15 маусым
«Отбасы өмір аясы» зияткерлік ойын күні
Мақсаты:«Отбасы өмір аясы» зияткерлік ойын арқылы, отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсу, отбасының адам өміріндегі маңызын түсіндіру арқылы отансүйгіштікке, сүйіспеншілікке, адалдыққа баулу арқыл балалардың әрекетін түрлендіру, оларға өздерінің қабілеттерін, қиялын және шығармашылық таланттарын дамыту; жұмыс істей білу, бір-бірімен нақтылау; балалар тәжірибесі, қолда бар дағдыларын бекіту.
Қорытынды: Бұл күні балаларға ұсынылды;
Тәрбиешілермен «Отбасы өмір аясы» атты әңгіме өткізілді, ойындар ұйымдастырылды. Әрбір бала өз отбасы турасында қалаған шеберлігі мен шығармашылығын таныта білді. Сондай-ақ, оқушылар өз қиялдарын шыңдау арқылы сурет салу сайысын өткізді;
Жаңа білім мен іскерліктерін игеру үшін бар күш жігерлерін жұмсады. Таза ауада қозғалмалы ойындар ойнады.