«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі  Первомайка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение   "Общеобразовательная школа села Первомайка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Информатика бойынша сабақ жоспары

12.02.2020

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Біздің өміріміздегі алгоритмдер

Мектеп: Первомай орта мектебі

Күні:

.

Мұғалімнің аты-жөні: Мухамадиева Л.Н.

Сынып: 5 «А»

Қатысқандар саны:5

Қатыспағандар саны:0

 

Сабақ тақырыбы

Алгоритм ұғымы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Алгоритм анықтамасымен танысу;

Орындаушыларға және олардың командалар жүйесіне мысал

келтіру, алгоритмді сөз түрінде ұсыну

Сабақ мақсаттары

көрсетілген орындаушы ережелеріне сәкес алгоритмді сөз

түрінде ұсыну.

«орындаушы», «орындаушының командалар жүйесі»

түсініктерін есептерді шешу барысында дұрыс қолдана білу.

Жетістік критерийлері

алгоритм кұру.

алгоритмді сөз түрінде ұсыну, жазу ережелерін қолдану

мәселені шешу қадамдарын түсіндіреді.

Бағалау критерийі

Көрсетілген орындаушы ережелеріне сәкес алгоритмді сөз

түрінде ұсына біледі;

«Орындаушы», «орындаушының командалар жүйесі»

түсініктерін есептерді шешу барысында түсіндіреді;

Әртүрлі орындаушылар мүмкіндіктерін салыстырады.

Тілдік  мақсаттар

 

- алгоритм ұғымын түсіндіре алады;

- өмірден алгоритмдерге мысалдар келтіре алады.

Құндылықтарды дарыту

 Жалпыға бірдей еңбек қоғамына баулу

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі-түсіндірме сөздік, орыс тілі-аталуы, жазылуы,

ағылшын тілі-аталуы, жазылуы, дүниетану-қоғамдағы іс-әрекеттер,

математика-есептерге алг. құру, (есептер шығару)

Алдыңғы тақырып

Ақпараттың не екенін және оны өңдеу жолдарын біледі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Сабақтың басы

5 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылармен сәлемдесу.

Білімді өзектендіру.

Шаттық шеңберін құру

Оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді

«Қар кесегі» жаттығуы арқылы өткен сабақты пысықтау.

(қағаздан жасалған қар кесегін әр оқушы бір-біріне лақтырып сұрақ-жауап алады)

Жаңа сабақтың термин сөздерін құрастыру арқылы сыныпты 2 топқа бөлу.

1-топ: Алгоритм

2-топ: Орындаушылар

«Миға шабуыл» әдісі

1.Осы топ аттарыңның бүгінгі сабақпен қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар?

2.Сабағымыз не туралы болуы мүмкін?

Алгоритм, орындаушы дегендерді қалай түсінесіңдер?

Сабақ тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

Біз бүгінгі сабақта «Алгоритм» анықтамасымен танысамыз,

есептерді шешу барысында алгоритмді дұрыс қолдана

білеміз, орындаушыларға және олардың командалар жүйесіне

мысал келтіріп, алгоритмді сөз түрінде ұсынамыз,

Алдарыңда бағалау парақшалары жатыр, парақша басына әр оқушы өз аты-жөндерін толтырып, әр тапсырма аяқтағаннан кейін өздерін бағалап отырады.

 

Алгоритм терминімен біз таныспыз.

Алгоритм – қажетті нәтижеге жеткенге дейін орындалуы тиіс әрекеттер тізбегі. Басқаша айтқанда орындалуы, алға қойған мақсатқа жетуде қандай әрекеттер жасау керектігін дәл көрсететін нұсқаулар.

Алгоритм атауы атақты араб математигі – Әл Хорезми есімінінің латынша Algorithmi болып жазылуынан шыққан.

Әл Хорезми санаудың ондық жүйесінде көпорынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынға.

Алгоритм орындалуына байланысты әр түрлі болып келеді. 

Алгоритмнің 3 түрі бар.

Сызықтық алгоритм

Тармақталған алгоритм

Циклдік алгоритм

Сызықтық алгоритм қарапайым қадамдар тізбегінен тұрады. Әрекеттердің бірінен кейін бірі тізбектеле орындалуы сызықтық алгоритм деп аталады.

Бутерброд дайындау алгоритмі

https://fsd.kopilkaurokov.ru/up/html/2018/01/30/k_5a70948335a6f/453672_4.pngБасы:

Нанның бір тілімін кесемін

Май жағамын

Ірімшіктің бір тілімін кесемін

Нанның бетіне қоямын

соңы

Мұнда алгоритм қадамдары бірінен кейін бірі тізбектеле орындалады.

Тармақталған алгоритм – белгілі бір логикалық шартқа байланысты әрекеттердің біріншісін немесе басқасын орындайды.

Тармақталу алгоритмде егер, онда, әйтпесе (болмаса) тірек сөздері қолданылады.

Ауа райына қарай киіну алгоритмі

Басы:

Егер сыртта жаңбыр болса,

Онда етік киемін,

Болмаса туфли киемін

https://fsd.kopilkaurokov.ru/up/html/2018/01/30/k_5a70948335a6f/453672_5.pngсоңы

 

 

 

 

 

 

 

 

Егер алгоритмде бірнеше рет қайталанатын қадамдар болса, мұндай алгоритмді циклдік деп атаймыз.

Жаңа тақырыпты «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы топтарға тақырыпты оқуға тапсырмалар беріледі. Топ оқушыларының оқулықтағы мысалдарды дұрыс түсініп талдауларын бақылап, бағыт-бағдар беремін.

Жаңа тақырыпты пысықтаймын. (оқушылар стикерлерге сұрақ  дайындап, А4 қағазына жабыстырады, екінші топ сол сұрақтарға жауап жазады, екі топ бір-бірін бағалайды)

Дескриптор:  -  Тақырыпты түсінеді.

  • Сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Бағалау: «Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.(Толықтай түсінсе,сенімді болса-жасыл түс,түсінуге жақын болса,-сары  түс, түсінбесе,сенімді болмаса- қызыл түс)

Сабақтың ортасы  

1 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 мин

 

 

 

 

 

 

4 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         Алгоритмнің басы және соңы

 

                        Әрекеттерді орндау

 

                      Деректерді енгізу  және шығару

 

 

 

                     Шартты тексеру

 

                     Байланыс сызықтары

 

Блоктар бағытталған сызықтармен байланысып, ретімен

орналасады. Алгоритм сызбасын блок-сызбасы деп атаймыз.

Ішінде іс-әрекеттер мазмұны  жазылады. Пайдаланатын

фигуралар блоктар, ал оларды қосатын сызықтар байланыс

сызықтары деп аталады.

 

 

Мысалы: екі санның көбейту алгоритмін құруды блок-сызба түрінде қарастырайық: Z=X*Y

    

 

 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім «басы»  және «аяғы» командаларын қолданып мысал ретінде (5+8)*4+17 өрнегін қолданады. Теңдеуді сөз түрінде ұсыну.

басы

қосу 5 жене 8

көбейту 4

шыққан мәнге қосу 17

аяғы

 

Топпен жұмыс

Топқа тапсырма №1

Төмендегі өрнектерді есептейтін алгоритм құру, оны сөз түрінде ұсыну

1-топ - (4+7)*3+16;

2-топ - (10-9)*9-2;

Оқушылар бірін-бірі бағалап нәтижелерін дәптереге жазады.

 

Тапсырма №2

Берілген мәтін және сурет бойынша: топтар тапсырманы орындап, топта талқылау арқылы постер құрады және қорғайды.

1-топ. «Көшет отырғызу» алгоритмі

2-топ. «Компьютер сөндіру» алгоритмі

 

1.Күрекпен көшетті ал

Шұңқырды қаз

Көшетті шұңқырға сал

Шұңқырды толтыр

Су сепкішті алып көшетті отырғыз

Күрек пен су сепкішті орнына қой

 

2.Жұмыста сақта

Терезелерді жап

Пуск батырмасын бас

Завершение работы командасын орында

Маниторды сөндір

Жұмыс орнын ретке келтір

Дескриптор:  -  дұрыс алгоритм құрды;

                           -түсінікті

                           -қорғайды.

 

Сергіту сәті

 

Тапсырма №3

Алгоритм орындаушысын тауып сәйкестендіріңдер.

   

Тапсырма №4

Жалған немесе ақиқат

1.Билл Гейтс алгоритм ұғымының негізін қалаушы (Жалған)

   Ол Microsoft компаниясын негізін қалаушы

2.Алгоритмнің сызықтық, тармақталған, циклдік түрлері

   бар (Ақиқат)

3.Scratch бағдарламасы  алгоритмді қолдану арқылы жасалады. (Ақиқат) 

4.Алгоритм атқарушысы -Робот (Ақиқат) 

5. Алгоритмді тек сандарды пайдалану арқылы құрастыруға болады. (Жалған)
 

Тест тапсырмасын орындау

1. Алгоритмнің неше түрі бар?

a) 3

b) 4

c) 5

d) 6

2. Алгоритм орындаушысы

a) Робот

b) телевизор

c) Мектеп

d) Ит

3. Алгоритм атауы қай ғалымның есіміне байланысты аталған?

a) Әл-Хорезми

b) Әл-Фараби

c) Блез Паскаль

d) Исаак Ньютон

4. Алгоритмнің басы мен соңы қандай фигурамен сипатталады?

a) Эллипс

b) Паралелограмм

c) Ромб

d) Тіктөртбүрыш

5. Алгоритмнің қасиеті

a) Үзіктілік

b) Толықтылық

c) Анықтылық

d) Графикалық

6. Алгоритм түрлері:

a) Сызықтық, тармақталған, циклдік

b) Үзіктілік, нәтижелілік

c) Жалпылылық, формальдылық

d) Бейне, графика, сандық

Үйге тапсырма: §14

                            82-бет

                            №5 тапсырма

«Менің туған өлкем - Қазақстан» тақырыбына эссе жазу барысында алгоритмді қалай қолдануға болады? Алгоритм құру.

Сабақтың соңы

2 мин

Өздерін бағалау

 

Рефлексия. «Төңкерілген ағаш»

1.түбірі жоғарғы жағында болуы керек және бүгінгі ол сабақтың тақырыбы;

2. сол жюақта жақсы меңгерген ақпаратты толтырыңыз;

3. ортасында сіз білетін тақырыптар туралы ақпаратты толтырыңыз, бірақ тереңірек зерттеу қажет;

4.оң жақта түсінбеген ақпарат.

Просмотров: 321


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст