Текст
Ұйымдар тізімі
11.11.2025
2025 жылдың 7 қарашасында КГУ «Первомайка ауылының жалпы білім беретін мектебінде» 2 «Б» сыныбында «Адамның құрылысы» тақырыбында дүниетану пәнінен ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында оқушылар адам ағзасының құрылысы мен оның мүшелерінің қызметімен танысып, олардың өмірдегі маңызы туралы білді. Балалар белсенді қатысып, тәжірибелік тапсырмалар орындап, алған білімдерін көрсетті.
🎯 Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың адам ағзасы туралы білімдерін кеңейту, мүшелердің өзара байланысы мен қызметін түсіндіру, табиғаттану пәніне қызығушылық пен өз денсаулығына ұқыпты қарау дағдыларын қалыптастыру.






