Ұйымдар тізімі
29.01.2026
« Первомайка ауылының ЖОББМ» КММ әжелер клубы аясында жылы әрі шығармашылыққа толы іс-шара өтті. Кездесу барысында мектеп оқушылары әжелермен бірге орыс халық ертегісі «Теремок» бойынша қуыршақ театрына арналған ойыншық қуыршақтарды дайындады.
Іс-шара өзара ынтымақтастық, мейірімділік және түсіністік атмосферасында өтті. Әжелер балалармен өз шеберліктері мен тәжірибелерімен бөлісіп, материалдармен жұмыс істеуге көмектесті, қолөнер дәстүрлері туралы әңгімеледі. Ал балалар белсенділік танытып, қиялдарын іске қосып, бірлескен шығармашылыққа үлкен қызығушылық көрсетті.
Бірлескен жұмыстың нәтижесінде «Теремок» ертегісінің кейіпкерлері жасалып, алдағы уақытта қуыршақ қойылымдарында қолданылатын болады. Осындай іс-шаралар ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуға, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, үлкен буынға деген құрметті қалыптастыруға және балаларды халықтық шығармашылыққа баулуға ықпал етеді.





