Ұйымдар тізімі
16.03.2026
2026 жылғы 16 наурызда «Первомайка ауылының ЖОББМ» КММ-де 5 "Б" және 6 «Б» сыныбында «Наурыз — жыл басы» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сонымен қатар қауіпсіздік сабағы өткізілді: «Виртуалды достар тарапынан болатын қауіптен қалай сақтануға болады? Неліктен өз тәжірибеңді ата-анамен бөлісу маңызды?».
Мақсаты: оқушылардың Қазақстан халқының ұлттық дәстүрлері мен мәдениетіне деген құрметін қалыптастыру, Наурыз мерекесі туралы білімдерін кеңейту, бірлік, достық және өзара түсіністік сезімдерін тәрбиелеу. Сонымен қатар оқушылардың интернет желісінде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде жауапкершілікті дамыту және қауіпті жағдайлар туындаған кезде ата-аналар мен ересектерден көмек сұраудың маңыздылығын түсіндіру.





