Сыныбы: 6 «А»
Пәні:өзін өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Армысың, кең дүние!
Мақсаты: оқушыларға «дүние», «әлем», «қоршаған орта» туралы түсінік
беру, дүниеге деген жағымды көзқарасты дамыту.
Міндеттер:
- оқушыларға «дүние», «әлем» ұғымы туралы түсінік беру;
- оқушылардың әлемді жағымды қабылдай білу сезімдерін дамытуға, өмірдің мәнін түсініп, өз орнын таба білуге ықпал ету;
- ізгілікке,жақсылыққа тәрбиелеу;
- оқушылардың рухани-адамгершілігі мен жеке тұлға болып қалыптасуына көмектесу және ойлау әрекетін
шыңдауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме,ой түрткі жасау,
ғажаптану, шығармашылық жұмыс, ойын, жаттығу.
Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар,бояу, ақ қағаз,
тапсырмалар жазылған қағаздар,түрлі-түсті қағаздардан қиылған жірекшелер мен үлкен
журек, анаграмма, Джелли Джем бейнесі
Сабақтың барысы
1.Шаттық шеңберін құру.
Мұғалім сөзі:
Өзіңнің сүйікті оқушыларыңды «Өзін-өзі тану» сабағында көрген қандай ғанибет! Осындай
мейірімді,қайырымды, ақылды, білімге құштар қуанышты күйде балаларымды көргеніме, көріскеніме қуаныштымын.
Ендеше біздер бір-бірімізге күлімсіреп, қолымда тұрған гүлді бір бірімізгі сыйлайық, жақсы
тілек айтып сабағымызды бастайық.
Мұғалім сөзі:
Сендермен бірге болғаныма тек мен ғана емес, шуақты Күн де қуанып тұр!
Бүгінгі көңілді басталған күніміз жарасымды жалғасуы үшін құдыретті Күнге де, келген қонақтарға да жақсы,көтеріңкі көңіл-куй тілейік!
Оқушылар:
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Көк аспан!
Саламат па, Адамдар !
Сіздерді көрсем қуанам! деп психологиялық дайындық жасап, оқушылар екі топқа (екі ағашүйге) бөлініп отыра қалады. Күні бұрын жазылып, дайындалған сұрақ-тапсырмалар негізінде (ойланайық,пікірлесейік бөлімі бойынша)
ой түйіп отыру тапсырылады.
2. Әңгімелесу сұрақтары.
1. «Дүние», «әлем», «қоршаған орта» деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
2. Қоршаған әлемнің адам өміріндегі мәні қандай?
3. Адамның қоршаған ортаға қарым-қатынасы қалай болуы керек?
4. Өзіңнің дүниеге деген көзқарасың қандай?
5. Дүниенің кеңдігін қалай түсінесіңдер?
Оқушылар сұрақтарға жауап беру кезінде өздерін қоршап тұрған кең дүниені көз алдарына елестетеді. Қоршаған ортаға өз қарым-қатынастары жөнінде ойланады, жауаптарын түрлі-түсті бояумен ватман қағазға түсіреді (сөзбен жазуға,суретпен бейнелеуге болады) , топтағы бір оқушы пікір қорғайды. Оқушылар жұмысы тақтаға орналастырылады. (плакат түсті қарындаштар дайындау)
2).Оқушылардың шығармашылықтарын ,ізденімпаздықтарын дамытып, қызығушылықтарын арттыру мақсатында
анаграмма шешу тапсырылады
3.Мәтінмен жұмыс
1)«Бұлбұл,жарғанат, қарақұрт» ертегісін интонациялық талаптарға сай нақышына келтіріп, зор
ықыласпен оқып беру.
Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап береді. Мәтіндегі негізгі ойды ашуда тіршілік иелерінің кең дүниені қалай қабылдауы, оған өзінің қатынасын қалайша білдіруі сияқты негізгі ойға оқушылардың зейіні аударылады.
2)Сабақ проблемалық ситуация арқылы сатылай өріледі, оқушылар төмендегі сұрақтарға өз ой-пікірлерін білдіреді.
1. Бұлбұлдың кең дүниені қалай қабылдағанын мәтіннен тауып оқып, бұлай айтуының себебін түсіндіру.
2. Жарғанаттың «Қараңғылықтың құшағы жақсы ғой. Соны да түсінбейді. Қызық өмір менің
үңгірімде» деп кең дүниенің әсемдігін сезіне алмауының себебі неде?
3. Жарғанат бұлбұлдың үнін өшіру үшін неліктен қарақұртты таңдады?
4. Бұлбұлдың әсем әні қарақұрттың тас жүрегін жібіте алды ма, оған кең дүниенің кереметтігі қалай әсер
етті?
5. Кең дүние өзіңді қандай сезісге бөлейді?
6. Саңқылдаған бұлбұл әнінен жалпақ аңғардағы барлық әнші құс қандай сыр ұқты?
3) Оқушылардың табиғи дарындарын аша түсуге ықпал ету үшін мәтінді рөлдерге
бөліп оқыту.
4) Ойын арқылы балалардың көңіл-күйін көтеру.
Төменгі сыныптан білетін мүсінді (Джелли Джемді) қуаныш-күйіне келтіру.Оқушыларды бұл ойын мінез-құлықты эмоция арқылы танып білуге үйретеді.
4.Оқу ақпараты
1)Сабақтың тақырыбын айқындай түсуі үшін берілген оқу ақпаратын терең сезіммен дауыстап
оқып, түсіндіру.
Көп қырлы,сан алуан құбылыстар жиынтығы болатын кең дүние әсем, шексіз, әрі мәңгі. Ақ көңіл,таза ниетпен кең дүние келбетін толық ұғыну адамның өз өмірінің мәнін түсініп, орнын табуға
көмектеседі.
2) Шығармашылық жұмыс
Мына сөздерді — «бұлттарды» өз ретімен орналастыр.Ұнамаған немесе артық сөздер болса
сызып таста.(х).
Бұл жұмыста оқушылар ұжымдық,топтық әрекетке түседі, өзара сыйластықтары
нығаяды.Оқу ақпараты туралы түсініктері бекиді.
Жауабы:
1,4,16,5,8,9,10,3. 6,12,11,2,7,13,14,15
6.Үйге тапсырма Барша әлемге,күллі адамзат
баласына, алыстағы достарыңа, басқа планета адамдарына арнап жылы сөз, жақсы
тілек жазыңдар.(71-бет)
7.Жүректен-жүрекке
1)Өткен материалдарды қайталап, қаншалықты ой түйгендерін білу және жаңа сабақпен
байланыстыру мақсатында Ш.Сариевтің Сұлулық өлеңін қосылып оқу
2) Үлкен жүректі әлем сендердің кішкентай жүректеріңнің үнін тыңдағысы келеді. Ақ көңіл,таза ниетті бұлбұлдың қанатына отырып,біз де ойша әлемді шарлайық. Әсем де, шексіз,мәңгі дүние туралы өздеріңнің кішкентай жүректеріңе сіңген құндылықтардан шашу шашыңдар!
Сабақ соңында оқушылар бәрі қосылып, қуана тұрып, төмендегі тілекпен сабақты
аяқтайды.
Мен адаммын-
Табиғаттың бөлшегі.
Даналықпен түзілген,
Ұлы әлемнің өлшемі!