Текст
Ұйымдар тізімі
13.10.2025
2025 жылдың 13 қазанында бастауыш сыныптар апталығының ашылу салтанаты өтті. Таңертеңнен бастап балаларды мұғалімдер мен ертегі кейіпкері қарсы алып, мерекелік көңіл күй мен балалардың жүзінде шаттық сыйлады.
Ашылу салтанатында жылы лебіздер, сәттілік, шабыт және жаңа жетістіктерге тілектер айтылды. Оқушыларға алда өтетін түрлі байқаулар, ойындар мен іс-шаралар туралы ақпарат берілді. Әр бала өзін үлкен әрі тату ұжымның бір мүшесі ретінде сезінді.
Апталық енді басталды, алда – қызықты жұмыстар, жаңалықтар мен тосын сыйлар көп болады!





