың қолында азап шегіп, қаза болған және жер­лен­ген жері белгісіз болып қал­ған

тұтқындар саны қаншама?! Мейірсіз кеңестік билік Бадабер ла­герінде өз жауынгерлерінің тұт­қын­да жатқанын білсе де, оларды моджахед тұтқындарға айырбастауға ынта танытпады. Егер де, КСРО би­лігі тұтқындар тағдырына алаң­­­дап,

оларды айырбастауға және бо­сатуға әрекет жасағанда, Ба­да­бер қырғынындағы және басқа жерлердегі тұтқындардың көбі тірі қалар ма еді?! Бі­рақерлерерлігіешқашанұмы­тыл­майды.

Видео сюжет  көрсетіліді .

 

Просмотров: 239


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст