Текст
2017 жылдың 23 желтоқсанында Астарахан ауданының Первомай орта мектебінің орта буын оқушыларына арналған Жаңа жылдық мереке болып өтті. Мерекенің өтуіне мектептің қазақ тілі мұғалімі Гүлзинат Жолдасқызы бастауымен және жас педагогтары ат салысып, өте жоғары деңгейде аталып өтті. Мерекелік бағдарламада жаңа жылдық көріністер қойылып, барлық сынып оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Аяз Ата мен Ақшақар оқушыларға тәтті сыйлықтар таратты. Жаңа жылдық мереке соңында оқушыларға арналған дискотекамен жалғасын тапты.