«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі  Первомайка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение   "Общеобразовательная школа села Первомайка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Сиқырлы қылқалам»

31.03.2017

Сыныптан тыс   іс-шара

Сабақтың тақырыбы: «Сиқырлы  қылқалам»

Сабақтың мақсаты: Балаларды қарындаш, қылқалам, қағаздың маңызымен таныстыру арқылы сурет салуға ынта-ықыласын, қызығушылығын тудыру. Қылқаламды дұрыс ұстап, палитраны пайдалана білуге, яғни қылқаламды бояуға батыру, қағаз

бетіне сүйкей жағу тәсілдерін үйрету. Сызықтар мен сүйкей жағу ұғымдарын түсіндіру.

Күтілетін нәтиже:Балаларды қарындаш, қылқалам, қағаздың маңызымен танысу

арқылы сурет салуға ынта-ықыласы, қызығушылығы артып, қылқаламды дұрыс ұстап,

палитраны пайдалана білуге, яғни қылқаламды бояуға батыру, қағаз бетіне сүйкей

жағу тәсілдерін үйрене біледі.

Қажетті құралдар: бояулар, қылқалам, палитра, қағаздар, су, сүлгі, қылқалам қоятын тұғырлар.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, жұмбақтар, түрлі-түсті  қарындаштар.

Ұйымдастыру бөлімі:

Шаттық шеңбері: Армысың шапағатты Күн — ана!

Армысың қайырымды Аспан — ана!

Армысың мейірімді Жер — ана!

Құт  дарыт бар әлемді жарылқа!

1.Ой-қозғау.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Жыл мезгілдері туралы не білеміз?

-Балалар көктемде неше ай бар?

-Көктем айларын атайықшы?

-Наурыз, сәуір, мамыр.

-Көктемде қандай өзгерістер болады?

-Күн жылы болады.Қар ериді, құстар ұшып келеді, малдар төлдейді  ... 

-Балалар, көктемде қандай мерекелер бар?

-8  наурыз –  әйел-қыздар  мейрамы, 

22  наурыз  Ұлыстың ұлы күні.

-Көктемде мезгілінде қандай алғашқы гүлдер шығады,  атаңдаршы?

-Көктем мезгілінде шығатын алғашқы гүлдер-бәйшешек пен  қызғалдақ.

-Көктем мезгілінде қандай құстар ұшып келеді?.

-Қараторғай, қарлығаш,  қаз, тырна,  үйрек   т.б құстар.

-Құстар бізге қандай пайда келтіреді?

-Құстар құрт- құмырсқаны жеп, ағаштарға, егістік жерлерге көп пайда келтіреді.

-Біздің құстарға қандай көмек жасауымыз қажет?

Құстарға ұя жасап, жжем- су беріп, қамқорлық

жасауымыз керек.

-Құстарды таспен ұрып, ұясын бұзып

өлтіруімізге болады ма?

-Жоқ, болмайды.

- Дұрыс айтасыңдар, торғайларға көмек

көрсетуіміз керек.

Құстар жайлы қандай тақпақтар білесіңдер?

2. Құстар туралы тақпақтар айтқызу.

Оқушы: Жыл құстары келді деп,

Балдырғандар мәз болды.

Қос қанаты желпілдеп,

Көлге үйрек-қаз қонды.

Оқушы: Құстар тойын құттықтап,

Қуанамыз, 

қолдаймыз.

Ұя жасап, 

ұқыптап,

Біз оларды  

қолдаймыз.

Жылы шуағымен гүл өсіріп,

Жыл құстарын ілестіріп,

Көрікті көктем келді.

Оқушы: Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Табиғатты аялап,

Жүрейікші жараса.

Оқушы: Сәлем саған Жер ана!

Сәлем саған Нұрлы күн!

Аман – есен болайық.

Бейбітшілік қалайық!

Сергіту жаттығуы:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі,

Кіп кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп 

өседі.

Жаңа сабақ:- Балалар, ерте кездегі адамдар

сурет салуды бастағанда олардың қолында ештеңе жоқ және өздері де икемсіз

болыпты. Олар бейнелерді саз балшықтан немесе тастан қашап жасайтын болған.

Алғашқыда олардың құралдары саусақтары болса, одан кейін таяқшаны, шөптерді

пайдаланған. Адамдарға қылқаламды жасауға ой туғызған құстың қауырсыны болды.

