Ұйымдар тізімі
03.11.2025
3" А" сынып ата-аналарымен педагогикалық қолдау орталығымен бірлесіп «Ата-ана – бала өмірінде» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Мақсаты:
Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлін арттыру, отбасы мен мектеп арасындағы байланысын нығайту, сонымен қатар ата-аналарды балалар арасындағы қарым-қатынаста кездесетін өзекті мәселелер – әсіресе буллинг (қорлау, мазақ ету) тақырыбында ақпараттандыру.
Жиналыс барысында педагогтар мен ата-аналар буллингтің себептері мен салдарын талқылады, оны болдырмау жолдары қарастырылды. Сонымен қатар ата-аналарға баламен тиімді қарым-қатынас орнату, эмоционалдық қолдау көрсету және мектеппен бірлесе әрекет етудің маңыздылығы түсіндірілді.
Жиналыс жылы атмосферада өтіп, ата-аналар өз ойларымен, тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шараның басты нәтижесі – балаға қолдау көрсету мен қауіпсіз орта қалыптастыруда ата-ана мен мектептің бірлесе жұмыс істеу қажеттілігі туралы ортақ пікір қалыптасты.






