2025 жылдың 05 наурыз күні «Новочеркасок ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аудандық көлемде семинар өткізілді.
Тақырыбы:
«Бастауыш сыныпта инновациялық технологияларды тиімді қолданудың әдіс тәсілдері».
Семинарда "Первомай ауылының ЖОББМ" КММ бастауыш сынып мұғалімі Шарипбаева Наурыз Усеновна мұғалімдерге мастер класс өткізді.
Тақырыбы:
"Инновациялық технологияларды пайдалана отырып оқушылардың білім деңгейін арттыру"
Мақсаты: Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану арқылы шәкірттердің сын тұрғысынан ойлана білу қабілетін дамыту, шығармашылыққа үйрету және функционалдық сауаттылығын арттыру.
Сабақ барысында көптеген заманауи жасанды интеллектпен ойын құру жолдарын көрсетті, сабаққа тиімді әдіс тәсілдермен бөлісті.