Текст
"Первомайка ауылының ЖООБМ" КММ бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Танымдық қуаныш: қалай қызығушылықпен оқуға көмектесу керек» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Іс-шараның мақсаты: білім алуға деген қызығушылықтың маңыздылығын талқылау және балаларды қолдауға арналған практикалық ұсыныстар беру.
Жиналыс барысында ата-аналар мен мұғалімдер оқу процесіне қызығушылықтың төмендеу себептерін талдап, оны қолдау мен дамытуға бағытталған ережелерді әзірледі.