«Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі  Первомайка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
Коммунальное государственное учреждение   "Общеобразовательная школа села Первомайка отдела образования по Астраханскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

      

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Первомай орта мектебінің кітапханасының 2017-2018 оқу жылының І жартыжылдық есебі

25.01.2018

Первомай орта мектебінің кітапханасының 2017-2018 оқу жылының І жартыжылдық есебі

 

Біздің  мектеп кітапханасы да өз уақытының деңгейінде болып, мектеп тәрбие процесіне атсалысып, балалар мен

жеткіншектерді тәрбиелеуде белсене көмек беріп келеді.

  Биылғы оқу жылында 1-сынып  100% ,  2-сынып  100%,  3-сынып 100%,  4-сынып мектеп кітапханасы 70 % , ата-аналар 30%,  5-сынып 100 %,  6-сынып мектеп кітапханасы 60%, ал  ата-аналар 40%,  7-сынып 98%, 8-сынып 98%, 9-сынып 100%, 11-сынып 100% қамтылды.

  Оқырмандарды зерттеу, оқырмандар талабымен санасу,біздің жұмыстарымыздың негізі бағыттарының бірі «Кітапхана және оқырман», сауалнамасы жүргізілді. Сауалнама мақсаты оқырман сұранысын зерттеу, олардың кітапханамен байланысын, ақпараттық сұранысын білу, кітапханаға  келешекте оқырман көзқарасын қалыптастыру, оқырмандардың оқуға деген ынтасын арттырудағы өзекті мәселелерді анықтау.

  Оқырманға басшылық жасаудың бір әдісі –оқырмандар формуляры. Мысалы, оқырман формулярына талдау жасап отыруға болады.

Оқырман  туралы жалпы мәлімет беріледі.

Оқыған кітаптары туралы мәлімет

  Балалардың  кішкентай кезінен кітапқа деген сүйіспеншілігін, оқуға деген ынтасын арттыру біздің міндетіміз.

  Оқу  сапасы туралы талдау жасауға болады.Ал кітапханада әр сынып бойынша оқырмандардың есебі жүргізіледі.

Осы  бойынша 2017– 2018  оқу жылына І жартыжылдық рейтингісі жасалды.

   1-4  сынып оқушылары барлығы кітапхана оқырмандары болып саналады.Бұл оқырмандарымыз балаларға арналған әдеби кітаптарды көп оқиды, соның ішінде  ертегілерді қызығып оқиды, оқыған кітаптары туралы ой бөліседі. 5-8 сынып оқырмандары тарихи, хайуандар,спорт туралы кітаптарға сұраныс көп алады, әдеби кітаптарды оқиды, энциклопедиялар, сөздіктер пайдаланады.9-11 сынып  оқырмандары көбінесе сөздіктер, энциклопедиялар оқиды, әдеби кітаптарды мектеп бағдарламасы  бойынша оқиды.

Қыркүйек айынан бастап тіл апталығына байланысты:1-4 сынып аралығында «Сказки народа Казахстана» атты сурет салу байқауы ұйымдастырылып сынып бойынша жеңімпаздар анықталды. Олар мақтау қағаздарымен, сыйлықпен

марапатталды.1-2сынып аралығында «Әлем халқының ертегілері» атты викторина өткізілді. Қазан айынан бастап «буккроссинг» акциясы ұйымдастырылды. Бұл мәдени шараның мақсаты: көркем әдебиеттердің оқылымнан шығып қалмай, өз оқырманын табуына ықпал ету, оқушылардың кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру.

«Буккроссинг» сөзін қазақшаға аударғанда «кітап сыйлау» немесе «кітаптың айналыста жүруі»деген мағына береді. «Буккроссингтің» басты принципі: «Оқып болсаң басқаға бер», Ұраны «Бүкіл әлемді кітапханаға айналдырамыз» «Буккроссинг» бүгінде бірегей қоғамдық қозғалыс болып табылады. Оның мәні өте қарапайым: акцияға қатысушы адам өзі оқыған кітапты басқалардыңда оқуы үшін қоғамдық орында қалдырады екінші адам алған кітабын оқып шыққан соң дәл солай келесі адамдарға ұсынады. Бірнеше кітап өз оқырманын тапты. Акция әлі жалғасуда.

  Қорытынды.

  Алдымыздағы оқу жылында  жұмысымыздың  бір саласы – әр кезде жарық көрген  жақсы шығармаларды көпшілік арасында кеңінен насихаттау, олардың кейбір ерекшеліктеріне баса назар аударып жаңарту жолдарында жұмыс жүргізу,  оқырмандармен жұмыс жүргізу, оқырмандардың  кітапханаға деген көзқарастарын қалыптастыру. Қазіргі заманға сай  оқырмандардың ойын ұшқырлайтын іс –шаралар ұйымдастыру. Оқудан қол үзбейтін оқырмандарды  көбейтіп, оқу –тәрбие  жұмысына ықпал етуге  еңбек ету. 

Оқу жылының басында  оқулықтар таратылып, оның жыртылып бүлінбеуін қадағалап тұру.

 

 Кітапханашы:                                                        Узакбаева К.Ж

Просмотров: 224


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст