«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі  Первомайка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение   "Общеобразовательная школа села Первомайка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әдебиет білгірлері

03.03.2020

Тақырыбы: Әдебиет білгірлері              
Мақсаты: қазақ тілі мен көркем әдебиетке деген оқушылардың сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру, әдеби кейіпкерлер дүниесімен тереңірек танысу, оқушыларды ұлтжандылық рухқа, ізгілік пен ізденімпаздыққа үндеу, дүниетанымын кеңейту, ой ұшқырлығына, білімпаздыққа, ұйымшылдыққа баулу.
Көрнекілігі: ақын-жазушылар портреттері, слайдтар.
Барысы:
(Ойынға 5-9 «А» сынып оқушыларынан қатысады)

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушылар! Бүгінгі ойнымызға қош келдіңіздер.
«Әдебиет-сөз өнері». Әдебиет-әсемдік әлемі. Әдебиетті ұлағатты адамдар «адамтану құралы» десе, біз «адам тәрбиелеу құралы» дер едік. Өйткені әдеби шығармаларды оқи отырып, сөз маржанының қыр-сырын игеріп қана қоймай, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы-жақсылық пен ізгілікті үйренеміз. Әдебиет-еш уақытта көзге көрінбейтін сезім қырлары арқылы ақыл иесі-адамды өз ырқына жетелей алатын қасиетті дүние. Біздің бүгінгі ойнымызда осынау қасиетті де киелі әдебиетке жаны құмар жандар бақ сынағалы отыр. Ойыншыларымызға әділқазы мүшелері төрелік етеді.
(Әділқазы мүшелерімен таныстыру.)
1.
2.
3.

І айналым «Сұрақ – жауап»
Шарты: Әр топқа қазақ тілі пәні бойынша бірнеше сұрақтар қойылады..Топ мүшелері сұраққа дұрыс жауап беруі керек. (Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі)

 

1-топқа (5-сынып)

1.Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (2 –ге)

2.Ықпал түрлері нешеу? (3-еу)

3.Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді? (2-ге)

4.Қандай? қай?  қай сөз табының сұрақтары?(сын есім)

5. Терең ой – бұл тура мағынадағы сөз бе,ауыспалы мағынадағы сөз бе?(ауыспалы)
 

2-топқа (6-7 сынып)

1.Қазақ тілінде неше жалғау бар?(4)

2.Диалект сөздерге мысал келтір.(сым)

3.Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?(3-ке)

4.Еліктеу сөздер нешеге бөлінеді? (2-ге)

5.Екпін түрлері нешеу? (4-еу)


3-топқа (8-сынып)

1.Қазақ тіліндегі стильдері саны нешеу? (5-еу)

2.Сөздер неше  тәсілмен байланысады?(4)
3.Сөздердің байланысу түрлерін атап бер.(Қиысу,матасу,меңгеру,қабысу,жанасу)

4.Тұрлаулы мүшелер саны неше? (2)
5.Жай сөйлемдердің түрлерін атап көрсет. (Хабарлы,лепті,сұраулы,бұйрықты.)
 

4-топқа (9-сынып)

  1. Салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері.
  2. Мұхтар Әуезовтың «Жетім» шығармасының басты кейіпкері кім?
  3. Жер шарындағы адамдар саны қанша?
  4. Қазақстан Республикасы «Отбасы күнін» қашан тойлайды?
  5. Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің жалғаулықтарын атаңдар.

 

 

ІІ айналым  «Бұл қай кино?»
Шарты: Әр топқа бірнеше кинодан үзінділер көрсетіледі.Топ мүшелері киноның атын табуы қажет. (Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.)

1. «Менің атым Қожа»
2. «Көксерек»
3. «Жаужүрек мың бала»
4. «Көшпенділер»

 

III айналым «Кейіпкерлер әлемі»

Шарты: Әр топ өздерінің актерлық шеберліктерін көрсету қажет.

1-топ (5 –сынып) Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» әңгімесінен қойылым көрсетеді.

2-топ (6 –7 сынып) Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» повесінен қойылым көрсетеді.
3-топ (8-сынып) Мұхтар Шахановтың «Нарынқұм зауалы» поэмасынан қойылым көрсетеді.
4-топ (9-сынып) Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан қойылым көрсетеді.

 

IV айналым «Марапаттау»
Шарты: Әділқазылар алқасы жеңіске жеткен топты марапаттайды.

Қорытынды:

 Бүгінгі әдебиетті шын сүйетін жандармен шын жарыс өтті. Бәйгеде оза шапқан топты шын жүрегімізден құттықтаймыз.  

Просмотров: 363


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст