Ұйымдар тізімі
10.10.2025
"Күзгі қолөнер әлемі" байқауы* 🍁🎨
Бастауыш сынып арасында "Күзгі қолөнер әлемі" тақырыбы бойынша қолөнер байқауы өтті.
Мақсаты:
– Оқушыларды күз мезгілінің әсемдігін байқай білуге үйрету;
– Шығармашылық қабілеттерін арттыру;
– Табиғи материалдармен жұмыс істеу дағдысын; қалыптастыру;
– Экологиялық тәрбие беру және ұқыптылыққа баулу.
Байқау барысы:
Оқушылар табиғи материалдар (жапырақ, жаңғақ, бұтақ, тұқымдар т.б.) мен тұрмыстық заттарды пайдаланып, әртүрлі қолөнер бұйымдарын жасады. Әр жұмыс ерекше идеямен, әдемі безендірілуімен көзге түсті.
Үздік жұмыстар марапатталып, оқушылардың шығармашылық қабілеті жоғары бағаланатын болады. Сынып жетекшілер мен ата-аналар белсенді қолдау көрсетті.
#Адал_азамат
#Біртұтастәрбие
#қолөнер






