Текст
Ұйымдар тізімі
20.03.2026
6 «Б» сыныбында 17.03.2026 ж. «Оқушының өзін-өзі білім алуындағы үй тапсырмасының рөлі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналарға үй тапсырмасын жүйелі орындаудың маңыздылығы түсіндіріліп, балалардың өздігінен оқу әрекетін ұйымдастыру және бақылау бойынша ұсыныстар берілді.
Көктемгі демалыс кезеңіндегі қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды: жол қозғалысы ережелерін сақтау, жұқа мұзға шығуға тыйым салу, балалардың қайда жүргенін бақылау және интернеттегі қауіпсіздік. Балалардың өмірі мен денсаулығы үшін ата-аналардың жауапкершілігі атап өтілді.
Сонымен қатар, мектеп формасын сақтау және оқушылардың ұқыпты сыртқы келбетінің маңыздылығы туралы әңгіме жүргізілді





