Текст
28.09.2026
2026 жылғы 28 қыркүйекте «Первомай ауылының ЖОББМ» КММ-де көркем еңбек, музыка, дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.
Мақсаты: өнерге, музыкаға, дене шынықтыруға және әскери-патриоттық тәрбиеге баулу арқылы оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау; шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамын, салауатты өмір салтына, дене белсенділігіне деген қызығушылығын дамыту, сондай-ақ жауапкершілік, тәртіптілік және отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру.





