«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі  Первомайка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение   "Общеобразовательная школа села Первомайка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектептің 90 жылдық мерейтойы!

24.06.2026

 90 жылдық тарих, дәстүр және жетістіктер

2026 жылғы 20 маусымда «Первомайка ауылының негізгі орта мектебі» КММ-де мектептің 90 жылдық мерейтойына арналған әр жылдардағы түлектердің көптен күткен әрі әсерлі кездесуі өтті.

Бұл күн туған мектебінің табалдырығын аттаған әрбір жан үшін үлкен мерекеге айналды. Білім ордасының қабырғасында әр буынның түлектері, педагогтер, еңбек ардагерлері мен қонақтар бас қосып, мектеп жылдарын еске алып, естеліктерімен бөлісіп, білім ұясын айтулы мерейтойымен құттықтады.

     Мерекелік бағдарлама мектепке экскурсиядан басталды. Қонақтар жаңартылған кабинеттерді аралап, оқушылар мен ұстаздардың жетістіктерімен танысты. Мерейтойға орай дайындалған мектеп түлектері туралы кітаптар ерекше қызығушылық тудырды. Онда туған жері мен мектебінің абыройын асқақтатқан түлектердің өмір жолы мен жетістіктері кеңінен баяндалған.

     Мерекелік шараның жалғасы ретінде әр буын өкілдерін біріктірген салтанатты жиын өтті. Кездесудің ең әсерлі әрі мағыналы сәттерінің бірі – түлектердің Алғашқы қоңырауды соғуы болды. Бұл мектептің өткені, бүгіні мен болашағының арасындағы үзілмес байланыстың жарқын белгісіне айналды.

Ресми бөлімнен кейін қонақтарға педагогикалық ұжым дайындаған мерекелік концерт ұсынылды. Сахна төрінде жүрекжарды құттықтаулар айтылып, әндер шырқалып, туған мектепке деген сүйіспеншілікке толы шығармашылық нөмірлер көрсетілді. Әрбір өнер көрсетілімінде білім ордасының бай тарихына деген мақтаныш пен рухани жылылық сезіліп тұрды.

      Тоқсан жыл ішінде мектеп ұзақ жолдан өтіп, қоғамның әртүрлі салаларында өз орнын тапқан жүздеген түлектерді тәрбиелеп шығарды. Мерейтой өткенді еске алудың ғана емес, мектептің дамуына үлес қосқан барлық ұстаздар қауымына алғыс білдірудің де тамаша мүмкіндігі болды.

      Түлектер кездесуі жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушылардың жүрегінде жарқын әсерлер мен ұмытылмас естеліктер қалдырды. Бұл күн мектептің тек білім беретін орын ғана емес, адамдарды өмір бойы біріктіретін үлкен отбасы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

       Қымбатты мектебіміз, 90 жылдық мерейтойың құтты болсын! Тарихың жаңа жетістіктермен толығып, талантты шәкірттер мен ізгі дәстүрлерің мәңгі жасай берсін!

        

Просмотров: 298


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст