Текст
2017 жылдың 29 наурызында көктемгі демалыс кезінде 2-3 «А» сыныптар аралығында «Сиқырлы қылқалам» атты
сыныптан тыс ісшара өткізілді.
Ісшара мақсаты: Балаларды қарындаш, қылқалам, қағаздың маңызымен
таныстыру арқылы сурет салуға ынта-ықыласын, қызығушылығын тудыру. Қылқаламды
дұрыс ұстап, палитраны пайдалана білуге, яғни қылқаламды бояуға батыру, қағаз
бетіне сүйкей жағу тәсілдерін үйрету. Сызықтар мен сүйкей жағу ұғымдарын
түсіндіру.