Текст
2021 жылдың 6 қарашасында 5-9 сыныптарда мұғалім Дюсекеева Ж.Е. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған диспут « Желілік ойындардың + және -» өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: ойын дауы негізінде оқушылардың ақпараттық мәдениетін, интернеттің «плюс» және «минустары» туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеті: балаларға жергілікті интернет желісі туралы білім беру, «Интернет: дос немесе дұшпан» тақырыбы бойынша ой қорытуға үйрету;
виртуалды және шынайы өмірдің жағымсыз және жағымды жақтары туралы қорытынды жасауға үйрету; оқушылардың сөздік қорын молайту.