Ұйымдар тізімі
24.06.2025
Президентіміздің тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан “Келешек мектебі” жобасы аясында 2024-2025 оқу жылында Талапкер ауылының мектеп-лицейі жаңа кейіпте ашылды.
Мектеп заманауи технологиялармен жабдықталған. Интерактивті тақталар, заманауи компьютерлік сыныптар мен жарық кабинеттер – оқушыларға сапалы білім алуға барлық жағдай жасалған.
“Білімдінің күні жарық, білімсіздің түні қаріп” демекші, бұл мектеп – ауыл балаларына жарқын болашаққа жол ашады. Бір ауысымда оқу жүйесі енгізіліп, бос уақытта балалар спорттық секциялар мен үйірмелерге қатыса алады.
“Оқу – инемен құдық қазғандай”, алайда келешек мектеп жобасы білім алуды тиімді, қызықты әрі жайлы етіп отыр. Кең сыныптар, тынығу бұрыштары мен бай кітапхана – оқушылардың жан-жақты дамуына ықпал етеді.
Бұл мектеп – тек білім ордасы ғана емес, балалар арманының жүзеге асатын мекені. Осындай жайлы ортада өскелең ұрпақ жан-жақты дамып, ел болашағын жарқын ететіні сөзсіз.
#келешекмектептері





