Текст
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 26 жыл мерекесі қарсаңында 2017 жылдың 15 желтоқсан күні «Первомай орта мектебі» ММ-сінде салтанатты түрде лездеме өтті. 3 сынып оқушылары Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына ене отырып, ант қабылдады. Мектеп ұстаздары мен оқушылар мадақтамалар мен алғыс хаттармен марапатталды. «Жасампаз елі жарқын болашаққа бет алған Тәуелсіз Қазақстанның жолы болсын! Ұлы еліміздің ұлы тағдырын айқындаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!»,- деген құттықтау сөздерімен мектеп директоры К.А. Егинбаев ұстаздар мен оқушыларды, барша қазақ елін мерекемен құттықтады.