Текст
Ұйымдар тізімі
10.12.2025
Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні аясында мектебімізде бастауыш сынып оқушылары арасында "Бақытты отбасы – бақытты мемлекет" атты суреттер байқауы өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты – оқушыларға отбасы құндылықтарын дәріптеу, сүйіспеншілік пен өзара сыйластыққа тәрбиелеу, зорлық-зомбылықсыз қоғам құрудың маңыздылығын ұғындыру болды. Байқауға белсенді түрде қатысқан оқушылар отбасы туралы өз көзқарастарын сурет арқылы бейнелеп, шығармашылықтарын көрсете білді.





