28.09.2026
24 қыркүйек 2026 жылы мектебімізде жаңа оқу жылының басталуына орай жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың негізгі мақсаты – ата-аналарды жаңа оқу жылындағы мектептің жұмыс жоспарымен таныстыру, оқу-тәрбие үдерісіндегі маңызды мәселелерді талқылау және мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Жиналыс барысында:
жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі бағыттары;
оқушылардың сабаққа қатысуы және мектеп тәртібі;
оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
мектептің ішкі тәртіп ережелері;
ата-аналар мен мектеп арасындағы өзара байланыс;
балалардың сабақ үлгерімі мен жауапкершілігін арттыру;
оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне, интернетті дұрыс пайдалануына, жол қауіпсіздігіне және мектептегі тәртіпті сақтауына ерекше көңіл бөлу қажеттігі түсіндірілді.
Жиналыс барысында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мектеп әкімшілігі тарапынан тиісті түсіндірмелер алды.
Мектеп пен ата-ана арасындағы тығыз байланыс – бала тәрбиесі мен сапалы білім берудің маңызды негізі.





