Текст
Даналық мектебінің жоспарына сәйкес Жеңгелер клубы “Қыздар білуге тиіс” тақырыбында іс-шара өткізді. Іс -шараға 9-11 сынып оқушыларының жеңгелері қатысып, ой бөлісті. Ұлттық нақышта, қайын сіңлілерін өз атымен атамайтын жеңгелер өз ақылдарын, сырларын айтып, жақсы көңіл-күй сыйлады.
Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі, "Ақылды қыз білімге жүгірер,ақылсыз қыз сөзге ілінер " т.б сөздерге мән берілді. Сұрақтарға жауап беріліп, ойларын ортаға салды.
Әр мемлекеттің өз заңы мен дәстүрі болады. Әр ұлттың өз тарихынан жеткен мәдениеті, тағылымдық өнегесі бар. Біз қазақ халқы ұлттық тәрбиемізді жас ұрпаққа мұра ретінде қалдырып, ұрпақтар сабақтастығын сақтау үшін қыздарымызға дұрыс бағыт беруіміз қажет.