Қазір де кейбір халық шеберлері өрнек салуға қаздың қауырсынын пайдаланады.

Ертедегі қылқалам пайда болғанда оның сыртқы пішіні онша әдемі болмады,

Таяқшаға жылқының қылын байлап алып, сурет салуға пайдаланды.

Түрлі түсті қарындаштарды жасау үшін алуан

түрлі түс беретін қоспалар (пигменттер) пайдаланылады екен. Бояулар туралы

әңгімелеу.                                                                                       

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

Балалар, бүгін біз жыл мезгілдері туралы,

оның ішінде Көктем мезгілі туралы әңгімелейміз,сурет саламыз  Қане көктем туралы кім не айтады?

Балалар:

Көктемде қар ериді, ағаштар бүршік

жарады.  Дала жап-жасыл болады. Адамдар

жылы киінеді. Егістік жерлерін дайындайды.

Сурет бойынша әңгіме:

Мына суреттен нені көріп тұрмыз?

— Көктемде жердің түсі қандай болады екен?

— Суретте тағы нені байқадыңдар?

— Балалар, құстарға қандай көмек көрсетуге

болады?

— Ақын Төлеген Айбергеновтың  «Көктем» өлеңін оқу

Көктем

Келді көктем далаға

Келді сұлу шағала.

Аспандағы ақ құстар

Ауылымды арала.

Көктем қандай көңілді

Көктен жаңбыр төгілді.

Мөлдір аспан ашылып,

Күннің көзі көрінді

Оқушылар көктемді  бейнелеп 

суреттер салады.

«Жақсы-жаман» дидактикалық ойынын ойнату.

Мақсаты: жақсы қасиет болса қолдарын

шапалақтау, жаман қасиет болса тыныш отырады.

-Гүлдерге су құю.

-Ағаштарды сындыру.

-Құстарға жем шашу.

Тапсырма: Балалар өз еріктері бойынша шағын

топтарға бөлініп, "Көктем" тақырыбына сурет салады. Бір топ

қарындашпен, екінші топ бояуларды пайдаланып, жұмыс жасауларына болады                                                                                                                        

«Жақсы-жаман» дидактикалық ойынын ойнату

-Құстардың ұясын бұзу.

-Ағаштардың түбін қопсыту.

-Гүлдерді жұлу.

-Құстарға ұя жасап беру.

-Құстарды

рогаткамен ату.

Жұмбақтар жасыру.

«Кім тапқыр» дидактикалық ойыны.

Мақсаты: жұмбақтардың шешуін табу арқылы ой-танымын

кеңейту.

1.Қыста жер бетін жабады.

Көктемде су болып кетеді. (қар)

2.Жүрсе де

құс боп,

Жұмыртқа

тауып.

Қусаң да

"ұш" деп, Ұшпайды… (тауық).

3.Болмайды

бізді,

Ешқашан ату.

Түсіміз

аппақ,

Атымыз

...(аққу).

4.Үлкен

үлкен түйені,

Тастапты

атам шөгеріп.

Өркеші

бұлтқа тиеді,

Бауыры жатыр

көгеріп. (тау)

5.Таңмен

көзін ашады

Әлемге нұрын

шашады.(күн)

Бекіту сұрақтары:

— Сонымен, қандай жыл мезгілдерін білеміз?

— Көктемнің қандай ерекшеліктері бар?

— Біз танысқан өлеңді кім жазған?

— Өлеңде не туралы айтылған?

— Қолымыздағы қағаздан көктемде өсетін шөптерді қиып алып жапсырамыз.

Ұзынша етіп сұр қағаздан қолымызбен қиып аламыз да, қағаздың төменге бетіне

жапсырамыз. Сосын жасыл қағаздан жолақшаларды қолымызбен қиып, жердің үстіне

жапсырамыз, сосын сары түстен күн қиып алып, ақ қағаздың жоғарғы жағына

жапсырамыз, сонымен біз көктемді қағаздан бейнеледік. Суретті үйден

жалғастыруға болады.

Көрме ұйымдастыру.  Оқушылар  еңбегін бағалау.

Балаларды мадақтау, алғыс білдіру.

Рефлексия.

- Сабақтан алған әсерлерің қандай?

- Қандай тапсырма орындаған оңай болды?

- қандай тапсырма қиындық келтірді?

Просмотров: 1082


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст