«БУККРОССИНГ» акциясының өткізілуі туралы ақпарат
Көркем әдебиеттердің оқылымнан шығып қалмауына әсер ету, кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты нығайту, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында Первомай орта мектебінің кітапханасында 2017 жылдаң қазан айынан бастап «Буккроссинг» акциясы өткізіліп келеді.
«Буккроссинг» қазақшаға аударылғанда «кітап сыйлау», «кітаптың айналыста жүруі» дегенді білдіреді. Оны алғаш рет ойлап тапқан ғалым – Рон Хорнбекер. Кітаптың өз оқырманын табуына ықпал ететін бұл қозғалыс Америкада басталған болатын. Ал, Қазақстанда «буккроссинг» акциясы 2005 жылы қолға алынды.
Аталмыш акция «Оқып болсаң, досыңа бер!» атты тақырыппен мектепте ұйымдастырылды. Акцияға мектеп оқушылары белсене қатысуда.
– Жаппай кітап оқу азайып кеткен қазіргі заманда «буккроссинг» қозғалысы кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы болып табылады. Әлемдік жаһанданумен бірге біздің елге де аяқ басқан осы шараның
ерекшілігі – кітаптың назардан тыс қалмай, қайта айналымға енуінде. Оқушылар оқыған кітаптарын мектеп фойесінде орналасқан кітап сөресіне келесі оқырманға қалдырып кетеді. Осылайша кітап оқу, өзара кітап алмасу процессі жүреді. Барлық кітаптардың сыртына «Кітап сені қызықтырса, бетін ашып оқы!» деген стикер жабыстырдық.
Бірнеше кітап өз оқырмандарын тапты. Кітап алмасу әліде жалғасуда.