Күні: 09.09.2016
Пән аты: Қазақ дебиеті
Сыныбы: 6 «А»
Сабақтың тақырыбы: «Қобыланды батыр» жыры
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың батырлар жыры
туралы түсініктерін толықтыру; «Қобыланды батыр» жырындағы кейіпкерлер
әрекетіне талдау жүргізуге үйрету;
жырдағы патриоттық сезімдерді бойларына дарытуға ықпал ету, назарларын бейнелі
сөздерге аударып, шығармашылыққа ынталарын арттыру.
Дамытушылық: «Қобыланды батыр» жырындағы асыл сөз айшықтары арқылы ойлау,
шығармашылық қабілетін, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды туған елін, жерін сүюге,эстетикалық сезімін оятуға,ана
тілін ардақтауға,халқының тәуелсіздігін сақтауға,оны қорғай білуге және жыр
кейіпкерлері арқылы адал достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу,ойын арқылы
тапқырлық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игерту
Сабақтың көрнекілігі: «Қобыланды батыр» жыры, қосымша материалдар,үнтаспа
Сабақтың әдіс – тәсілдері: мәнерлеп оқу, топтастыру,сұрақ – жауап
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
II.Сабақтың мақсат – міндеттерін түсіндіру
III.Үй тапсырмасын тексеру:
1.Батырлар жыры туралы түсініктерін тірек сызба арқылы түсіндіру.
2.Ерлік, батырлық туралы мақал-мәтелдерді жатқа айту.
IV.Жаңа сабақ:
1.Жыр мазмұнымен танысу.
2.Жырдың хрестоматияда берілген толық нұсқасын пайдаланып, сюжеттік жоспарын
құру.
3.Оқулық,хрестоматия материалын пайдаланып, Қобыландының ерлік істерінің
тізбесін жасау.
4.Топтық жұмыс
1-топ: Жырдағы Қобыландының батырлығын айқындайтын сөздер мен сөз тіркестерін табу.Қазақ батырлары
пайдаланған қару – жарақ түрлерін атау.
2-топ: Қобыланды батыр туралы кластер құрып, баяндап беру.
V.Сабақты бекіту:
1.«Кейіпкерлер әлемі» кестесін құру.
Тоқтарбай,Аналық,Қобыланды,Қарлығаш,Құртқа,Естеміс,Қараман,Қызыл ер,
Қазан,Алшағыр, Көбікті,Тайбурыл
2. «Батыр» сөзімен
сөзжұмбақ құрастыру.
VI.Сабақты
қорытындылау:
1.Жыр кейіпкерлеріне салыстырмалы мінездеме беру:
Қобыланды |
Қараман |
Қандай? | |
|
|
2.Құртқа мен Қарлығаға салыстырмалы мінездеме беру.Венн диаграммасы арқылы көрсету.
VII.Оқушылар білімін бағалау
VIII.Рефлексия кезеңі:
Егер мен батыр болсам.....
IX.Үйге тапсырма:
1.Хрестоматиядан Тайбурылдың шабысы суреттелген үзіндіні мәнерлеп оқып, жаттап
алу.
2. «Қобыланды батыр» жырынан эпостық жырларға тән ерекшеліктерді теріп жазу.