Сабақтың тақырыбы: Менің
Отаным-Қазақстан
Мақсаты: Мұғалімнің көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын
қою және оның жауабын шығармадан таба білу.
Күтілетін нәтиже:
1.Оқушылардың бәрі: мәтінді оқиды,түсінеді, бағалауға
қатысады,мәтіндегі сөздермен жұмыс жасайды,сұрақ қояды,жауап береді,әңгіме
құрастырады.
2.Оқушылардың көпшілігі: тақырыпты болжайды,сызбаны
толтырады,қарапайым және нақты сұрақтар қояды,берілген сөздерді қолданып әңгіме
құрастырады.
3. Кейбір оқушылар: берілген сөздерді қолданып,сурет
желісін сақтап әңгіме құрастырады.
Сабақтың басы 5 минут.
Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз,
Күннен шуақ аламыз.
Жан-жаққа қарап ап,
Аздап күліп аламыз
Сабақты жақсы оқып,
Кілең бестік аламыз.
Мағынаны ажырату. Ой қозғау
Сөзжұмбақты шешу.
1.Қалың ағаш өсетін нулы жер қалай аталады?( орман)
2.Отбасыңдағы әке атауы.( отағасы)
3.Ел сөзін басқаша қалай атауға болады? (халық)
4.Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі.(гимн)
Осы жерде сұрақтар қою арқылы сабағымызды ашып аламыз
ашып алдық.Қазақстан территориясы дүние жүзінде 9 орын алады.Ал ТМД бойынша 2
орын алады.Қазақстан аумағы 2,7 млн шаршы шақырым.Қазақстан территориясы қазба
байлықтарға өте бай.Ол 14 әкімшілік территориялық облысқа бөлінеді.
Кімнің суретін көріп тұрмыз?
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың суретін көріп
тұрмыз.1991 жылы 1 желтоқсанда Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.
Білу
Тақырыпты болжау
Менің, сенің бәріміздің Отанымыз?
Қара әріппен жазылған сөздерді іштей оқы.Көп нүктенің
орнына осы сөздерді қойып, дауыстап оқы.
Менің Отаным –Қазақстан. Менің туған жерім –Қазақстан. Менің
атамекенім-Қазақстан. Менің туған өлкем –Қазақстан. Менің туған елім-Қазақстан.
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) Павлодар облысы Баянауыл
ауданы,Қызылтау ауылында дүниеге келген. Ол әрі ақын,әрі
жазушы,журналист,публицист,сыншы,асқар шебер аудармашы және педагог ағартушы.
Ол музыка өнерінің сырына қанық,өзі әнші,музыкант,сегіз қырлы өнерпаз.
«Қартқожа»,»Ақ білек»романдары, «Күнекейдің жазығы»повесі»Шернияз»,»Ел
қорғаны»,»Мансапқорлар»пьесалары бар.
«Қартқожа» романы жазушы Жүсіпбек
Аймауытов 1926 жылы Қызылорда қаласында жеке кітап болып басылып шыққан
туындысы. Бұл-қазақ кедейінің өмірін,оның әлеуметтік арпалыстар кезіндегі
күрделі тағдырын эпикалық үлгіде көркем бейнелеуге арналған қазақ әдебиетінің
алғашқы елеулі шығармасы. Онда қазақ аулының революция алдындағы және
әлеуметтік қақтығыстар кезіндегі тіршілігі,азаттық жолындағы күрестен кейінгі
жаңаша ұмтылысы шыншылдықпен бейнелейді. Әсіресе жазушы әлеуметтік тартыстар
талқысында қазақ кедейінің қоғамдық теңсіздік сырларын түсінуге
жетіп,әлеуметтік әділетсіздіктің себептеріне ой жіберуін нанымды
суреттейді.Шығарманың кейіпкерін де Жүсіпбек осы тұрғыдан көрсетеді.
Кітаппен жұмыс.Қартқожаның туған жері дауыстап
оқу.
Сөздікпен жұмыс.
Қолдану
Жұппен жұмыс.
Тапсырма. Төменде берілген қарапайым және нақтылау сұрақтары
берілген.Сол сұрақтарды бір-бірімізге кезектесіп қоямыз,жауабын шығармадан
табамыз.
Қарапайым
Нақтылау
Мәтіннің кешкі ауыл туралы айтылған Қартқожаға тағы қандай нәрселер
Қатты әсер етті?
Жолдары бар ма?Тауып оқы.
Жазушының туған жеріне деген сезімін білдіріп тұрған
жолдарды мәтіннен тауып оқы.
Жұптық жұмыс. Айтылым
Тапсырма. Мәтін бойынша берілген суретке зер сал. Суретте нелер
бейнеленген?
Сурет мәтіннің қай бөлігіне сай келеді.Мәтіндегі
қоңырсыған сүт, қайнатқан қаймақ,түтін иісі деген сөздерді пайдаланып, сурет
бойынша әңгіме құра.
Отан туралы тақпақтар айту.
1.Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен,асқар тау,гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
2.Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, Бәрі маған» Отан»-деп
сыбырлаған.
Жаным менің кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған.
3. Отан, Отан,
Бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
4.Неткен сұлу, неткен көркем, Осы менің туған өлкем.
5. Көгінде күн нұрын төккен,
Жерінде гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем, Осы менің туған өлкем.
Мақал-мәтелдің жалғасын тап............
Оқу- білім бұлағы,
Білім ......................
Батыр туса ел
ырысы, Жаңбыр жауса ................
Өз үйім- өлең
.................
Асыл тастан
шығады, Ақыл ....................
Туған жердей
жер болмас, Туған елдей ел болмас.
Отан оттан да
ыстық.
Балық суында
патша, Жігіт елінде патша.
Ойын. Ойлан тап. «Қанағаттанарлық»
Қан,ана,аға,ат,қанағат,анар,ар, нар,
лық,ағат,қанат,аттан.
Жұмбақтар шешу.
1.Бір үйге көзсіз боп кіресіз, Бұл үйден көрген боп шығасың.(Мектеп)
2.Бетін адам ашады,
Білім нұрын шашады.(Кітап)
3.Жұқа тақтай бөлшегі
Ұзындықтың өлшемі.( Сызғыш).
«Кім жылдам» ойыны.
Ағаштар
Қалалар
Киімдер
Қайың
Тал
Қарағай
Үйге: Отан туралы 2-3 мақал-мәтел жаттап келу.
Кері байланыс: ауызша оқушыларға кері байланыс беру.
«Менің сабақтан кейінгі әсерім» кестесі
Қандай ой пайда болды?
Не сезіндім?