Текст
Музыка, көркем еңбек, бейнелеу өнері және технология онкүндігін өткізу жоспарына сәйкес 5 "Б" сынып оқушыларымен "Шеберлер" атты сыныптан тыс іс-шарасы өтті. Аталған іс-шараның мақсаты: "Көркем еңбек" пәні бойынша білімді жандандыру; технологиялық мәдениетті арттыру, ой-өрісін кеңейту; мінез-құлық мәдениетін, өзін-өзі дұрыс бағалауды тәрбиелеу; "Көркем еңбек"пәніне қызығушылықты тарту.Мұғалім Т.Г. Щербинина.